Комплекс түзу реакциялары Комплексті қосылыстардың негізгі сипаттамалары



бет1/2
Дата07.05.2023
өлшемі125,8 Kb.
#90871
  1   2

Комплекс түзу реакциялары


Комплексті қосылыстардың негізгі сипаттамалары
Комплекстік қосылыстар орталық ионнан (атом) М және онымен байланысқан лигандтардан L тұрады. Орталық ионды комплекстүзгіш деп атайды. Комплекстүзгішпен байланысқан лигандтар зарядталған не бейтарап бейорганикалық, не органикалық бөлшектер болуы мүмкін. Комплекстүзгіш лигандтармен бірге қосылыстың ішкі координациялық сферасын (өрісін) құрайды.
Егер комплекстік қосылыс зарядталған ион түрінде жүрсе, оның сыртқы координациялық сферасы пайда болады. Бұл электростатикалық күшпен байланысқан теріс не оң зарядталған иондар. Мысалы:
K4 [Fe(CN)6]↔ 4K++[Fe(CN6)]4-

[Ag(NH3)2]Cl ↔ [Ag(NH3)2]+ +Cl-


[Fe(CN6)]4-, [Ag(NH3)2]+ -ішкі координациялық сфера, яғни комплекстік иондар. K+, Cl- – сыртқы координациялық сфера. Әдетте комплекстүзгіш ролін электрондары d-орбитальда орналасқан металл иондары атқарады: Ti, Cr, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Mo, W, Pd, Pt, Ag т.б.


Лигандтардың координациялық байланыс түзу қабілеттілігі дентаттықпен сипатталады. Кейбір лигандтар комплекстүзгіштің бірден артық атомдармен байланысып координациялық сферада бірден артық орын алады. Мұндай лигандтар полидентатты деп аталады. Моноденттатты лигандтар координациялық орталықпен тек бір атоммен (ионмен) байланысып координациялық сферада тек бір орын алады.
Моноденттатты лигандтар: Cl-, NH3, H2O2, CN- т.б.
Полиденттатты лигандтар: C2O42-, PO43-, орагникалық лигандтар, мысалы:


НООСН2С СН2СООН
N – CH2 – CH2 – N
НООСН2С СН2СООН

Комплесктүзгіш координациялық санмен сипатталады. Координациялық сан – комплекстүзгіш пен лигандтардың арасындағы байланыс саны. Егер лиганд монодентатты болса оның комплекстегі саны координациялық санға сәйкес келеді. Мысалы: K3 [Fe(CN)6] комплексінде CN- – монодентатты лиганд, комплекстүзгіш Fe3+ ионының координациялық саны алтыға тең; [Ag(NH3)2]Cl комплексінде NH3 -монодентатты, Ag+-тің координациялық саны екіге тең; [Fe(PO4)2]Cl3 комплексінде PO43- -үшдентатты, Fe3+ -тің координациялық саны алты.


Нақтылы жағдайда бір лиганд әртүрлі дентаттық қасиет көрсетуі мүмкін. Мысалы, алтыдентатты лиганд этилендиаминтетрасіркеқышқылы екі зарядталған катионмен төрт байланыс, ал үш зарядталған катиондармен бес байланыс түзіп байланысады:




CH2COO- 2-




Полидентатты лигандтармен түзілген комплекстерді хелатты, ішкі комплексті қосылыстар дейді. Комплекстүзгіш­тердің негізгі координациялық саны 4 пен 6, сирек -2 мен 8, одан да сирек -5 пен 7 болады.
Комплекстүзгіштің санына қарай комплекстік қосылыстар моноядролы – бір комплекстүзгіш [Fe(CN)6]4-, және полиядролы – екі, не одан да көп комплекстүзгіш [АІ2Сl6] болып бөлінеді. Полиядролы комплекстерге полиқышқылдар мен полисульфид­тер жатады.
Комплекстүзу процесі ертіндідегі лигандтың концентра­ция­сына байланысты сатылай жүреді, сондықтан құрамы әр түрлі бірнеше комплекстік қосылыс түзілуі мүмкін. Мысалы, мыс (П) пен аммиак әрекеттескенде тізбектеп бір-, екі-, үш- және төрт аммиакты мыс пайда болады: [Сu(NH3)]2+, [Сu(NH3)2]2+, [Сu(NH3)3]2+, [Сu(NH3)4]2+.
Комплекстік қосылыстардың бірқатар бағалы қасиеттері бар:

  1. Комплекстің құрамына кіретін комплекстүзгіш пен лигандтар ертіндіде бос түрінде жүрмейді. Ішкі координациялық сфераға кірген қарапайым бөлшектердің қасиеті өзгереді.

  2. Комплекстік қосылыстардың көпшілігінің өзіне тән бояуы болады.

  3. Көптеген комплекс түзу реакциясы толық, аяғына дейін жүреді.

  4. Комплекс түзу реакциялары таңдамалы жүреді .






    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет