Мәдениетаралық коммуникация психологиясы



Дата14.05.2023
өлшемі14,74 Kb.
#92939
Байланысты:
М дениетаралы коммуникация психологиясы



Мәдениетаралық коммуникация психологиясы
Мәдениетаралық коммуникация - қарым-қатынас теориясы мен тәжірибесінің ерекше көкейкестілігін айқындайтын жаңа пән. Мәдениетаралық коммуникация проблема- ларына қазір бүкіл әлемнің ынтасы ерекше ауып отыр. Оның жақсылы-жаманды себептері көп.
Әлемнің бұған ерекше ықылас танытуының жақсы жақтары әрине, жетерлік:
Ғылыми-техникалық прогресс, интернеттің қиял-ғажайыбы, әлемнің кез келген түк- пірінен мобильді телефон, компьютер, теле және радиобайланыс арқылы «көзді ашып- жүмғанша жылдам хабар алдырған» коммуникацияның алғырлығы.
Бұл - XXI ғасырдың кереметі. Ұлтаралық, мәдениетаралық, түлғааралық байланыс миллиондаған адамға ешқандай кедергісіз жол ашты. Бірақ ғылымның ұлы жетістіктері- нің игілігін көруге тілдер мен мәдениеттер арасындағы түсінбеушіліктің алынбас қамалы бөгет болуда. Соның салдарынан араздықтар өршіп, шиеленістер жиі туындауда.
Осы түсініспеушіліктен мәдениетаралық коммуникацияға деген шектен тыс қызығушылықтың кері ықпалын да пайымдаймыз:
Адамзаттың жаңа тарихындағы геосаяси катаклизмдер әлем халқының миллиондап босқынга айналуына, жер аударылуына, көшіп-қонның күшеюіне ықпал етті. Тілдік жэне мәдени проблемалар адамдар қауымының татулығына сызат түсіріп, этникалық жанжалдар өршіп, оның соңы қан төгістің, соғыстың басталуына әкеп соғуда.
Бұның салдары барлық ксенофобия мен агрессияның, адамзаттың болашағына қауіп төндіретін, адам айтса нанғысыз әлемдік толқуларға бастайтынын естен шығармау керек.
Осы жағдайда білімнің жаңа әрі жас саласы - мәдениетаралық коммуникацияның дамуы - ғылымның бірінші кезектегі міндетін айқындап алға шығарды. Бүл асыра бағалаушылық емес. Біз ғылым мен техниканың заманауи ғажайыптарына, сондай-ақ адам факторларының да дамып, жоғары маңызға ие болғанына куә болып отырмыз. Адамзаттың өмір сүру салтын, дағдыларын, салт-дәстүрін, дүниетанымы мен менталитетін, қундылықтар жүйесін, басқаша айтқанда, біздің заманымызда антропологиялық немесе этнографиялық мағынада мәдениет деп атауға үйренген жұрттың бәріне түсінікті термин адамның ішкі-сыртқы әлемін толығымен таныта алмайды. Буған жұрттың бәріне түсінікті және үйреншікті жан дүние, жылы жүрек ұғымдарын қосыңыз, «жүрекке әмір жүрмейді» дегендей, адамның техникалық тұрғыдан қол жеткізген жетістігіне, айналып келгенде адамның өзі кедергі келтіруде.
ІІІындығында, осындай «үсақ-түйек нәрсе» адамзат баласының қол жеткізген ғылыми-техникалық жетістігіне нүқсан келтіреді деп кім ойлаған. Ғылыми-техникалық прогрестің басты мақсаты - адамзат баласын жарқын болашаққа жетелеу. Бірақ ғылым мен техниканың жолында оған, керісінше, рөл атқаратын тілдік және мәдени кедергілер ылғи тосқауыл болуда.
Мінеки, сондықтан да қарым-қатынас үдерісінде, ең алдымен, әртүрлі мәдениетті, әртүрлі тілді адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ету мақсаты еріксіз туындайды.

Мәдентетаралық коммуникация қоғамдық феномен ретінде 20 – ғасырдан бастап „экзотикалық“ аталатын мәдениеттер мен тілдерге қатысты ғылыми орта мен қоғамдық санада қалыптасқан мүддемен идиологиялық жағынан бекіген соғыстан кейінгі әлемнің практикалық сұраныстарынан туған. Практикалық сұраныстар көптеген елдер мен аймақтардың қарқынды экономикалық дамуының, технологиядағы революциялық өзгерістердің, осыған байланысты экономикалық қызметін жаһандануының салдарынан шыққан. Нәтижесінде әлем елеулі „тарыла бастады“ әр түрлі мәдениет өкілдерінің арасындағы ұзақ байланыстың тығыздығы мен қарқындылығы мейлінше өсіп, одан әрі ұлғаюда. Экономиканың өзімен қоса білім, туризм, ғылым, кәсіби және әлеуметтік мәдениет арқылы коммуникацияның аса маңызды аймақтарына айналды.
Бұл практикалық сұраныстар қоғамдық санадағы өзгерістермен, бірінші кезекте гуманитарлық және қоғамдық ғылымдарда евроцентристік жолдан постмодернистік бас тартумен қолдау тапты. Әлем мәдениетінің саналуандылығының шексіз құндылығын мойындау, отарлаушылық мәдени саясаттан бас тарту, дәстүрлі мәдениеттер мен тілдердің басым көпшілігінің омырылуға бейімділігі мен жойылып кету қаупін сезіну тиісті пәндердің жер шары халықтарының бір – біріне қызығушылығының адамзат тарихындағы жаңа феноменіне сүйене отырып, буырқана дамуына әкелді.
Мәдениетаралық коммуникация зерттеулерінде психологиялық, социологиялық және лингвистикалық бағыттарды бөліп қарауға болады. Бұлай бөлу зерттеу объектісіне, сондай-ақ қолданылған әдістемеліктерге қатысты.
Мәдениетаралық коммуникация саласында жұмыс істейтін социологтар осы ғылым үшін дәстүрлі әлдеқандай жолмен іріктеліп алынған респондеттер топтарында сауалнама жүргізу әдісін қолданады. Сауалнамалары адамдардың мінез құлқында қалыптасқан құнды ұстанымдар мен дағдыларды анықтауға бағытталған. Негізінен жұмыс орнындағы, іскерлік қатынастағы және бизнестегі мінез-құлық қарастырылады. Бұл социологиялық зерттеулердің іс жүзінде, бірінші кезекте қазіргі транснационалдық корпорацияларда қолданылады. Социологтардың белгілі бір мәдениет топтарына тән және олардың қадір тұтатын мінездері туралы мәліметтердің жиынтығының негізінде тиісті практикалық ұсыныстар жасалынып, арнайы мәдениетаралық тренингтер түрінде өткеріледі. Сауалнама жүргізудің келесі объективті аймақтары: ақпарат алмасу, әріптестермен қарым-қатынас, шешімдер қабылдау, шиеленісті жағдайлардағы мінез-құлық, басшыға көзқарас, жұмыс пен жеке өмірдің байланысы, инновацияға көзқарас. Зерттелген мәдени шартты мінез-құлық стереотиптерінің көп бөлігінің Хофстеде енгізген мәдениет параметрлеріне көтерілуінің мүмкін екендігі белгілі. Сондықтан мұндай жұмыстар көбінесе сол параметрлердің кейбір нақты ортада қалай болатынын тексеру сипатында жүргізіледі: сол уақыт кезеңіне, зерттелуші топтың, көбіне бірге жұмыс істейтін екі немесе одан көп мәдени топтың жасына қатысты өзгерістер зерттеледі. Ауқымды социологиялық проблемалар мигранттардың әлеуметтік бейімделуімен, шағын ұлттардың дәстүрлі мәдениетін сақтауымен немесе жоғалтуымен және тағы сол сияқтылармен байланысты.
Мәдениетаралық коммуникация саласында психологтарды, бірінші кезекте, мәдениет айырмашылықтарының интерпретация мен категоризация үрдістеріне ықпалы, тиісті мінез- құлық стереотиптерінің табиғаты қызықтырады. 1970-жылдардан бастап үрей, белгісіздік, категориялардың ықтималды көлемі, топаралық категоризациялау ерекшеліктерінің және тағы басқаларының маңызды ұғымдары әлеуметтік психология әдісімен зерттелді.
Әңгіме коммуникация, әсіресе мәдениетаралық коммуникация жайлы болғанда әлеуметтік психология саласында жүргізілген социологиялық және психологиялық зерттеулердің ара жігін ажырату қиын. Екеуі де коммуникация үрдісіне туындаған немесе сол арқылы берілетін күрделі категориялар – құндылықтармен, пайымдармен, ұстанымдармен, стереотиптермен және ырымдармен байланысып жатыр. Екеуінің де міндеті – қадаланатын феноменді (мүмкін басқалармен байланыстырып) белгілеу және мәдениетаралық қатынаста емес, топ ішіндегі жағдайларда ұқсас реакциялар мен ұстанымдардан айырықшылығын көрсету.


Оның қалай өтетінін бірінші кезекте лингвистерді ғана қызықтырады. Тілдік қатынаста мәдениетаралық өзара іс-әрекет бар екенін не білдіреді? Әртүрлі мәдениет өкілдері алмасатын хабарларды сипаттайтын не? Ол қандай коммуникативтік контекстерде байқалады? Түсінбеушілік, жете түсінбеушілік қалай болады, тілдік ерекшеліктер мен мехенизмдердің қайсысы түсінбеушіліктің орнын толтыруға мүмкіндік береді немесе бермейді? Жасалынған лингвистиқалық тақырыптардың ішінде түрлі коммуникативтік стильдерді өз тобының ішінде және тыс қолданылуында зерделеу психологияға тақау тұр. Аккомодацияның психологиялық ұғымы сөйлеу екпіні, тиісті лексиканы (шетелдікпен сөйлесекенде, баламен т.с.с. әңгімелескенде) таңдау, қарапайымдандырылған немесе күрделендірілген грамматикалық құрылым сияқты коммуникация параметрлеріне қолданылады. Аккомодацияның позитивті (әңгімелесіп тұрған адамның ыңғайына бейімделу) немесе негативті (әңгімелесушіден өзгеше стильді ұстану) болуы мүмкін. Түрлі топ өкілдері араласқанда (мәдени компоненттің үлесі туралы айтар болсақ) аккомодацияның бағыты бір топтың басқасына көзқарасына қатысты болады. Қатынастар құрылымына „жақсы-жаман“, „төмен-жоғары“, „жақын-алыс“ межелері енеді. Сөздің өзінің және сөздің болмауы ретінде үндемеу функциялары сияқты қарама қарсылықтар ерекше қарастырылады. Мәселен, европа мәдениеттерінде, шала таныс немесе тіпті бейтаныс адамдармен араласқан жағдайда үндемеу әдепсіздік болып саналады. Үнсіздік жайлап алмас үшін әртүрлі, мысалы, ауа райы жайлы әңгіме қозғайтыны сондықтан. Мысалы, поездің купесінде жолаушылардың сөйлесіп отыратыны сол себепті. Солтүстік Американың үндістерінің атапаск мәдениетінде шалатаныс адамдармен әңгімелесу құпталмайды, қауіпті саналады. Әбден біліп алғанынша бейтаныспен тіл қатыспайды. Европа мәдениетінде қалыптасқандағыдай онда әңгіме жақынырақ танысудың амалы емес.
Мәдениетаралық коммуникация - күллі ғылымдар терминдерін пайдаланатын пәнаралық ғылым. Шынында да, философ, тілші, мәдениеттанушы, психолог, әлеуметтанушы, тарихшы, географ, биолог, геолог, химик, физик және т.б., бір сөзбен айтқанда, гуманитарлық, жаратылыстану ғылымының барлық өкілі адам әлемін, оның материалдық, рухани өмірін, қызметін және мәдениетін жан-жақты терең зерделеп білуі үшін бір арнаға тоғысады.
Сонымен, кім адамды зерттесе, кім адамдық қарым-қатынас байлығын молынан пайдаланғысы келсе, кім адамдарды мәдениетаралық, этносаралық шиеленістерден құтқарғысы келсе, солардың барлығы да тіл тылсымына бойлайтын ғылымның жас, бірақ өте қажетті, көкейкесті саласы - мәдениетаралық коммуникация пәнімен танысқаны абзал.
Пайдаланылған әдебиеттер


1. https://bilimainasy.kz/28-04-08/
2. Маслова В. А. Лингвокультурология.- М.: Изд. центр "Академия", 2010.
3. Ерасов Б. С. Социальная культурология. - М.: Аспект Пресс, 2012.
4. https://tou.edu.kz/arm/upload/umk_pdf/172473.pdf



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет