Коррозиядан электр химиялық қорғау



бет1/2
Дата07.01.2022
өлшемі389,81 Kb.
#18245
  1   2
Байланысты:
№9. 3.04..


Коррозиядан электр химиялық қорғау
Болат құбырлардан жинақталған магистралды құбыр топырақ және құбырлардың металл бетімен түйісуге кедергі жасайтын оқшаулау жабынын орнатқаннан кейін топыраққа салынады. Оқшаулау жабынын құбырға орнатумен қатар электр (электрхимиялық) коррозияға қарсы қорғау қолданылады.

Электр қорғауы құбыр бетіндегі оқшау жабынымен бірлесіп құбыр желісінің апатсыз жұмыс істеуіне жағдай жасайтын барынша тиімді шара болып табылады. Құрылыстарға катодтық полярлауды түзетін токтың сыртқы көзінен электр өрісін салумен металл жерасты құрылыстарын қорғау тәсілі катодтық қорғау (2.19-сурет) деп аталады.

2.19-сурет. Құбырды коррозиядан катодты қорғау жүйесі.

Жер мен құбыр желісі арасындағы потенциалдардың қорғаныс айырымын тұрақты ток көзі жасайды. Ток көзінің теріс полюсі құбыр желісіне жалғанады ал оң полюсі – анод деп аталатын жерге тұйықталады. Жерге тұйықтау ретінде графиттелген жерге тұйықтағыштар пайдаланылады. Графиттелген анодтық жерлендіру диаметрі 50-125 мм ал ұзындығы 1000-1500 мм болытын графиттелген өзекше. Жалғағыш кабельдің электродпен байланысуы ниппельді бұрап қатайту немесе жерлендірудің шет жағына престеп жалғау арқылы жасалады. Графиттелген материалдың кемшілігі материалдың морт сынғыштығы болып саналады, сол себептен ол кең қолданысқа ие емес, өйткені тасымалдау немесе монтаждық жұмыс барысында ол тез сынып тез шытынап кетеді.

Анодтық жерге тұйықтағыштар құбыр жолының осінен 200-300 м қашықта орнатылады. Анодтық жерге тұйықтағыштар траншеяға орналастыратын көлденең және ұзындығы 50 м дейін баратын саңылауларда орнатылатын болып бөлінеді. Анодтық жерге тұйықтағыштың түрі жердің қасиеттеріне қатысты таңдалынады.

Катодтық қорғаныс станцияларының арасындағы арақашықтық оларды құбыр жолын бойлай орналастыратын болса шамамен 8-10 км қашықтықты құрайды.

Құбыр жолдарын, резервуарларды және басқа құрылыстарды протекторлық қорғау (2.20-сурет) қорғалатын ғимаратқа сол коррозиялық ортада қорғалатын металлдың потенциалына қарағанда электрохимиялық потенциалы әлдеқайда төмен металл протекторды (анодтық электродты) жалғау арқылы жасалынады.

Протекторлық қорғаныс катодтық сияқты белгілі қорғаныс потенциалын тудырып үздіксіз жасап тұруы керек.

Протекторлық және катодтық қорғау өзінің тиімділігі бойынша тең құндылықта.



Магистралды құбыр жолдарында протекторлық қондырғылар негізінен құбыр желілерінің энергиямен жабдықтау көзінен айтарлықтай қашықтықта орналасқан айьмақтарын және құбыр жолын катодтық станциялармен толықтай қорғай алмайтын жерлерде топырақ коррозиясынан қорғау үшін, сонымен қатар құбыр желілерінің үстімен өтетін темір және тас жолдарындағы құбыр желілерінің қаптамасын топырақ коррозиясынан қорғау үшін қолданылады.

2.20-сурет. Құбыр жолдарын протекторлық қорғау.

1 —қорғалатын құбыр жолы; 2 —протектор; 3 —дренажды кабель; 4 — бақылау-өлшеу колонкасы.

Жерге бір МГА-5 немесе бірнеше топтастырылған протекторларды диаметрі 250 мм, тереңдігі жердің ылғалдылығына байланысты 1,5-2,5 м болатын шұңқырларға орналастырады.

Ұңғыма мен протектор арасы белсендіргіштермен толтырылады. Белсендіргіш қабатының қалыңдығы 70 мм кем болмау керек (протектор диаметрі 110 және ұзындығы 600 мм болған жағдайда).

Ұңғыманың түбі мен протектордың шет жағындағы белсендіргіш арасындағы қабат 100 мм болуы керек. Протекторды ұңғымаға орналастырмас бұрын түбіне алдын ала дайындалған қамыр тәріздес 10 л белсенділендіргіш құяды. Содан кейін ұңғымаға протекторды бенсендіргіш протектордың шеткі жағын 100-150 мм жауып тұратындай етіп орналастырады. Орнатылған протектор қатаң түрде ұңғыманың осі бойынша орналастырылуы керек және оның қабырғаларына тиіп тұрмауы тиіс. Одан кейін сол ұңғыманы топырақпен көміп тастайды.

Протектордан құбыр жолына дейінгі ара-қашықтық шамамен 3— 6 м болуы шарт. Ара-қашықтық 3 м аз болса құбыр жолының коррозиясы құрамында сульфат-иондары бар еритін тұздардан тұратын толтырғыштардың шайылуы нәтижесінде жердің коррозиялық деңгейі артуы мүмкін. Ара-қашықтық 6 м көп болса электр тізбегінің кедергісі артып, қорғаныс тоғы азайып кетеді.

Магистралды құбыр желілерін адасқан токтардан пайда болатын коррозиядан қорғау. Үнемі тұрақты токпен жұмыс жасайтын электрлендірілген темір жол, трамвай және басқа да ғимараттардың қасында жерде токтың шығып кетуі салдарынан адасқан токтар өрісі деп аталатын электр өрісі пайда болады.

Адасқан токтар жер астындағы металл құрылғылардың өте қатты коррозиясын тудырады. Адасқан токтан сақтау іс-шаралары екі бағыт бойынша жүргізіледі.

Адасқан токтар көзін тудыратын электрлендірілген темір жол, трамвай және басқа да нысандарды пайдалану және салу кезінде арнайы тәртіпке бағынып, ережелерді сақтап, адасқан ток шамасын азайту. Қорғалатын құбыр жолына немесе басқа да металл құрылғыларға кіріп кеткен адасқан токтарды қайтадан өзін тарататын көзіне қарай бұрып жіберу. Токтарды электродренаждық жүйелер мен құрылғылар көмегімен бұрып жібереді.



Электродренажды қорғау — адасқан токтар өрісіндегі құбыр желілерін және басқа да жер асты ғимараттарын коррозиялық бұзылудан қорғау. адасқан токтарды қайтадан өзін тарататын көзіне қарай бұрып жіберу, ол үшін қорғалатын құбыр жолын дренаждық құрылғы арқылы сорғыш желімен немесе тартымдылық қосалқы станциясының шинасымен, электрленген транспорт рельстерімен біріктіреді. Электрленген темір жолдарда, трамвайларда және тұрақты токпен өоректенетін басқа да ғимараттарда токтың шығып кетуі салдарынан топырақта адасқан токтар өрісі деп аталатын электр өрісі пайда болады.


2.21-сурет. Электрленген жылжымалы көліктің бір сымды қуат көзінен қоректену сұлбасы.

Электрленген көліктен келетін адасқан токтар (2.21-сурет) тұрақты токта жасайтын темір жолдың жылжымалы құрамының электрқозғалтқыш қорегінің бір сымдық жүйесі кезінде пайда болады. Бұл жүйеде жылжымалы құрамның қозғалтқыш қорегінің сымдар желісінің бірі темір жол рельстері болып келеді. Электр дренаждарын монтаждау.

Дренаждық қондырғы дренаждық станциядан және адасқан токтар көзімен қорғалатын құрылғыны байланыстыратын кабельдерден тұрады.

Дренаждық қондырғыны құрастырудың екі түрін ажыратады:

1) құбыр желісі темір жолға параллель немесе соған жақын өтіп жатса;

2) құбыр желісі темір жолды кесіп өткен жағдайда.

Бірінші жағдайда мүмкін болса дренаждық кабельдің ұзындығын өте аз етіп алуға тырысады. Дренаждық станция орнату үшін іргетас астынан көлемі 120х80х30 см болатын шұңқыр қазады. Іргетаста дренаждық кабель шығарып қою үшін саңылаулар шығарып қояды. Дренаждық қорғаныстың қондырғысын бетон ірнгетаста металл шкафта құрастырады (2.22-сурет).



2.22-сурет. Дренажды қорғау құрылғысы.

1 – құбыр жолы; 2 – өлшеу сымының контактісі; 3 – дренажды кабель контактісі; 4 - дренажды кабель; 5 – катодты шығару бағаны; в - қоршау; 7 – дренажды қондырғы шкафы; 8 – іргетастағы саңылау; 9 - іргетас; 10 – темір жол кабелдері; 11- асбоцементті құбыр; 12 – жолдық дроссель; 13 – дроссель арқаны; 14 - рельс.

Дренаждық қондырғы жәшігіне траншеяға төселген екі кабель жүргізіледі. Бір кабельді құбыр желісімен байланыстырады, екіншісін – жолдық дроссельдің ортасындағы нүктемен жалғайды.

Дренаждық кабельді құбыр желісімен оған дәнекерленген байланыстырғыш жұқа тақтай, кабельдік қаптама және байланыстырғыш бұрандалар көмегімен біріктіреді. Осыдан кейін барлық біріктірулерді құбыр жолына арналған қорғаныс қабатымен оқшаулайды. Кабель темір жол арқылы кесіп өтетін болса оны асбоцементтік құбырға салады, кабель мен құбыр арасындағы кеңістікке битум құйып тастайды. Жолдық дроссельдің орта нүктесіне кабельді аппараттық бұрандалық қысқыштар көмегімен жалғайды.

Екі жіпті рельстік тізбекпен салыстырғанда, дренаждық кабель жолдық дроссельдердің орта нүктелеріне жалғанған кезде, бір жіпті рельстік тізбек кезінде дренаждық кабельді контактылық тоспаны пайдаланып рельске тікелей жалғайды. Екінші жағдайда, құбыр желісі темір жолмен қиылысқанда дренаждық қорғаныстың станциясы темір жолдан 25-30 м құбыр желісінде орналастырылады да құбыр желісіне қорғаныс қаптамасының шетінен (патрон) 1-2 м қашықтықта орналасады.

Дренаждық қорғаныс станциясын құру жұмыстары аяқталған кезде оны іске қосып оның жұмыс тиімділігін және қорғаныс аймағын анықтау мақсатында электрлік өлшеу жұмыстарын жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет