«Бірлік бар жерде,тірлік бар!» Ашық сабақтың мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар
Өткізудің формасы: Тәрбие сағаты
Мұғалім: Құрметті балалар, «Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кеңелсін.
«Бірлік бар жерде бақыт бар»
Отан- әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Адам жүрексіз өмір сүре алмайды.Отан- біздің туған жеріміз, өзіміздің туған- туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз.
-Балалар біз қандай елде тұрамыз?
-Тәуелсіз
-Біздің Отанымыз
- Қазақстан
-Қазақстан республикасының рәміздеріне не жатады?
- Ту,Елтаңба,Әнұран
Жарайсыңдар балалар,ендеше орнымыздан тұрып Қазақстан Республикасының әнұранын орындайық
Қазақстан гимні орындалады https://youtu.be/NPe2rwUZbR0 АсильбековаМадина: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарихкөшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. Саттарова Дариға:«Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген нақыл сөзі татулық пен бауырластықтың айғағы іспетті. Менің ойымша, бұл сөздің мағынасы кең әрі тереңде жатыр. Дегенмен, бірлік болу үшін, алдымен адамдарда ауызбіршілік пен татулық болуы қажет. Әбілдаева Жұлдыз:Мұсылмандардың өмірлік тәжірибесінде «бірлік» сөзінің маңызы зор. «Бірлік түбі - береке», «Алтау ала болса - ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса –төбедегі келеді» деген қазақ халқының нақыл сөздері бекер айтылмаған. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, көркем татулықтың көрінісі, ел болудың бірден-бір шарты. Ал бірлікті ыдыратып, күйретуші – күншілдік, араздық, іштарлық сияқты жаман қасиеттер де жоқ емес. Алтыбай Меруерт:Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) адамзат баласын осындай теріс қасиеттерден бойларын аулақ салуға үндеген. Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан: «Алланың жібінен мықтап ұстаңдар, ажырап бөлінбеңдер» деп айтылған! Әріпбек Айша:Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын "бірлік болмай тірлік болмас", "бірлік түбі - береке", "алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді" деп түйген. Бірлікті ыдыратып, ірітуші күш - күншілдік, іштарлық, араздықтық деп тауып, жұртшылықты мұндай жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ салуға шақырған.