«Математикалық құзыреттіліктің» даму деңгейлері компоненттері



Дата25.11.2023
өлшемі352,29 Kb.
#127125

«Математикалық құзыреттіліктің» даму деңгейлері компоненттері

Бүкіл әлемдік білім кеңістігіне енуге ұмтылып отырған Қазақстанның жалпы орта білім беру жүйесінде жақын арада түбегейлі өзгерістер болатыны 12 жылдық оқуға көшуге орай қабылданған тұжырымдамадан байқалады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты –еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анықтап көрсетілген.

  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты –еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анықтап көрсетілген.

Әлемдік тәжірибе мен ұлттық практикаға сүйеніп жасалған бұл ресми құжатта әрбір оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру нәтижелелерінің алғаш рет енген, үш түрлі құзыреттіліктер жиынтығын игеруі мақсат етілген: өзіндік менеджментке жататын өмірде кездесетін проблеманың шешімін табу құзыреттілігі; білімнің мазмұнына шоғырланған ақпараттық құзыреттілігі; білім алу үшін аса қажет білімді игерумен бірге жүретін қарым -қатынастық, коммуникативтік құзыреттілік.

Құзырлылық – мектеп бітіруші жастардың өзінің және қоғам өмірінің өркендеуіне жауапкершілігін сезінуі, оған дайындығы мен қабілетін көрсетеді.

Құзырлылық – мектеп бітіруші жастардың өзінің және қоғам өмірінің өркендеуіне жауапкершілігін сезінуі, оған дайындығы мен қабілетін көрсетеді.

Сондықтан білім беру жүйесі мен әр педагогтің міндеті оқушының ізденімпаздығы мен дербестігін дамыта отырып, өз қабілеттерін жүзеге асыруда шығармашылық сипатта іс - әрекет етіп, мәдениет деңгейінің жоғары сатысына жетуде мемлекеттің құқықтық жүйесі мүмкіндіктерін білу, білімі мен біліктіліктерін үнемі жетілдіру болып табылады.


Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар құрастыруда үш деңгей
тексеріледі:
Бірінші деңгей (еске түсіру) белгілі фактілерді, стандарт тәсілдерді бірден қолдану,эквивалентті түсініктерді айырып тану,таныс математикалық объектілерді және қасиеттерді тану,стандартты процедураларды орындау, белгілі алгоритмдерді және техникалық дағдыларды қолдану,стандарт,таныс
өрнектер мен формулалармен жұмыс істеу, есептеулерді тікелей орындау.
Екінші деңгей (байланыстарды анықтау деңгейі) стандарт болмайды,бірақ оқушылар зерделеген материалдарға құрылған немесе белгілілер шеңберіне өте аз дәрежеде енетін есептерді шешу бойынша репродуктивті іс-әрекеттерге құрылады.Әдетте,бұл есептерде олардың шешімінің түсіндірмелеріне талаптар көбірек қойылған,есеп шартында сипатталған жағдаяттардың түрлі ұсынылымдарының арасындағы,есеп шартындағы мәліметтердің арасындағы байланыстарды белгілеу ойластырылады
Үшінші деңгей (пікір айту деңгейі) –осыған дейінгі, деңгейдің әрі қарай дамуы ретінде құрылады.Осы деңгейдегі тапсырмаларды орындау үшін математикалық құралдарды таңдауда шығармашылық қабілет,бағдарламаның әр түрлі бөлімдерінен білімді қолдану,өз бетінше іс-әрекет алгоритмін жасау талап етіледі.Ереже бойынша тапсырмалар кешенді болып келеді және олар көп мәліметтерді қамтиды; оқушылар көбінесе заңдылықтарды тауып,жалпылау және алынған нәтижелелерді түсіндіріп оны негіздей алуы керек.

Осы орайда «Математика» оқу пәнінің мақсаттары:

Осы орайда «Математика» оқу пәнінің мақсаттары:

-коммуникация құралдарының бірі ретінде логикалық,аналитикалық және инженерлік ойлауды қалыптастыру және дамыту;

- қоршаған болмысты түрлендірудегі математиканың рөлі жөніндегі түсініктерді дамыту;

- белгілі математикалық модельдердің көмегімен күнделікті өмірге жақын жағдаяттардағы проблемаларды шеше білуге дайындау;

- табиғат құбылыстарын, қоғамдық үдерістерді сипаттауда математикалық және ақпараттық әдістерді пайдалану біліктерін дамыту.

Математиканы оқытудың негізгі міндеттері:

Математиканы оқытудың негізгі міндеттері:

- Жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде, қоршаған ортаны сипаттау нысаны мен таным әдістері ретіндегі математика туралы түсінік қалыптастыру;

- оқыту барысы мен нақты өмірде қолдануға қажет болатын математикалық білім,білік,іс-әрекет тәсілдері жүйесін берік әрі саналы түрде игеруді қамтамасыз ету;

- математикалық іс-әрекетке тән ойлау сапасын қалыптастыру,қоршаған ортаны танып білуге арналған нысандарды бақылай,өлшей және модельдей алу мен оларды практикалық өмірде қолдану;

- оқу бағдарламасы оқу материалының мазмұнын және пәннің құрылымы іріктеудің төмендегідей негізгі ұстанымдарына сүйенеді:ғылымилық,білім

берудің үздіксіздігі, іс-әрекеттік, пәнаралық интеграция, қолжетерлік, оқу-шылардың дара жетістіктері мен шығармашылығын ескеру.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет