Конкурс жариялайды: Тұрақты жұмыс қамту түрімен Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары



Дата15.04.2023
өлшемі16,41 Kb.
#83139
түріКонкурс

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің«№25 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегі бос лауазымына конкурс жариялайды:


Тұрақты жұмыс қамту түрімен Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
Тұрақты жұмыс қамту түрімен бастауыш сынып мұғалімі: оқыту тілі – орыс тілі, 1 бос орын;
Тұрақты жұмыс қамту түрімен математика пәні мұғалімі: оқыту тілі – орыс тілі, 1 бос орын, 24 сағат;
Информатика пәні мұғалімі: оқыту тілі – орыс тілі, (уақытша дектеттік орынға) 1 бос орын, 24 сағат;
Биология-химия пәні мұғалімі: оқыту тілі – орыс тілі, (уақытша дектеттік орынға, химия пәні бойынша 8 сағат, биология пәні бойынша 14 сағат) 1 бос орын;
Білім беруді ұйымдастыру әлеуметтік педагог (уақытша декреттік орынға);
Физика пәні мұғалімі: оқыту тілі - қазақ тілі, (уақытша декреттік орынға);1 бос орын.
Тұрақты жұмыс қамту түрімен хореография мұғалімі.
Тұрақты жұмыс қамту түрімен педагог-психолог.
Тұрақты жұмыс қамту түрімен логопед.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:

Қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды қағаз түрінде немесе электронды түрде (mail@25-bilim-ns.edu.kz) почтаға жолдайды:


1) Нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш 57 бұйрықта 10 шы қосымшада көрсетілген.
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұданәрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болғанжағдайда).
10) Нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат өзінің кәсіби жетістіктерін, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады.

Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қаласы, Алтынсарин көшесі 9.
Индекс:010000
Электрондық почта: mail@25-bilim-ns.edu.kz
Телефон: 8(7172) 50-66-47
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі. 2022 жылдың 20 қазан қабылдау күнінің соңғы күні.
КОНКУРС 21.10.2022 жыл күні 15.00 де өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет