Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№27жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының бос орнына конкурс жариялайды
Конкурс жарияланған лауазым атауы:Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Конкурсты өткізу орны мен мерзімі: 071410, ШҚО, Семей қаласы, Әуезов даңғылы , 17
Байланыс телефоны: 8 (7222) 32-77-71 Электрондық мекен-жайы :semey_sosh27@mail.ru Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: ШҚО білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Enbek.kz сайтында, Шығыс Қазақстан облысы «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің білім басқармасы сайттарында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: -жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.
-мемлекеттік тілді білуі тиіс.
-компьютерде жұмыс жасай білуі және құжаттарды даярлау бойынша бағдарламалық қамтамасыздық;
Лауазымдық міндеттері: Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары келесі лауазымдық міндеттерді орындайды: Лауазымдық міндеттері: Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, оқушыларды тәрбиелеу бағдарламаларын жасауды, оларды іске асыру бойынша жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді. Тәрбиелеу процесінің проблемаларына, тәрбие жұмысының нәтижелеріне, тәрбие жұмыстары саласындағы жағдайлар мен перспективалық мүмкіндіктерге талдау жасайды. Тәрбие жұмысының ағымдағы және перспективалық жоспарлауын ұйымдастырады. Аға-жетекшілер, ұзартылған күн тобының тәрбиешілері (ҰКТ), сынып жетекшілері дене тәрбиесі-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық циклдің қосымша білім беру педагогтері қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады. Тәрбие жұмысы жөніндегі, мәдени-тәрбие шараларды дайындау және өткізу жөніндегі қажетті әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу бойынша жұмысты үйлестіреді; педагогикалық қызметкерлер өткізетін тәрбие процесін қамту мен өткізу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады. Девиантты мінез-құлықты балалармен жеке тәрбие жұмысына бақылауды жүзеге асырады. Педагогикалық кадрларды іріктеуде және орналастыруда қатысады, тәрбиелік жұмыстармен айналысатын педагог қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастырады. Жұртшылық және құқық қорғау органдары, ата-аналар, білім беру ұйымының ата-аналар комитеті өкілдерімен тәрбиелеу үрдісін қамтамасыз ететін оқу орнының әкімшілік, қызметтер мен бөлімшелер өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді. Оқушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылауды жүзеге асырады. Тәрбиелеу процесінде қолданылатын құралдар, техникалық және көрнекілік құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Белгіленген тәртіпте есеп құжаттамаларының сапалы және уақтылы жасалуын, анықтығы мен тапсырылуын қамтамасыз етеді.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке және отбасы туралы", "Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" заңдарын және білім берудің даму бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика, психология негіздерін; жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылымның және практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметтері туралы заңнамаларды, еңбек, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.