Көрсеткіші: дәрігердің тағайындауы. Кері көрсеткіші



Дата14.03.2023
өлшемі10,46 Kb.
#74208
Байланысты:
14-билет


Билет №14
1. Бұлшық ет ішіне инъекция жасау іс-әрекетін көрсетіңіз (инъекция орны,
мүмкін болатын асқынулар)

Мақсаты: бұлшықетке дәрілік ерітіндіні, вакцинаны егу.
Көрсеткіші: дәрігердің тағайындауы.
Кері көрсеткіші: дәрілік препаратқа жоғарғы сезімталдық
Әзірлеңіз:
  • Шприц ті 5,10,20мл


  • Ұзындығы 5-8см инені


  • Стерильденген мақта домалақтарын 3тал


  • Спиртті 70%


  • Дәрілік затты


    Іс-әрекет алгоритмі:
  1. Қолыңызды жылы сумен жуыңыз, құрғатып резіңке қолғап киіңіз


  2. Иньекция салатын орынды 70% спиртпен 2 мақта домалағымен сүртіңіз. Біріншісімен-үлкен алаңды,екіншісімен- иньекция салатын орынды


  3. Дайындалған шпицті оң қолыңызға алыңыз,сұқ саусағынызбен поршеньді,кіші саусағынызбен иненің муфтасын,қалған саусағынызбен цилиндрді ұстаныз.


  4. Сол қолыңызбен иньекция салатын орнының терісін тартыңыз


  5. Инесімен шприцті перпендикуляр бағытта,инені 3-5-7см енгізіңіз. / жасқа байланысты/ муфта алдында 1см қалдырыңыз


  6. Оң қолыңызды шприцтің поршеніне ауыстырыңыз


  7. Поршеньді өзіңізге тартыңыз: қан тамырға түспегенін қадағалаңыз


  8. Дәрілік затты енгізіңіз


  9. Иньекция орнына 3-ші мақта домалағын қойып,иенені суырыңыз


  10. ,Мақта домалағын теріден алмай иньекция орнына массаж жасаңыз.




Бұлшық етке иньекция салатын орындар:


  1. Жамбастың жоғарғы сыртқы бөлігі


  2. Жамбас бұлшық еті


  3. Іш бұлшық еті


  4. Иық және тізе бұлшық еті


    Асқынулары:
  1. инфильтрат


  2. абсцесс

  3. иненің сынуы

  4. жүйке талшықтарының зақымдануы


  5. аллергиялық реакциялар


  6. дәрілік заттардың қате енгізілуі


  7. майлы эмболия





2.Тамыр соғысына анықтама және сипаттама беріңіз. Дені сау адамдардағы
тамыр соғысының көрсеткіші.


Артериялық тамыр соғысы – ол артерия қабырғасының ырғағымен соғуы, қанның жүрек жиырылған кезіндегі артерия жүйесіне лақтырылуы. Тамыр соғысы орталық (орта ұйқы артериясында) және перифериялық (шеткерлік) түрлеріне бөлінеді. Диагностикалық мақсатпен тамыр соғысын иықтық, самайлық, шаптық, тізелік артериялардан анықтайды. Көбінесе тамыр соғысын кәрі жілік артериясында

өлшейді. Тамыр соғысын зерттегенде, оның жиілігін, ырғақтығын, толуын, толықсуынанықтау маңызды. Тамыр соғысының мінездігі артерия қабырғасының икемділігімен байланысты.


Жиілігі - тамыр соғысының минуттағы толқын көлемі. Норма бойынша сау адамның тамыр соғысы минутына 60-80 рет.

Тамыр соғысының жиі соғуы, минутына 85-90 рет болса, оны тахикардия деп атайды. Тамыр соғысы сирек (60- тан төмен) болса, оны брадикардия дейді. Егер дене қызуы бір градусқа көтерілсе, онда тамыр соғысы минутына 8-10 ретке дейін көбейеді.


Кәрі жілік артериясында тамыр соғысын анықтау,оның қасиеттеріне мінездеме беру


Мақсаты: Тамыр соғысының негізгі қасиеттерін анықтау: жиілігін,

ырғақтығын, толуын, толықсуын.




Көрсеткіші: ағзаның функционалдық жағдайын бағалау.


Жабдықтар: сағат немесе секундомер, температура қағазы, қалам.


Процедура барысы:

-пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз;


- процедураның жүрісін түсіндіріп, келісімін алыңыз;


-қажетті жабдықтарды дайындаңыз;


-қолды жуып, құрғатыңыз;


-пациентке ыңғайлы жағдай жасаңыз;


-2-,3-,4- саусақпен пациенттің қолының кәрә жілік артериясына салып, артерия қабырғасының қозғалуын анықтаңыз;


-60 сек ішінде тамыр соғуын өлшеңіз;


-тамыр соғу аралығын бағалаңыз;


-тамыр толуына баға беріңіз;


- кәрә жілік артериясындағы тамыр соғысы жоғалғанша қысып, толықсуына баға беріңіз;


-температура қағазына тамыр соғысының қасиеттерін, және қадағалау қағазына тіркеңіз;


-пациентке тексеру қорытындысын хабарлаңыз;


-қолды жуып құрғатыңыз.




3. Аяқты күту.


Халі ауыр науқастың аяғын жуу


Әзірле: 35-36ºС жылы су, сүлгі, сабын, леген


Іс-әрекет алгоритмі:


1. Матрацтың аяқ жағын валик секілді етіп орап қайырыңыз.
2. Кереуеттің үстіне ішінде жылы суы бар легенді қойып, аяғын сабындап жуу.
3. Аяғын сүлгімен құрғатып сүрту.
4. Қажет болса аяғының тырнағын алу.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет