Компьютерлік желілер



бет1/7
Дата29.09.2023
өлшемі157,5 Kb.
#111264
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7



Сыныбы: 7
Тақырыбы: Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі


  1. Сабақтың мақсаты:

    1. Оқушылады «Электрондық хабар», «Компьютерлік желі» ұғымдарымен таныстыру, жергілікті желі туралы түсінік беру;

    2. Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;
    Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту

Сабақтың түрі: дәстүрлі
Оқыту құралдары: оқулық, интерактивті тақта, слайд
Жоспар:
1. Компьютерлік желілер туралы негізгі мәліметтер;
2. Компьютерлік желілердің жіктелуі;
3. Желінің негізгі программалық және аппараттық компоненттері;
4. Компьютерлердің өзара қатынасу деңгейлері мен желінің мәлімет алмасу хаттамалары (протоколдары)
Компьютерлік желі дегеніміз - бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып, құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер қорымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:

  • желімен қатынас құруды ұйымдастыру;

  • олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;

  • желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.

Компьютерлерді желіге біріктірудің негізгі мақсаты:
Әрбір тұтынушыға желідегі барлық компьютерлердің меншікті құрылғыларын пайдалануға потенциалдық мүмкіндік беру.Сол себепті барлық құрылғылардың электрлік және механикалық параметрлері бір-біріне сәйкес келуі керек, оның үстіне информациялық жабдықтама-лардың да (программалар мен мәліметтер) кодталу жүйесі мен бейнелену форматтары бір-біріне ұқсас, әрі үйлесімді болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет