Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі



Дата16.10.2023
өлшемі15,47 Kb.
#116374

Эссе
Кітаптың нарықтық экономиканы дамытудағы рөлі

“Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі.”— деп, пікір білдірген Әуезовке қосылмау мүмкін емес. Себебі, кітап білімнің сыңары іспеттес ерек құндылық.


Қазіргі таңда кітап оқып отырған адамға таңсық, таңғалумен қарап өтеміз. Яғни, кітап оқитын адамдар саны өкінішке орай аз.
Менің ойымша ең басты мәселе кітаптың бетінде мазмұнында емес оны оқитын оқырманның табылмауында болып тұр.
Иә, кітап мәселелерін қарастыратын болсақ оның тараулары да аз емес.
Ал мені ойландырған мәселе де еліміздегі кітап нарығының жағдайы еді. Әліде соңын таппаған пандемия ахуалы кітап нарығының төмендеуіне себепкер болғаны шындық. Яғни баспалар мен кітап сатылатын мекемелердің біразы шығынға батып табысынан айырылған. Сарапшылардың айтуы бойынша бұл мәселе реттеліп жатыр. Ал. кітап бағасының қымбаттауы да орын алған ахуалмен байланысы бар деп хабарлайды. Қандай проблема болсын соңында өз шешімін табады. Дегенмен, 30 жыл көлемінде шешімін таппаған баспа мәселесі әлі-де өз үмітін үзбеуде. Төл әдебиетімізді дәріптеу, оқырман санын көбейту бойынша түрлі шаралардың өтетіндігі рас. Бірақ, кітап ісіндегі проблеманың бұл тек аз бөлігі.
Баспа ісіне үкімет тарапынан айрықша көмектің аз болуынан баспалардың басым көпшілігі жеке меншікке айналған. Осының салдарынан баспагерлер кітап саудасын дамытқысы келгенімен, жалға алу бойынша қиндықтарға тап болатыны өтірік емес. Себебі, сатылған кітап өз ақысын ақтамайды дейді. Ал кітап нарығының әлсіз екендігі бұл мәселелермен шектелмейді. Мен оқыған ақпараттарға сүйене отырып еліміздегі баспа саласындағы тағы бір үлкен мәселенің бірі қағаздың аздығы деп түсіндім.
Баспа саласының құлдырау салдарынан жоғарыда айтқандай кітап бағасының көтерілуі қағаз бағасына да тікелей байланысты. Ақпараттарға сүйенсек елімде 1 тонна қағазды 430 мың теңгеге дейінгі қаражатқа сатып ала аласыз. Яғни, оңай қаражат емес. Сөз басында қозғаған кітап оқымайтын оқырманның жоқ екендігінің бір себебі де осы мәселе болуы мүмкін. Себебі, кітап сатып алуға қалтасы көтермейтін азаматтардың жоғын жасырмаймыз.
Иә, кітап нарығының осыншалықты қиын тармақтардан тұратындығы мені енді ғана алаңдатқандай. Себебі, болашақ баспагер ретінде баспа саласының дамып, өркендеуі тікелей менің де қолымда. Ал атаулы проблемадан шығудың бір-ақ жолы. үкімет тарапынан көрсетілетін көмек деп білемін.
Кітап қай заман, қай ғасыр болсын өз актуалдылығын жоғалтпаған. Егер білімді ұрпақтың қалыптасуын қаласақ, кітап данасын өсіріп, сол арқылы өніп дамуды насихаттауымыз қажет. Қазіргі жастар кітап оқудан қалды деген сөзді, отбасыңыздағы жас буынға кітап оқы деген ақыл арқала ғана түзете аласыз. “Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына.”— деп, Науаи айтқандай қолда бар алттынның қадірін барында түсінейік. Ортамызды, жақындарымызды төл әдебиетімізді оқытуға шақырайық. Сендік әрекет — ертеңгі болашақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет