Коммерциялық емес акционерлік қоғам


Симметриялық криптожүйелер үшін уақыт белгілерін қолданатын хаттама



бет23/27
Дата06.01.2022
өлшемі244,16 Kb.
#16830
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
15.1 Симметриялық криптожүйелер үшін уақыт белгілерін қолданатын хаттама

Сеансқа А мен В қатысушылардың әрқайсысының тек қана оларға және КТО-ға белгілі Kti (i = А,В) мастер-кілттері бар болады. Бұл мастер-кілттер КТО-да генерацияланып, жеке контакт кезінде әр объектіге беріледі. Мастер-кілт сеанстық кілтті желі бойынша тасымалдағанда оны шифрлеуге қолданылады Сеанстық KS  кілті КТО-да генерацияланып, А мен В сеансқа қатысушылармен байланыс каналы бойынша хабарларды жібергенде оларды қорғауға қолданылады. Кілттерді тарату қадамында фальсификацияланған қайта шақырулардан қорғалу үшін бұл хаттамада Т уақытты белгілеу қолданылады.

 А пайдаланушы кілттерді тарату қадамын бастау үшін, желі бойынша КТО-ға IDA  және IDB идентификаторларды жібереді:



                               (15.1)

IDA идентификаторы анық жіберіледі, сондықтан хабардың шифрленген бөлігінің шифрын ашу үшін кімнің мастер-кілті керек болатынын  КТО біледі. Ол үшін КТО-да идентификаторлар мен оларға сәйкес мастер-кілттердің кестелері бар. Қаскүнемнің IDA идентификаторды өзгертуге қолданған кез­ келген амалы шифрды ашудың дұрыс емес кілтін алуға келтіреді, сондықтан КТО қызметтері бұзушыны анықтайды.

Егер де хабар дұрыс болса, КТО менеджері KtВ мастер-кілтін тауып, сеанстық KS  кілтті есептейді. Содан кейін А пайдаланушыға жауап хабары жіберіледі: 

                                         (15.2)

Бұл хабардың шифрын тек қана А аша алады, себебі ол KtА кілтте шифрленген. Бұл хабар алдыңғы кілттерді тарату процедурасының қайталануы емес екеніне көзі жету үшін А пайдаланушы Т уақыт белгісін тексереді. (15.1) хабарда шынында да қажетті адресат көрсетілгенін IDB идентификатор дәлелдейді. А пайдаланушы өзінде сеанстық KS кілтін сақтап, В-ға оның мастер-кілтімен шифрленген хабардың бөлігін, сонымен бірге KS сеанстық кілтімен шифрленген кездейсоқ r1 санын жібереді



                                                 (15.3)

Бұл кезде тек қана В пайдаланушы (15.3) хабардың шифрын аша алады. В пайдаланушы Т уақыт белгісінKS сенастық кілтін, IDА идентификаторын қабылдайды. Егер де Т уақыт белгісі дұрыс болса, онда шақыратын объект ретінде тек қана А болатынына В сенеді. Уақыттың дұрыс белгісі, KtВ кілті мен шифрленген А сеансқа қатысушының уникалды идентификаторы В үшін А-ның ақиқаттығын дәлелдеуін қамтамасыздандырады. Содан кейін В сеанстық KS  кілтімен хабарадың шифрын ашып, кездейсоқ r1 мәнін алады. Ақиқаттықты өзара дәлелдеу үшін В қатысушысы А –ға KS  кілтімен шифрленген және құрамында кездейсоқ санның (f( r1) функциясы бар хабарды жібереді:

                                                                         (15.4)

Егер де (15.4) хабардың шифрын ашқаннан кейін А қатысушы дұрыс нәтижені алса, байланыс желісінің бөтен жағындағы объект шынында да В болатына сенеді.

Барлық қадамдар дұрыс орындалған болса, KS сеанстық кілтімен өтетін байланысты орнатуға осы өзара ақиқаттықты дәлелдеу жеткілікті. А қатысушысы В–мен байланыс орнатқысы келген сайын сеанстық кілтті алу үшін бұл хаттамада КТО-мен алмасу қажет болады. КТО-ғы қорғалған және бір де кілттің беделі түсірілмеген болса осы хаттама А мен В объектілерге сенімді байланысты қамтамасыздандырады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет