Конкурстың тақырыбы: «Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар»



Дата06.04.2023
өлшемі22,07 Kb.
#80058
түріКонкурс

Алматы қаласының жоғары сынып оқушылары арасында


профессор Рахман Алшанұлы Алшановтың «Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар» атты кітабына
эссе жазудан конкурсы туралы 

ЕРЕЖЕ


1. Конкурсты өткізудің тәртібі мен шарттары 
1.1. Конкурстың тақырыбы: «Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар»

1.2. Конкурсқа қатысу үшін Алматы қаласы мектептерінің жоғары сынып оқушылары шақырылады.


1.3. Конкурстық жұмыстар (эсселер) 2020 жылдың 20-қарашасына дейін қабылданады;

1.4. Жұмыстар (эссе) қағазда немесе электрондық түрде мына электрондық мекен-жайға ұсынылады: avrk_baspa@mail.ru  («Конкурс эссе» деген белгімен жолдау керек)


1.5 Конкурсты ұйымдастырушылар белгіленген мерзімнен кешіктіріліп алынған, сондай-ақ конкурс тақырыбына сәйкес келмейтін эсселерді қабылдамауға құқылы. 
1.6. Эссе авторына қайтарылмайды.
1.7. Әрбір қатысушыдан тек бір ғана эссе қабылданады. 
2. Эссенің мазмұны мен ресімделуіне қойылатын талаптар 
2.1. Конкурсқа қазақ немесе орыс тіліндегі мәтіні 4-5 парақтан аспайтын көлемдегі жұмыстар қабылданады. Топ болып жазылған жұмыстар конкурсқа қабылданбайды. 
2.2. Мәтін Microsoft Word редакторында терілуі тиіс, қарпі – Times New Roman.
2.3. Эссенің басты парағын ресімдеуге қойылатын талаптар: 
1) білім беру мекемесінің толық атауы
2) тақырыпша; 
3) автор туралы деректер: тегі, аты-жөні, сыныбы, байланыс телефонының нөмірі, электрондық мекен-жайы, почталық мекен-жайы; 
3. Конкурстық комиссияның құрамы және жұмыс істеу тәртібі 
3.1. Конкурс жеңімпаздарын айқындауды конкурстық комиссия іске асырады.
3.2. Қарау нәтижелеріне орай әрбір эссе 1-10 балдық шкаламен бағаланады.
3.3. Эссені рецензиялау кезінде конкурстық комиссияның мүшесі мына өлшемдерге сүйене отырып, оның деңгейін бағалайды: 
1) конкурс тақырыбының ашылуы; 
2) автордың нақты және негізделген ұстанымы; 
3) жасалған қорытындылардың бірегейлігі және жеке-даралығы
4) баяндалудың тұтастығы және қисындылығы. 
4. Конкурс қорытындысын шығару 
4.1. Конкурсты қорытындылау 2020 жылдың 16 желтоқсанына дейін іске асырылады. 
4.2. Конкурстық комиссия конкурс жеңімпаздарын анықтайды және әрбір тақырыпша бойынша бірінші, екінші және үшінші орындарды береді. Конкурс қорытындысы хаттамамен ресімделеді. 
4.3. Конкурс жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады:
1-орын 50 000тг,
2-орын 30 000тг,
3-орын 20 000тг
4.4. Конкурсқа қатысушылардың бәріне қатысқаны туралы сертификат табыс етіледі. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет