Көп мағыналы сөз



Дата21.10.2023
өлшемі12,41 Kb.
#120252

Эпитет (тұрақты эпитет) – адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше белгілерін көрсету, олардың бейнесін оқушылардың көз алдына елестету, ой-қиялына әсер ету үшін қолданылатын көркем сөздердің бір түрі. Асқар тау, айдын шалқар, қара жер.
Көп мағыналы сөз (полисемия) – Басын деген сөз көп мағыналы сөз болып тұр.
Теңеу - бір нәрсені көркемдеп суреттеу үшін , ол нәрсенің өзгешелік белгілерін көрсетпей-ақ, оны екінші бір нәрсемен салыстырып та суреттеу. Айдын шалқар өлгені
Мұз болып тастай қатқаны,-деген тармақта мұзды таспен салыстырып тұр және зат есімге –тай жұрнағы жалғану арқылы жасалып тұр. Қар астында тіркесі астынды деген көмекші есім арқылы жасалып тұр.
Метафора (ауыстыру)- ұқсастығына қарай сөздің ауыстыру мағынасында қолданылуы, яғни екі нәрсенің ұқсастығына қарай, бірін-бірімен ауыстыра қолдану. Асқар таудың өлгені- Басын мұнар шалғаны. Көктегі бұлттың өлгені- Аса алмай таудан қалғаны.
Кейіптеу - жаратылыстың жансыз нәрселерін, тап жанды нәрселердей етіп жандылардың істейтін амалдарын істеткізіп суреттеу. Таудың өлгені, бұлттың өлгені, ай мен күннің өлгені, айдын шалқар өлгені, жердің өлгені деген тіркестерде жансызға жан бітіре суреттеп тұр.
Антоним – мағыналары қарама-қарсы сөздер. Ай мен күн сөздері бірі қараңғылық, енді бірі жарық мағынасында қолданылып тұр.
Метонимия (алмастырып атау) - құбылысты не затты бүтіндей көрсете алатын балама ұғымдармен алмастырып қолдану. Жақсының аты өлмейді деген тармақта жақсының деген сөз метонимия болап тұр.
Эпифора - өлең шығармаларда сөйлемнің әсерлілігін күшейту үшін белгілі бір сөздің, сөз тіркесінің жол аяғында қайталануы. Толғаудың әр тармағының соңында өлгені сөзі қайталанып келіп тұр.
Риторикалық сұрау (лепті сұрау) — ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Өлеңде қойылған сұраудың жауабында екіұштылық, шүбәлану болмайды, оны оқырман іштей біліп отырады. Бұл толғауда риторикалық сұрау Өлмегенде не өлмейді? Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді,- деген жолдар болып тұр

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет