Компьютер (ағылш computer — «есептегіш»), эем (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығаруға арналған машина
Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығаруға арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару.
Компьютер және оның түрлері
1. Үстел үстілік компьютерлер. Біз бұл компьютерді жұмыста, университетте, үйде және т.б жерлерде қолданамыз. Олар кішкентай, орташа, үлкен бола алады және әдетте үстел үстінде тұрады. Ол монитор, пернетақта, тінтуір және жүйелік блоктан тұрады.
1. Үстел үстілік компьютерлер. Біз бұл компьютерді жұмыста, университетте, үйде және т.б жерлерде қолданамыз. Олар кішкентай, орташа, үлкен бола алады және әдетте үстел үстінде тұрады. Ол монитор, пернетақта, тінтуір және жүйелік блоктан тұрады.
2. Портативті компьютерлер – бұл ноутбуктер. Бұлардың артықшылығы – батареямен жұмыс істейтіндігінде және жинақы болғандығында, сондықтан оны кез келген жерде пайдалануға болады. Ноутбук үстел үстілік компьютерлерден кішкентай болғандықтан, ішкі компоненттеріне қолжетімділік киынға соғады. Бұл дегеніміз – сіз оған ҮҮК-дегі сияқты жаңа бөлшектер қосып немесе оңай жаңарта алмайсыз.
3. Планшеттік компьютерлер немесе жай ғана «планшет». Олар ноутбуктен де жинақы әрі оңтайлы. Пернетақта мен табчадтың орнына мәтінді теру үшін сенсорлық экран қолданылады. IPad-планшеттік компьютерге мысал бола алады. Планшет ҮҮК мен ноутбуктің орнын толық баса алмайды, себебі бағдарламаларды ашуға немесе құжаттармен жұмыс істеуге ноутбук пен ҮҮК ыңғайлы. Бірақ егер сіз ғана ойын ойнап, әлеуметтің желілерде отырып, видео көріп, музыка тыңдауды ойласаңыз, онда планшет компьютерді толық баса алады.
4. Дербес компьютерлер және MAC. Екеуі де толықтай функционалды, бірақ сырт келбеті әр түрлі.
Компьютердің түрлері мен типтері Компьютердің құрылысы Пернетақта – компютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты еңгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез-келген ақпаратты еңгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында жүз бір немесе жүз бес перне, ал оң жақ жоғары бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын үш жарық индикаторлары бар.
Тінтуір – графикалық басқару құрылысы. Тінтуірді кілемшенің үстімен жылжытқанда экрандағы тышқанның нұсқағышы да бірге қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тінтуірдің екі батырмасының бірін басып отырып объектілермен көп деген операцияларды орындауға болады. Батырманың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті немесе веб-парақты жоғары немесе төмен жылжытуға болады. 1968 жылы Энгельбарт компьютер тышқанының ең алғашқы үлгісін ойлап тапты.
Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынща дисплей түрлі-түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны телевизиялық техникадағы монитордеп те атайды.
Жүйелі блок – дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Оның ішінде жүйелік тақша, процессор, оперативті жат, қатқыл диск, видеокарта секілді көп деген маңызды құрылғылар орналасқан. Жүйелі блоктың алдыңғы панелінде қосу және қайта жүктеу батырмасы компактдиск пен дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары бар. Оның артқы жағында негігі және қосымша құрылғыларды қосатын порттар мен кірістік құрылғылар бар.
Қазіргі заман адам баласының ой – өрісінің ерекше дамып, өркендеп жетілген заманы болып отыр. Үйімізде компьютер болса, ол ғаламторға қосулы болса, бүгінде кез-келген жердегі таныстарымызбен хабарласа аламыз. Өзімізге керекті мәліметті ғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегімізге жаратамыз.
Қазіргі заман адам баласының ой – өрісінің ерекше дамып, өркендеп жетілген заманы болып отыр. Үйімізде компьютер болса, ол ғаламторға қосулы болса, бүгінде кез-келген жердегі таныстарымызбен хабарласа аламыз. Өзімізге керекті мәліметті ғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегімізге жаратамыз.
Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады. Есеп-қисап жасау, құжаттарды қағазға басып шығару, мәліметтерді өңдеу істеріне пайдалатын болсақ, бір сағаттың ішінде бірталай жұмысты аяқтауға болады. Мәселен, арнайы машинкаларда мәтін басатын шебер адам минутына 60-80 сөз, 6-8 жол басса, бір компьютер 200 адамды алмастырады екен. «Компьютер – уақыт талабы» демекші, осы арқылы уақытымызды тиімді пайдаламыз.
Ал компьютердің зиянына келсек, алдымен ол көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілеті нашарлайды, әсерін тигізеді, яғни «миопия»-ға ұшырайды. Компьютер алдында ұзақ отырса, адамның қан қысымы көтеріледі. Құлақтыңң есту қабілетін төмендетеді, ұйқы бұзылады, сонымен қатар, омыртқаға көп күш түсетіндіктен, сколиоз ауруына шалдығуы ғажап емес. Электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп, қолдың буындарына зақым келтіреді. Компьютерде және оның маңында шаң көптеп жиналады, бұл оның аумағын ластайды. Лас болған жерде түрлі микорбтар, бактериялар болады. Осынаң бәрі аллергиядан бастап көптеген ауруларды тудыруы мүмкін. Мұның бәрің біле тұра, біз компьютерді пайдаланмыз. Ол қазіргі таңда керекті нәрселердің бірі. Ол болмаса, жұмысымыздың көбі орындалмай қалады, алайда денсаулық одан да маңызды.
Осыларды ескере келе, компьютер алдына отырмас бұрын, мына кеңестерге көз жүгіртсеңіз:
1. Монитор көзден 50-70 см қашықтықта тұруы керек.
2. Экранның жоғарғы бөлігі көздің тұсынан төмендеу тұрғаны жөн.