Конспект тақырыбы: Оқушылардың оқуын мотивациялау және оның түрлері



Дата25.09.2022
өлшемі36,35 Kb.
#40188
түріКонспект

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университеті
Педагогика факультеті
Педагогика, психология және бастауыш оқыту кафедрасы
КОНСПЕКТ
Тақырыбы: Оқушылардың оқуын мотивациялау және оның түрлері
Орындаған: Тобышова С. БОПжӘ-102 (2)
Тексерген: Капина Э.
Ақтөбе, 2022
Оқушылардың оқуын мотивациялау және оның түрлері.
Мотивация отандық және шет ел психологиясындағы іргелі проблемалардың бірі болып табылады. Қазіргі күнгі психологиядағы зерттеме үшін оның маңыздылығы адамның белсенділігінің көзін, оның іс- әрекетін, мінез-құлқын қозғаушы күшін талдаумен байланысты. Адамды іс- әрекетке не итермелейді, оның түрткісі қандай, ол оны не үшін жүзеге асырады деген сұрақтарға жауап оның сәйкес түсіндірмесінің негізі болып табылады. Ең жалпы түрде түрткі -бұл адамды осы түрткімен анықталатын іс-әрекетке енген қандай да бір әрекетке итермелеуші, ынталандырушы, анықтаушы.
Оқушылардың оқу үлгеріміне ең көп әсер ететіні оқу мотивациясы. Оқу мотивациясы – (латын тілінен “moveo” – қозғалтамын) – білім алушылардың білім мазмұнын белсенді меңгеруге, өнімді танымдық әрекеттерді оятатын процесс. Білім игеру процесі – белсенді процесс. Ол тек әрекет арқылы ғана жүзеге асырылады. Бұған қоса іс-әрекеттердің түрлері мен өзінділік дәрежесі неғұрлым көп және жоғары болса, білім игерудің тиімділігі де арта түседі. [Жұманбаева А.О]
Әдетте сабақта оқушы көбіне-көп екі жұмыс атқарады, олар – тыңдау мен жазу (көшіру). Ал белсенді әрекеттер дегеніміз өздігімен түсіну, таңдау, талдау, шешім қабылдау, жаңа мазмұн құрастыру, өз біліміңді бағалауға негізделген ойлану, талқылау, өз пікіріңді қалыптастыру, оны дәлелдей және қорғай білу, пікір алмасу мен таластыру, өзгенің пікірін тыңдап, оны қабылдау, өз пікіріңді жазу секілді жеке және бірлескен жұмыс түрлері. Осындай белсенді әрекеттер тұлғаны жан-жақты дамыта түсіп, оның білім игерудегі көкжиектерін кеңейтеді.
Оқушылардың оқу мотивациясын көтеру мәселесі бойынша ұсыныстар:

  • Тұрақты танымдық қызығушылықты қалыптастыру: қызықтырып оқыту, оқу материалының жаңалығы, жаңа және дәстүрлі емес оқыту формаларын қолдану, компьютердің көмегімен оқыту, интерактивті компьютерлік, мультимедиалық құралдарды пайдалану, өзара оқыту, эвристикалық оқыту, жарыс, проблемалық оқыту.

  • Сабақ барысында оқушының жеке ерекшелігін есепке алу - бұл әрбір оқушының қызығушылығын, сапасын, талабын, мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беруде педагогикалық әдіс, құрал, әдістемелердің барлығын пайдалану.

  • Оқушыларға жеке тапсырмалар беру: реферат, өзіндік жұмыстар, жоба жасауға дағдыландыру.

  • Оқушылардан жауапкершілікті талап ету. Сан-қилы кедергілерді өз батылдығы мен табандылығының арқасында жеңе білген кейіпкерлерді сабаққа енгізу.

  • Қарапайымнан күрделіге көшу принципін ұстану: күрделілігі жоғары тапсырмаларды орындауға ынталандыру.

  • Қажетті білім көздерімен жабдықтау: компьютер, т.б. құралдармен қамтамасыз ету

  • Оқушыларды ғылыми жұмыстарға араластыру: ғылыми жобалар, олимпиадалар.

  • Логикалық ойлауын дамытып сенімдерін қалыптастыру: аргументацияға, дәлелдерге және өз көзқарасын негіздеуге үйрету.

  • Интерактивті әдістерді қолдану: Интерактивті оқытудың мәні оқыту үрдісінде мысалы: - «Өрмекшінің торы», «Аквариум», «Дебат», «Ыстық орындық», «Миға шабуыл», «Пікірталас жүргізу әдістемесі», «Рольдік пікірталас», «Уақыт шеңбері», «Алтын балыққа арналған аквариум», «Психологиялық-педогогикалық консилиум», «Мозайка», «Ақылдың алты қалпағы», топтық, жұптық және тағы басқа әдістерді қолдану арқылы оқушыларды таным үрдісіне тартып, өздері білетін және ойлайтын нәрселерін қайта қарауға, түсінуге мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыру.

Оқу мотивацияларын дамыту жолдары. Мұғалімге арналған ұсыныстар:
1-ұсыныс. Мұғалімнің ойластырылған әрекеті-ойластырылған оқыту.
Егер де оқытудың өзі ақпараттың жеткізілуі емес, керісінше мағыналы оқыту үрдісінің белсендірілуі және ынталандырылуы ретінде ұйымдастырылса, оқыту үрдісі нәтижелірек болады. Білімге құштарлық пен қызығушылық мотивтерін жандандыру және ынталандыру үшін, мұғалім оқушылармен жақсы қарым-қатынасқа қол жеткізуі тиіс, сонымен қатар өзін де жақсы білуі керек. Барлық әрекеттер ойластырылған болуы тиіс. Бұл басқалардан осы әрекеттерді талап етушілерге де қатысты.
2-ұсыныс. Ішкі мотивацияны дамыту - бұл жоғарыға өрлеу.
Оқушы жұмысқа шын мәнінде кірісуі үшін, оған оқыту әрекеті барысында қойылған тапсырмалар, түсінікті болып қана қоймай, сонымен қатар іштей қабылданып, яғни олар оқушы үшін мәнді болып және де оның толғаныстарынан да орын алуы тиіс. Ішкі мотивацияны дамыту - бұл жоғарыға өрлеу. Төмен құлдырау әлдеқайда жеңілірек, сол себепті ата-аналар мен мұғалімдер тәжірибесінде оқытудың құлдырау мотивациясына әкеліп соғатын мынадай "жәрдемдер" жиі қолданылады. Мысалы, шектен шығатын көңіл бөлу мен ықылассыз мадақтаулар, ақталмаған төмендетілген немесе көтермеленген бағалар, қатаң сын мен жаза. Оқытудың ішкі мотивациясының дамуы оқу мақсатына сыртқы мотивтің орын ауыстыруы ретінде орын алады
3-ұсыныс. "Жағымды мотивация" стратегиясы.
Жалпы оқуда немесе нақты тапсырмаларды орындауда қиындықтарға кездесетін кейбір оқушыларға өзгеріс жасау үшін өз әрекеттерінде ненің іске қосылмайтынын және де қандай мотивациялық стиль түрі нәтижелірек болатынын түсіну жеткілікті. Әрине, жаңа мотивациялық стильге үйретуге тез арада қол жетпейді. Бірақ дайындалған, сауатты педагогтың бағытталған әрекеті оқушыларға күрделі жағдайлардан шығуға көмектеседі.
Енді, ең нәтижесіз төрт мотивациялық стильді қарастырайық.
Жағымсыз мотиватор. Кейбір адамдар өзін және өзгелерді бір істі орындамаса болатын апаттар туралы ойлай отырып бағыттауы мүмкін. "Емтихан тапсырмасам - үйде жанжал болады, екінші жылға қалып, институтқа түсе алмаймын". Бірақ келеңсіздіктер туралы ойлау ұнамайды. Негативті мотивациялық стиль аз ғана адам тобы үшін нәтижелі болуы мүмкін. Көпшілік адамдар үшін жағымды мотивацияның мөлшері өте пайдалы. Бұндай оқушылармен жұмыс барысында оған не керек екеніне зейін қою қажет. Сонда құтылуды қажет ететін апаттар туралы ойлар артта қалады.
"Диктатор" мотивациялық стильі. Диктатор өзін және өзгелерді қатаң бұйрықтармен ынталандырады. Бұл әдісті қолданатын адам көбінесе "қажет", "тиіс" немесе "міндетті" сияқты сөздерді қолданады. Көпшілік адамдар оны орындауға құлықсыздық танытады. Бұйрықтардың орынына шақыруларға көшу арқылы өзін және өзгелерді ынталандыру нәтижелірек. Дауыстық модуляциялардың маңыздылығы туралы аз жазылмаған. Сондықтан да жағымды екпінге көшу "жақсы болар еді", "пайдалы болар еді", "біз қалаймыз" тіркестері сияқты үлкен өзгерістер тудырады.
"Орындауды елестетіп көр" мотивациялық стилі. Көптеген оқушылар мәселенің орындалуын елестетіп көрудің орнына, бұл тапсырманы (мысалды шешу, жауапты табу, материалды еске түсіру) орындаудың қиындығы туралы ойда қалып қояды. Ондай оқушыларды толғаныс күйінен тапсырманың орындалуы ол үшін немен бағалы екенін түсіндіру арқылы алып шығуға болады, яғни тағы да жағымды мотивация күшіне енеді. Бұл нәтижесіз мотивтердің ішіндегі ең қиындарының бірі, сондықтан да кейде оқушыға орындалуы қиындық туғызатын тапсырмаларды кейінге қалдыра тұруға кеңес беру пайдалырақ.
Қайтақұру мотивациялық стилі. Кейбір оқушылар барлық тапсырманы немесе бар жауапты жұмыстың үлкен бір қатерлі, топтастырылмаған көлемі ретінде қабылдауға бейім тұрады және әдетте өздерін шектен тыс тапсырма берілген адам ретінде сезінеді. Шектен тыс тапсырма берілген адам өзін жұмысқа кірісуге дайын емес жағдайда сезініп, оны кейінге қалдыра береді. Ондай оқушыларға тапсырманың нәтижелі орындалуына алып келетін кішігірім қадамдарға бөлуге жәрдемдесу керек.
4-ұсыныс. Қол жеткізу және қабілеттілік мотивациясы.
Қол жеткізуге бағытталған іс әрекет әр адамда сәттілікке жету және сәтсіздіктерден қашық болу мотивтерінің болуын қарастырады. Басқаша айтқанда барлық адамдарда сәттілікке жетуге қызығатын және сәтсіздіктерден қауіптенетін қабілет бар. Бірақ әдетте адамдарда сәттілікке жету мотиві немесе сәтсіздіктерден қауіптену мотиві басымырақ. Негізінде сәттілікке жету мотиві әрекеттік нәтижелі орындалуы мен, ал сәтсіздіктерден қауіптену мотиві-қауіпке берілумен байланысты. Сәттілікке бағытталған адамдар қиындығы жағынан орташа, немесе шамалы жоғарылатылған мақсаттарды таңдайды. Ал сәтсіздіктерге бағытталғандар қатерлі таңдаулар жасайды (өте жоғарылатылған немесе төмендетілген) Сәтсіздікке бағытталған адамдар сәттілікке бағыттталғандарға қарағанда жеңіл және жақсы жатталған біліктер жағдайында (сандарды қосу) жылдамырақ және дәлірек жұмыс істейді. Күрделі тапсырмалар жағдайында- бұл сипат керісінше болады.
Сыныпта барлық қабілеттердің көріністері бар, бірақ орташа қабілеттілердің сәттілікке бағыты жақсырақ. Өте ақылдыларда да, өте аз қабілеттілерде де нәтижеге қол жеткізу ынтасы болмайды, өйткені жарыс жағдайы не "тым жеңіл", не "тым ауыр" болып көрінеді.
5-ұсыныс. Оқушыға "жаттанды шарасыздық" жағдайдан шығуға қалай көмектесуге болады?
Егер адамның өмірінде сәтсіздіктер көп болса, оның талап қою деңгейі, өзін өзі бағалау көрсеткіші төмен болады. Адам сәтсіздікке бағытталған, ол шарасыздық жағдайында тұр. Бұндай жағдай "жаттанды шарасыздық" деген атауға ие болды.
Мұғалім оқушыға бұл жағдайдан шығуға қалай көмектесе алады?
Зерттеулер көбінесе сәтсіздіктің 4 түрі анықталатынын көрсетті: қабілеттің болмауы; тапсырманың қиындығы; сәтсіздік; әрекеттің жеткіліксіздігі. Оқушының сәтсіздігі кезіндегі мұғалімнің көмегінің ең жақсысы оның (оқушының) әрекетінің жеткіліксіздігі нәтижесінде екенін түсіндіру.
6-ұсыныс. Сабақтың эмоционалдығы - ынталандыру ма, әлде зиян ба?
Әрекеттің жемістілігі (жағымды мотивациясы болса да) бұл әрекетті сүйемелдейтін эмоция күшіне байланысты екенін ұмытпау керек. Егер де тапсырманың қиындығы сабақтың эмоциялылығына сәйкес болса, оқушылардың оқу тапсырмасына деген әрекет қатынасы дұрыс болады.
Мысалы, жаратылыстану, математика сабақтарында жоғары эмоционалдық тиімді фактор болып табылмайды. Ал орыс тілі, әдебиеті сабақтарында керісінше жоғары эмоционалдық тиімді фактор болып табылады; тек қана қиын және күрделі тақырып жағдайында эмоция қуатының төмендетілуіне рұқсат етіледі.
7-ұсыныс. Білуге құштарлық және танымдық қызығушылық.
Жағымды ынтаны дамыту үшін әрекеттің ерте деңгейі-танымдық қызығушылық арқылы әсер етуге болады. Бұл қажеттіліктің алғашқы бастауыш деңгейі-бұл сезінулер қажеттілігі. Бұл деңгейде индивид стимулдың жаңашылдығына әсер етеді. Бұл танымдық әрекеттің негізі.
Келесі деңгей -білім қажеттілігі (білуге құштарлық). Бұл пәнге қызығушылық, оны үйрнуге бейімділік. Бірақ танымдық қажеттілік білуге құштарлық деңгейінде табиғи-эмоционалдық сипатта болады.
Жоғары деңгейде танымдық қажеттілік мақсатқа бағытталған сипатта болады. Оқыту үрдісінде мұғалімге оқушының танымдық қажеттілігін есепке алып, дамытып отыруы маңызды, төменгі сыныптарда - білуге құштарлық, жоғарғы сыныптарда - шығармашылық әрекет қажеттілігі.
8-ұсыныс. Мұғалімнің сынып пен қарым-қатынасы және оқу мотивациясы.
Егер де мұғалімнің белгілі бір сыныппен ара қатынасы қалыптаспаса, оқу мотивациясының дамуы мүмкін емес. Бұл жағдайды жою үшін: Материалды беру формасының балалардың оқу қабілеттерінің дамуымен сәйкестігін анықтау қажет. (деңгейдің жоғарылануымен қатар төмендетілуі де зиянды).
Материалдың сәтті меңгерілуінің шарттары (сыныптағы тиімді психологиялық климат). Мұғалімнің сынып лидерімен ара қатынасы, "мұғалім-лидер" қарым-қатынасының сыныптағы атмосфераға әсері.
Сонымен қорытындылай айтсақ, әртүрлі авторлардың мотивация түсінігіне берген анықтамаларына сүйене отырып, оқу мотивациясы дегеніміз - адамды білім алуға итермелейтін, жалпы бағыт - бағдар беретін, адам мінезіне энергетикалық импульстер беретін, психикалық үрдістер жиынтығы болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет