Красворд сұрақтары 1. Адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетін бейнелеудің ерекше формасы бұл?
2. Адам әрекетінің нақтылы мақсатын, мазмұнын бейнелейтін қозғаушы мақсаттылық не деп аталады?
3. Объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы не делінеді?
4. Түйсіктің ерекше түрі. Ол денеге ішкі мүшелерден немесе сырттан қолайсыз тітіркендіргіш әсер еткенде туындайтын жан құбылысының жағдайы.
5. Адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттігінен туындайтын және біртіндеп дамып қалыптасып отыратын жан қуаты.
6. Сана мен дененің бір-бірінен қандай да бір жолмен бөлек орналасуы.
7. Адамның мінез-құлқын сапалы түрде меңгеруі, белгілі бір мақсатқа жетуде, іс-әрекетті орындап шығуда қиындықтарды жеңе білуі, сонда жарқырап көрінетін ішкі қуат көзі.
8. Қабылданған сезімдік ақпараттарды, яғни сезінулерді ұйымдастыру, айқындау және түсіндіру, сол арқылы объектті бейнелеу, түсіну және өзгелерден ажыратудай маңызды сана қабілеті.
9. Ақиқатты тану мақсатында белгілі, немесе байқалған ақпараттардан логикалы түрде ойқорытынды жасайтын жоғары сана қабілеті.
10. Пәннің аты.