«Көкпекті орта мектебі» КММ
6 сынып оқушысы Серікжанқызы
Нұрайдың ғылыми жобасына
ПІКІР Омаргазин Ернат Алматұлының оқушы Серікжанқызы Нұраймен «Бұлақ көрсең, көзін аш» тақырыбында жүргізген ғылыми жұмысы үлкен нәтижеге жеткен. Оның көрінісі атап айтар болсақ, жұмыстың жүйелі және жоспарлы түрде ұқыпты және тиянақты түрде жүзеге асырылған. Оның дәлелі ретінде мазмұнын келтіруге болады.
Кіріспе бөлімде оқушы Көкпекті ауданындағы бұлақтарды мекендейтін өсімдік және жануарлар әлемінің алуантүрлілігін ашу мақсатында осы ғылыми жобаның мақсатын, жобаның өзектілігін, міндеттері мен практикалық маңызын қамтып өткен. Бұл жерде ғылыми жетекші Омаргазин Ернаттың дұрыс және нақты бағыт-бағдар берілгені айқындалады. Осының арқасында оқушы үлкен жетістікке жеткен.
Көкпекті ауылының жер көлемінде өте көптеген бұлақтар бар екенін, сол бұлақтардың қандай атпен аталатынын, олардың көздерін белгілеу, көзін тазалау, бұлақ маңайының жан-жағын таспен шегендеу жұмыстарын, судың ағу жолдарын өзенге дейінгі жерлерді тазалау жұмыстарын қалпына келтіру, бақылау жұмыстарына араласатындығы көрсетілген. Көкпекті ауылы көлемінде «Илин», «Бетбұлақ», «Орта бұлақ», «Ішкі бұлақ», «Бас көз», «Аяқкөз», «Шалғынбай бұлағы», «Тоғанды бұлақ» және «Талды бұлақ» сияқты 9 бұлақ көздері бар. Осы тақырып төңірегінде негізгі бөлімде жан-жақты таратып көрсеткен және тарихи маңыздылығын да келтіре білген..
Қорытынды бөлімде оқушы ата-бабаларымыз қалдырып кеткен ғажайып өркениет мұрасына аса үлкен қызығушылықпен мән беріп ұстазының бағытымен зерттеу жұмысын тиянақты жүргізіп оны жаңғыртуға үлес қосқысы келетінін жеткізген.
Менің пікірімше бұл жоба біздің тәуелсіздігіміз мен менталитетіміздің сақталуына үлкен қызмет атқарады деп сенемін.
«Көкпекті орта мектебі» КММ
Биология пәні мұғалімі: Тусупжанова Д.Т./______________/
03.10.2022ж.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» тақырыбында
жасалған Серікжанқызы Нұрайдың ғылыми жобасына
жетекшісі Омаргазин Ернат Алматұлының пікірі Туған ауылымыздың тарихы күнделікті жаңа ақпараттармен зерттеулер жасалуда, бұлақ көздері анықталып, оның картасы жасалды. Оқушыларға салт-дәстүрді қалыптастыру, рухани тәрбие беруде бұлақ көздерін үнемі тазалау мектеп оқушылары тартылған. Бұлақ көздері жойылатын болса, ауыл тіршілігі де өз құндылығын жоятыны сөзсіз. Ауыл көлеміндегі бұлақтар фаунасы мен флорасы да негізгі бөлігі екенін ұмытпау қажет. Сондықтан, алтын бесік ауылымызды түрлі тұрғыдан зерттеу аздық етпейді. Бұлақ көздерін зерттеу өсімдіктер мен жануарлар әлемінің түрлік әртүрлілігін сақтауда қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеуге арналған бұл тақырып өзекті деп ойлаймын.