described in the works of T. Abdikov occupies a special place. For creating a realistic picture of the work the
author uses proverbs and sayings, as well as loan words skillfully. In his work the idioms of different designs,
antonyms, emotional and expressive painted words, synonyms, etc. are used. Author, showing the richness
of language, uses aphorisms, words of edification, which is in close connection with folk art widely. In this
article, the author of versatile use in works of art of phraseology, proverbs and sayings is shown.
Keywords: text; style; idioms; peculiarities; the description of the hero images.
Фразеологизмдер сөзді жандандырып, тілімізге өткірлік сипат, ұлттық ажар беретін стильдік мәні
айрықша құрал болып саналады
[1, 123].
Фразеологизм дегеніміз формасы жағынан синтаксистік құрылымдармен ұқсас бірақ олардай
жалпы заңдылыққа сай сөйлеу кезінде
жасалмай, даяр қалпында қайталап қолданылатын
семантикалық және лексика
-
грамматикалық құрамы тұрақты сөз тіркестері мен
сөйлемшелер [
2, 184].
Фразеологизмдер мағына тұтастығын сақтайды, фразеологизмдердің мағыналық тұтастығы
құрамындағы сөздердің жеке мағыналарына тәуелсіз. Фразеологизмдердің мағыналары құрамындағы
сөздердің лексикалық мағыналарымен сәйкеспейді, яғни лексикалық мағыналардың жиынтығы емес.
Фразеологизмдік мағына дегеніміз құрамындағы сөздердің не жеке бір сыңарының лексикалық
мағыналарының қайта жаңғыртылған жинақты мағынасы. Сол себепті фразеологизмдер
семантикалық жағынан біртұтас тіл бірлігі ретінде қолданылады
[2, 186].
Дүниенің тілдік бейнесі ұлт өкілдерінің өмірге деген көзқарасы мен өмірлік тәжірибелерінен
тұрады. Сондықтан дүниенің тілдік бейнесі фразеологизмдерден, тұрақты тіркестерден, мақал
-
мәтелдер мен идиомалардан анық көрінеді. Себебі бұл тілдік қабатта ұлт өкілдерінің дүниеге деген
көзқарастары, айнала қоршаған ортаға қарым
-
қатынасы, сондай
-
ақ халық даналығы жинақталған.
Осымен байланысты дүниені танып
-
білуде фразеологиялық бірліктердің маңызы ерекше.
Б.А.Ларин “фразеологизмдер қоғамдық өмірді, халықтың дүниеге көзқарасын, сол қоғамдағы
идеологияны бейнелеп тұрады”,
-
деп көрсетеді [
3, 4].
Қазақ тіл білімінде фразелогизмдер І.Кеңесбаев, Ә.Қайдар, Н.Уәлиев т.б ғалымдар
еңбектерінде жан
-
жақты зерттелген. Соның негізінде І.Кеңесбаевтың “Қазақ тілінің фразеологиялық
сөздігі” [4], Ә.Қайдардың “Тысячи метких образных выражении в казахском языке” [5], Н.Уәлиевтің
“Фразеология және тілдік норма” [6], Г.Смағұлованың “Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық мәдени
аспектілері” [7] деп аталатын қомақты ғылыми еңбектері жарық көрді.
Ә.Қайдаров “Қазақ тілінің өзекті мәселелері” атты жинағында фразеологизмдердің қасиеті
жөнінде мынадай ой айтады: “Фразеологизмы –
весьма сложные лингвистические образования.
Сложность их объясняется не только множеством структурных типов и синтаксических моделей, но и
тематической и семантической многоплановостью, а также способностью выражать самые различные
эмоционально
-
экспрессивные оттенки мысли ” [5, 202]. Демек, академик
-
ғалымның пайымдауынша,
фразеологизмдер –
бейнелі ойлаудың жемісі.
Фразеологизмдердің көркем әдебиет тіліндегі маңызы мен рөлі туралы тұжырымды ойды біз
Х.Кәрімовтің еңбегінен кездестіреміз. Автордың пайымдауынша: “Әдеби шығарма тілін көркемдеп,
жандандырып, нәр беруші амалдардың бірі –
халық тіліндегі тұрақты фразеологиялық тіркестер. Олар
тілдегі бейнелі экспрессивті
-
эмоциялы бояуы қанық амалдардың қатарынан орын алады. Олар –
ұлттық психикалық өзгешелігінің негізінде қалыптасқан образды ойлау тілінің үлгілері, халықтық
даналыққа суарылған өткір құралдар”
[8, 134].
Н.Уәлиев фразеологизмдердің дүниенің тілдік бейнесін берудегі рөлі жайлы былай деп жазады:
“Халық тілінде байырғыдан келе жатқан тұрақты сөз оралымдарының (мақал, мәтел, қанатты сөздер,
фразеологиялық тіркестер т.б.) сан алуан сыры бар. Олай болатыны халық өзінің өткен дәуірлеріндегі
наным
-
сенімін, түйсік
-
түсінігін, ой
-
қиялын, тыныс
-
тіршілігін аз сөздің аясына сыйдырып, әрі нәрлі, әрі
әрлі етіп ерекше өрнектей білген. Көнелікті ең көп сақтаған “жаны сірі” сөздердің небір шоғырлары
алдымен мақал
-
мәтел, фразеологизмдердің құрамында шегенделіп қалған деуге болады [
6, 12].
“Фразеологизмдер –
ұлттық психологияны, халықтың тұрмыс
-
тіршілігі мен салт
-
дәстүрін, әдет
-
ғұрпын бойына сіңірген, соларды баяндайтын лингвокультуремалар”
[9, 30].
Қазақ тілі фразеологизмдерге бай тілдердің қатарынан саналады. Бұл рухани байлық қазақ
тілінің түсіндірме сөздіктерінен, фразеологиялық сөздіктерінен, сондай
-
ақ көркем шығармалардан
көрінеді.
“Қай елдің, қай жазушының қай шығармасын алсаңыз да тілдің осы халықтық элементтерінің сан
түрін табуға болады. Яғни қаламгерлердің қай
-
қайсысы да сөйлеудің халықтық формасын
пайдалануға бейім” [10
, 41].
Фразеологизмдер
халықтың өткені мен бүгінгісін жалғастырушы көпір іспетті. Көркем образды,
терең мазмұнды сөз өрнектері әр ұлт тілінің ерекше көрінісі болып табылады. Мұндай сөз
айшықтары жалпы халық тіліне айырықша реңк беріп, ұлттық характердің айқын белгісін көрсетеді.
“Фразеологизмдердің қай
-
қайсысы болмасын (идиом, фраза, мақал
-
мәтелдер) бәрі де ең
алғаш халықтық сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан. Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып,
ішкі мазмұны жағынан өте бай келеді. Фразеологизмдер алдымен адамдардың ой сезімін, ара
-
қатынасын, өмір тануын білдіреді” [11
, 82].
Көркем әдебиет ұлт тілінің қазынасын танытатын болса, сол көркем дүние тілін
ажарландыратын қажетті тілдік амал
-
тәсілдердің бірі фразеологизмдер арқылы көрінеді. Басқалай
айтқанда, фразеологизмдер
-
көркем шығарма тілін жандандыратын, астарлап бейнелеу, суреттеудің
тілдегі ең қажетті құралдарының бірі. Фразеологизмдердің стильдік бояуы сөзбен салыстырғанда
әлдеқайда күшті, экспрессивті мүмкіншіліктері анағұрлым мол. Осымен байланысты
фразеологизмдер белгілі бір оқиғаны баяндауда сөйлеуде ерекше өң береді. Олардың көркем
әдебиет тілінде атқаратын қызметі сан қырлы. Таратып айтсақ, шығарманың идеясын беруде,
образ сомдау мен портрет жасауда маңызды рөл атқарады. Фразеологиздер қатысқан суреттеулер
арқылы айтылар ой бейнелі шығады. Сонымен қатар, характер жасауда фразеологиялық
тіркестердің орны айырықша. “Адам образын жасауда мінездеудің алатын орны ерекше. Әрине, бұл
тілдік құрал арқылы іске асады. Көздеген нысанаға дәл тигізетін эмоциялы бояуы күшті, айырықша
мәнде сипаттама беретін тілдік тәсілдердің көмегімен жазушы адам мінезінің толып жатқан қыр
сырын, оның ішкі жан дүниесін, портретін, жағымды не жағымсыз әрекетін бейнелейді, не
кейіпкерлерді ажуа
-
сықақ, ирониялық тұрғыдан көрсетеді. Айырықша эмоционалды
-
экспрессивті
мәнде мінездеме беру мүмкіншілігі әсіресе, фразеологиялық тіркестерде мол”,
-
деп көрсетеді
[12,
57].
Фразеологизмдер ғалымдар жетекшілігімен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерінде жалғасын
тапты.
Т.Әбдіков халықтың фразеологиялық байлығын өзіне ғана тән шеберлікпен қолдана білген.
Оның қаламынан шыққан афоризм, нақыл сөздер халықтық үлгімен құрылған. Мазмұны терең,
тұрпаты көркем келіп, жазушының өзіндік дара үнін танытады. Мысалы: Кенет жүрегім су ете
қалды. Бұл қалай келген хат? Палатада жалғызбын. Кім кіруі мүмкін? Неге мен жоқта келеді?
[
13,
13-
б
].
1) Т.Әбдіков шығармаларында фразеологизмдер кейіпкерді мінездеуде
қолданылады.
Мысалы,
Менің «бейтаныс құрбым» зымиян адам.
Мені сырттан қалт жібермей бақылап жүр(
13,
21-
б
].
Қызара білетін жаны жұқа
жандардың
өн бойынан теңдесі жоқ сұлулықтың, имангершілік
пен шыншылдықтың лебі
еседі
[13, 37-
б
].
Жоғарыдағы келтірілген мысалдардың алғашқысында автор «зымиян адам» тіркесі арқылы
“Парасат майданы” повесіндегі палаталас құрбысының қу, айлакер мінезін суреттеп, жағымсыз образ
жасайды. Екіншісінде мысалда образға мүлдем қарама
-
қарсы кейіпкер бейнесі берілген. «Жаны жұқа
жандардың» сияқты есім фразеологизм арқылы сұлу, нәзік, мінезі жұмсақ адам мінезделген.
Фразеологизмдердің тәрбиелік мәні тұрғысынан келсек, жоғарыдағы кейіпкерлерді мінездеуде автор
бірінші бейнеден оқырмандарын жирендірсе, ал екіншісін тәрбиелік мәнде қолданған.
2) Жазушы фразеологизмдерді кейіпкердің психологиялық күйін суреттеуде
қолданады.
Көркем туындыдағы сезім қылын шертерліктей әсер туғызатын айшықты сөздердің қай
-
қайсысы да
көркем шығарманың жалпы экспрессивтік үндестігін күшейтеді, эмоциялық бояуын әрлендіреді,
күшті сезім әсерін туғызады. Ұғымды дәлме
-
дәл, жан
-
жақты бейнелеп жеткізуде
фразеологизмдердің тап басып, дәл түсетін ұтымдылығы басым. “Көңіл күйді аңғартатын
фразеологизмдер кейіпкер көңіліндегі әр сәттегі өзгерістер мен құбылыстарды аңдатады. Олар
кейіпкерлердің психологиялық толғанысын: таңдану, қамығу, елжіреу, ашулану, күйіну
сәттерін
мәнерлі жеткізеді” [14, 8]. Фразеологизмдердің осындай мүмкіншіліктерін жазушы өз шығармасында
кейіпкерлердің психологиялық күйініш
-
сүйініштерін, ой әсерлерін, рухани жан дүниесін нақты да
нәзік бейнелеуге таңдап, талғап жұмсайды. Мысалы:
“Әпсаттардың үйіне әкелген азғантай тарының жартысын Айтыбайдікіне беріп, таңертең
Әпсаттарды іздеуге шықтым. Көңілімде ешқандай үміт жоқ. Шыққанына бір ай болса, қандай үміт
болсын. Қара жолдың айналасына көз жіберіп, аяңдап келе жатырмын. Жол маңында көзге ілігер
қара жоқ. Қу медиен дала. Анда
-
санда ұшар төбенің басына айқайлатып салған зираттар, шошақ
тамдар, обалар... Енді жолды тастап, обалардың төңірегін шарладым. Ақыры іздеген сорыма
жетіп тындым. Үлкен жолдан Төлек сайына бұрылатын тағы бір жол бар еді. Сол жолдың бойында
жатқан баланың киімін көрдім. Көп ұзамай тағы бір дорба... одан әрі Әпсембеттің пешпетін
кездестірдім. Зәре кетті. Айдалада аңырауға өз дауысымнан өзім қорықтым. Күн еңкейген шақта
жолдың шетінде шашылған адамның сүйегін көрдім. Баланың сүйегі екен. Төрт
-
бес шақырымдай
жүргеннен кейін Әпсаттардың өліктерінің үстінен шықтым.Әйелінің сүйегі қатарында жатыр.
Екінші балалары өздерінен бұрын өлген болуы керек, жолдың екінші бетінде. Еттері ағып кетіпті.
Киімдері сүйектеріне жабысып қалған. Жылауға шамам келмей қалды. «Аллалай» бердім.
Әпсаттардың өлігі көз алдыма келсе, осы күні де кейде екі қолымды төбеме қойып, безіп кеткім
келеді ”
[13, 88-
б
]
.
Жоғарыдағы мәтіндегі фразеологизмдер «Әке» шығармасындағы аштық кезінде өлген адамды
суреттегендегі кейіпкердің жан қорқынышы мен үрейін психологиялық толғанысымен әсерлі де
мәнерлі жеткізу үшін қолданылған.
Роберт креслоға отырды. “Бұл –
білместік, иә қастандық”,
-
деп күбірленеді өзіне
-
өзі. “Бұл –
білместік... білместік... ” Кенет тағы бір ой Роберттің ішкі дүниесін дүр сілкіндірді.
“Қашу керек!
–
деді алқына сыбырлап. Асыққаннан жүрегі алқымына тірелді. –
Қашу керек... Бүгін... осы қазір...
Тез қашу керек... ”
[13, 179-
б
]
Бұл мысалда
автор Роберттің ішкі жан –
дүниесін берген.
“Роберт қолын берген жоқ. Өйткені қол беру қажет екенін есіне түсіре алмады. Әйелі қарсы
алдына келіп, қадалып, ұзақ қарады. Әйелінің үрейіне толы көзқарасы
санасын оятқандай болды.
Ол өзінің әйеліне июнь айында
туған күніне арнап үнемі раушан гүлін сыйлайтынын есіне түсірді.
Содан кейін барып жымиып әйеліне көз тоқтатты”
[13,178-
б
]
.
Бұл сөйлемде автор Роберттің халін көрген әйелінің ішкі толғанысын суреттеген.
“Оның осынау кісі ақылы жетпейтін құпия қабілетіне, тіпті телепаттың аза бойын қаза
қылып жатқан жан түршігерлік оқиғаларға
мұндағылардың еттері үйренгені
соншалық,
осындай пәлендей таңырқап, болмаса сыры неде деп бастарын қатырып, қиялдап жатпайтын”
[13,
170-
б
]
.
Жазушы шығармаларында эмоциялы бояуы күшті фразеологизмдер кейіпкерлердің кейбір
ситуацияға қарай болатын көңіл
-
күй өзгерістерін беруде қолданылған. Мысалы,
“Бәлен жерде бүкіл
бір ауылды атып кетіпті, шауып кетіпті,әйелдерді масқаралапты дегенді естігенде тұла бойың
түршігеді
” [
7, 66-
б). “
-
Ал келді атты казактар,
-
деп жатты. Іргеге келгенде бір
-
ақ білдік
-
әкейді
айдап келе жатыр екен. Малда жүрген болатын. Таяқ жеген секілді. Шекесінде қан бар. Иттердің
түсі суық екен. Атып жібермегеніне шүкір десейші” [
7, 67-
б
].
“ Жұбатарға сөз жоқ. Қу тілмен
кісі
тірілткен
небір бетсіз шешендер тілдері байланып, қарабет боп,
үнсіз қалған” [
13, 206-
б
].
3