Коммуникация



Pdf көрінісі
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#129926


2-дәріс
Мәдениетаралық коммуникацияның 
негізгі теориялары
ТІЛ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ 
КОММУНИКАЦИЯ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ


Кітап:
Дәріс:
Тіл және мәдениетаралық коммуникация
2. Мәдениетаралық коммуникацияның негізгі теориялары
2
Дәрістің мақсаты:
«Тіл және мәдениетаралық коммуникация» пәнін оқытудың объек-
тивті негізін, қазіргі таңдағы өзектілігін айқындау; Мәдениетаралық коммуникацияның негізгі 
теорияларына түсінік беру, Жоғары және төмен контекстуалды мәдениет туралы білу.
Дәрістің басты терминдері:
этноцентрлік, мәдениетаралық коммуникация, жоғары кон-
текстуалды мәдениет, төмен контекстуалды мәдениет.
• Этноцентрлік – таным, мүдде, қызығушылық өзіне, өз ұлтына бағытталушылық;
• Мәдениетаралық коммуникация – өзге мәдениет өкілдерімен арада болатын қарым-
қатынас, араласу, контактіге түсу кезіндегі коммуникация;
• Жоғары контекстуалды мәдениет – белгілі бір жағдаят, мәселе, тақырып бойынша аялық 
білімнің жоғары болуына байланысты вербалды қарым-қатынас төмен болатын коммуникация;
• Төмен контекстуалды мәдениет – белгілі бір жағдаят, мәселе, тақырып бойынша аялық 
білімнің төмен немесе мүлде болмауына байланысты вербалды қарым-қатынас негізгі болатын 
коммуникация.
1. «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» пәнін оқытудың объективті 
негізі
Бұл мәдениеттер арасындағы айырмашылық, мәдениеттердің өз ішінде томаға-тұйық 
қалпы кезінде әбден жасалып, ғұмырлар бойы, ғасырлар бойы қалыптасқан, бойларына сіңісті 
болған сол елдің менталитетінің, мәдениетінің өзі болып кеткен, яғни сол халық үшін норма 
болып кеткен дүниелердің енді өзге көрші елдің менталитетімен, көрші елдің мәдениетімен 
қарым-қатынасқа түскен кездегі ашылатын сипаттары мәдениетаралық коммуникацияның 
объективті негізі болып табылады. Әр ұлттың өзіне тән осындай ерекшеліктерін қашан да оны 
меңгеруге, оны түсінуге, оны пән ретінде алып зерттеуге болады. Ұлттар арасында қалай қарым-
қатынас жасауға болады дегенді, сөйтіп, болжауға, үйренуге болады. Ал шет тілі мамандары 
мен елшілікке оқып жатқандар бұл пәнсіз тіптен ұзай алмайды. Сондықтан мәдениетаралық 
коммуникация пәнінің жаппай қазақ және орыс топтарына енгізіле бастауы тақырыптың 
өзектілігін көрсетеді.
2. Бұл пән немесе ғылыми зерттеу бағыты қалай пайда болды?
Бұл пән ең алғаш, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемге өте қатты әсер еткен 
Америка Құрама Штаттарында пайда болды. Америка Құрама Штаты, әсіресе дамушы елдерге 
деген өзінің үстемдігін немесе өзінің ықпалын жүргізу үшін өзге елдердің ішкі және сыртқы 
саясаттарына араласа отырып, қарым-қатынас жасай бастады. Сол кезде Американың басқа 
елдерде жұмыс жасайтын тұлғалары әсіресе саясаткерлер, бизнесмендер бұл пәнге немесе 
осындай бағыттағы зерттеулерге зәру болды. 1946 жылы шетелде қызмет ету институты 
ашылды. Оның басында антрополог Эдуард Холл тұрды. Эдуард Холл өзінің қарамағына 
әртүрлі маман иелерін жинады. Олар антропологтар болды, әлеуметтанушылар, психологтар, 
лингвисттер және басқалалары. Эдуард Холлдың Р. Трагермен бірігіп жазған «Мәдениет – 
бұл коммуникация» деген кітабынан басталады. Э. Холл «The Silent Language» («Мылқау тіл»,
1959 г.) деген еңбегі – осы пәннің бастауы.
Қазақстанда мәдениетаралық коммуникация қашан қолға алынды?
Өзге жұрттың тілі мен мәдениетін адам алдымен өз ұлтының ойлау жүйесі мен мәдениеті 
арқылы қабылдайды, яғни өзінің ойлау призмасынан өткізіп барып өзгені көреді. Сонда 
ғана мен жаттың жаттығын, өзімнен ерекшелігін байқай алам. Біз қашан да этноцентрлік 


3
3
Кітап:
Дәріс:
Тіл және мәдениетаралық коммуникация
2. Мәдениетаралық коммуникацияның негізгі теориялары
бағытта жұмыс істейміз. Өзім және өз ортам арқылы. Өз ұлтыңның өкілімен қарым-қатынас 
жасасақ та, өзге ұлтпен қарым-қатынас жасасақ та. Бұл бейсаналық процесс. Әдейі, мақсатты 
түрде осылай жасайын демей-ақ, өзінен-өзі автоматты түрде санадан тыс жасалып жатады. 
Сондықтан мәдениетаралық коммуникация өте тиімді болу үшін осы бейсаналық процесті 
тоқтата тұрып, оған саналы көзқараспен қарау үшін мәдениетаралық коммуникацияның кейбір 
теорияларымен таныс болуымыз керек. Сол теорияларды негізге ала отырып оқытсақ, әрі 
қарай практикалық дағдыларды меңгертсек, біз өзге ұлтпен сауатты қарым-қатынас орната 
аламыз.
Мәдениетаралық коммуникацияның негізгі теориялары
Мәдениетаралық коммуникациялар теориясының ішіндегі ең танымалы Эдуард Холлдың 
«Жоғары және төмен контекстуалды мәдениет теориясы». Эдуард Холл 1946–1950 жылдардың 
арасында мынадай маңызды мәселені айтты. Мәдениетпен бірге немесе тілмен бірге оның 
айналасы, оның контексті өте маңызды рөл атқарады. Контекст бұл жерде мәдени оқиғаның 
құндағы, коммуникацияға, түсінуге көмектесетін ақпараттар легі. Осыны контекст деп алады. 
Сонда осы контекст қаншалықты көмектеседі осыған орай әлемдегі коммуникациялар типтік 
жағынан айырылады екен.
Эдуард Холлдың зерттеуі бойынша, коммуникация процесінің басты сипаты мен нәтижесі 
– қатысушылардың қаншалықты ақпараттанғанына, қаншалықты ол хабармен таныстығына 
байланысты анықталады деді. Мысалы, егер де қатысушылардың арасындағы қарым-қатынас 
жоғары болатын болса, яғни олар барлық мәселені, жағдайды біліп, көріп, мәселені басынан 
бастап меңгеріп отыратын болса, олардың арасында коммуникация немесе мәдениет жоғары 
контекстуалды болуы мүмкін. Осыған байланысты барлық мәдениеттерді контекстке өте 
тәуелді немесе контекстке тәуелділігі төмен деп бөлуге болады деді. Ал төмен контекстуалды 
елдің мәдениетінде ситуация, сөздің формасынан, кімнің айтып тұрғанынан гөрі не айтып 
тұрғанына, яғни сөздің өзіне қатты көңіл бөледі. Мұндай мәдениетте контекстен гөрі сөз 
маңыздырақ. Контекст елеусіздеу көрінеді. Міне, осымен байланысты Э. Холлдың мәдениет 
атаулыны жоғары контекстуалды мәдениет, төмен контекстуалды мәдениет деп екіге бөлді.
Жоғары контекстуалды мәдениетте сөз қысқа болады. Түсінісуге бір ғана сөз, ишара, ым 
жеткілікті болады. Төмен контекстуалды мәдениетте сөз едәуір орын алады. Оның есесіне 
вербалды емес амал-тәсілдер аз қолданылады, контекстуалды көрсеткіштер көп қолданылады. 
Жоғары контекстуалды мәдениетке қытай, жапон, корей елдері жатады. Сөз астарын түсіну 
үшін едәуір білім керек. Сөз мазмұнын адресаттың әлеуметтік мәртебесін білмейінше жете 
аңғару мүмкін болмайды. Сөйлеушінің әлеуметтік мәртебесін арнайы көрсететін суффикс, 
перефиттер болады. Мұндай тілдік модель иерархиялық контексті білдіреді. Тілдік модельдің 
бұл түрі көптеген Еуропа елдерінде жоқ. Мұның өзі коммуникацияда түсініспеушілікті туғызады. 
Ғалымның пікірі бойынша жоғары контекстуалды мәдениетке жататын елдер Франция, 
Испания, Италия, таяу Шығыс елдері, Жапония және Ресей депті. Бірақ біз өз тарапымыздан 
түркі халықтарының барлығында жоғары контекстуалды мәдениетті елдерге жатқызамыз.
Өз бетінше орындайтын тапсырмалар
1. Оқыған оқу орныңызда мәдениеттер арасындағы өзгешеліктерге басты және жанама 
назар аудартатын қандай пәндер жүргенін есіңізге түсіріңіз.
2. Орыс ұлты мен қазақ ұлтының сөз саптауындағы айырмашылықты санамалап жазып 
көріңіз. Не байқадыңыз?
3. Орыс ұлтының мәдениетін төмен немесе жоғары контекстуалды мәдениетке жатқызуға 
себептер табыңыз.


Кітап:
Дәріс:
Тіл және мәдениетаралық коммуникация
2. Мәдениетаралық коммуникацияның негізгі теориялары
4
Бақылау сұрақтары
1. «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» пәнін әлемдік ЖОО-да оқытудың объективті 
негізі неде?
2. Пәнді арнайы оқытудың Қазақстандағы өзектілігі қандай?
3. Мәдениетаралық коммуникацияның негізгі теорияларын атаңыз.
4. Жоғары және төмен контекстуалды мәдениеттер дегеніміз қандай мәдениеттер және қай 
елдерді осы мәдениетке жатқыза аласыз?
Дәріс тақырыбы бойынша қосымша ресурстар
1. Тер-Минасова С.Г., Язык и межкультурная коммуникация. Москва, «Издательство Мос-
ковского Университета», 2004 г.
2. Ахметжанова З., Мусатаева М., Актуальные проблемы лингвокогнитологии и лингво-
культурологии. А., 2013. – 232 с.
3. Мәдениетаралық коммуникация теориясы мен практикасы құраст. Р. А. Омарова,
Г. З. Жанзакова. – Павлодар/Кереку, 2009. – 119 б.
4. http://youreng.narod.ru/mkk.html.
5. https://www.youtube.com/watch?v=2O4dyHtZp_M.
6. https://studme.org/90288/kulturologiya/ponyatie_mezhkulturnoy_kommunikatsii.
7. http://www.grandars.ru/college/sociologiya/teorii-mezhkulturnoy-kommunikacii.html.
8. Ахметжанова З.К., Лингвокультурология: теория и практика. Алматы: Елтаным, 2017.
9. Белик А.А., Антропологические теории культур. М.: Росс. гос. гум. университет, 2000. – 58 с.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет