Күрес түрлері. Адамның дене шынықтыру жаттығулармен шұғылданудың



бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі29,87 Kb.
#13355
түріҚұрамы
  1   2

Күрес  түрлері.

Адамның дене шынықтыру жаттығулармен шұғылданудың тиімділігі педагогмкалық процсстің ұйымдастырылуына, ғылыми жөне материалдық қамту денгейіне, басқару және бақылау операциясыныңң жетілуіне байланысты. Еркін күрес жүйесінің белімдері белгілі бір құрамымен, оның атқаратын тиісті қызметімен, өзге қоғамдар жүйесінің өзара байланысының ерекшеліктерімен силаттапады. Барлық осы бөлімдердің жүйе құрылымындағы негізгі мақсаты - адам денесінің жан-жақты жетілуін жузеге асыру. Жүйенің жұмыс істеу нәтижесі оның бағытының мақсаттылығына және жүйеге енетін бөлімдерді түрлдірулеріне байлалысты.

Дене тарбиесінін жүйесі коғамның өзге де жүйелернен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Мәдениеттің, ғылымның, экононмканың және өнердің әсерімен дами отырып, дене төрбиесінің жүйесі коғамдық өмірдің барлық салаларына өзінің әсерін тигізеді. Жүйенің өз функциясын толық мағынасында орындау - әртүрлі жағдайлардан, әуелі қоғамдық-саяси құрылымның сыйпатына тауелді. Оның себебі, дене тәрбиесінің жүйесі сол құрылым ішінде бірге, дамиды. Бұл ретте мынандай жағдай ескеріледі: тек қана мемлекеттік құрылыс дене төрбиесі жүйесінің идеялық бағыты мен бірге мүліктік қорын (спорт құрылыстарын салу, арнаулы құрал-жабдықтар дайындау, маманданған кадрлар дайындау, ғылыми жағынан қамту, әдістсмелік әдебиеттермен жабдықтау т.б.) белгілеп отырады.

Қазақстан елі өз тәуслсіздік бағытгағы даму жағдайында дене тәрбиесі жүйесі жан жакты жетілдірудің мүмкіндіктері молайды. Жаңа дамып келе жатқан қоғамның құрамды бөлігі бола отырып дене тәрбиесінің жүйесі жалпы халыктық, кемелденген өлеуметтік жүйенің барлық белгілерін иемденген. Қазіргі кезеңде еліміздегі дене тәрбиесінің жүйесі осы қоғамда өмір сүретін адамдардың ден саулықтарын нығайту мен қоса тұла бойыңдағы биологиялық- психологиялық қасиеттердің жан-жақты жетілуіне барлық жұмысын бағыттаған әлеуметтік ұйым болып табылуға тиісті.

Күрес өнеріне баулудағы ең бір күрделі кезең болып саналатын, әрбір жаттығушыға тән жекпе-жек кезіндегі өзін-өзі басқара алу дағдысын қалыптастыру болып табылады. Сол кездегі күрес өнерінің тактиксын меңгеру деп атаймыз. Белдесу барысын бағдарлау мен қарсыласын дегеніне көндіру балуанның шеберлік шыңына көтерілгендегінің куәсі. Себебі, күрес өнеріне шеберлікпен меңгергендіктерінің көрсеткіші алдағы жекпе-жек қарсыластарына қолданылатын әдіс айланы алдын ала сайлай білу және алысу кезіндегі өзін өзі басқара білуіне тікелей байланысты. Бұл күресті барлау (техникасы) екендігіне шек жоқ. Белдесу барысында әдіс айла жасау үшін бірде –бір ұтымды кезеңді ұйымдастыра алмаған балуан ешқашан дажеңіс тұғырына көтеріле алмайды. Бірақ, балуанның тактикалық шеберлігінің негізгі көздері техникалық дене қуатын және ерік жігерді кемелдендіру болып табылады. Мысалы, күрес өнерінің қыр-сырын техникалық жағынан жіті меңгерген балуан жекпе-жек бәсеке кезінде белдесу барысының тізгінін өз қолына алып, мақсат биігінен көрінері хақ. Егер күрес өнерінің техникасы жаттығу барысында тиянақта жүргізілсе, жекпе-жек барысының нәтижелілігі алдын ала қамтамасыз етіледі. Олай болса, тактикалық салауаттылықа жетудің бір ғана көзі күрес техникасына тән дей келіп, балуандық өнерге баулушылар күрес өнеріндегі тактика мен техниканы меңгеруді педагогикалық бір процесс деп түсінуін ескертеміз. Егер балуанның іс-әрекетті бір-екі тәсіл мен ғана шектелген жағдайда оның барлық белдесу барысындағы тактикасы бекерге тер төгумен аяқталады. Ал техникалық ауқымы мол күрес өнерін жетік меңгерген балуанның тактикасы әр қилы қимыл қозғалысының ширақтағы күрестің барлықкезеңдеріндегі жинақылығы сақтығы нәтижесінде өзі ойлағандай аяқталып отырады. Мұндай балуандардың әр бір күш санасар алдында өзіндік бағдарламасы бар дегенмен ойлау қаілеті бір орталықта тоғысып, оның жекпе-жегі көрермендер үшін де сәтті қойылған өнер көзіне айналады. Себебі, спорт өнеріндегі сайыс тек қара күштің құлы емес. Он-ең жоғарғы дәрежеге көтерілген тән мүмкіншілігінің де көрсеткіші.

Күрес өңірінде бапкерлердің жақсы нәтижеге жетуінің бірден-бір кепілі күрес әдістрін жүйелі түрде жетілдіріп отыру болып табылады. Олар өз шәкірттеріне тән ерекшеліктерді зерттеп, байыпты толық мәліметтер түзіп, жаттығуға алдын-ала дайындығын бағып көрсетеді. Шеберлігі шыңдалған бапкерлер –шәкірттер өсуіне, олардың организмдеріне тән мүмкіншіліктерді ескере отырып, жаттығу бағдарламасының арнайы кезеңдерден тұратын нақты жоспарлар жасайды.

Бапкерлер үшін алғы шарттардың бірі-жаттығушылардың күш қуатын арттырудың көзін тауып, күрес өнерімен машықтанушылар үшін оның басты мақсат екендігін ескерулері шарт. Себебі, күрестегі тактикамен техниканы белдесу барысында іске асыру балуанның күш-қуатына тәуелділігінде. Мысалы, қайратты, жойқын күш иесі-белдесі дарысында бәсекелесін өздегеніне көндіре алады. Ал шапшаң, шалт қимылды меңгермеген балуан әдіс қолдану сәтте үнемі кешігіп, сәтті кезеңдерді дайым қолдан шығарып алады. Нәтижеде ол қарсылысының жетегінде кетіп жеңіске жету үмітінен айырылады.

Күрес өңіріндегі тактикалық шеберлік-балуанның екрік-жігерінің жоғарылығына да тәуелді. Оған, батылдық, табандылық, тәуекелшілдік және бастамшылдықты жатқызуға болады. Мысалы, бір балуан бастапқы-кезеңнен-ақ жекпе-жек тізгінін өз қолына алып, белдесуді жеңіспен аяқтауды қамтамасыз етсе, екінші біреулері қарсыласын күрес барысында әдеп қалжыратын барып жекпе-жектің соңғы кезеңінен өз қолына ыждағатталықпен алып жеңіс тұғырына көтеріледі.

Күрес тактикасына тән белгілер-қайталанбайтын іс-әрекет пен шалт қимылдар, үстін-үстіне үдемелі шабулдар, көз ілеспейтін күрес тәсілі айлакерлікпен қарсыласының әдісіне дер кезінде кедергі жасай білу. Балуан шеберлігі мен тактикалық жағынан сауаттылығының негізгі белгілерінің бірі-оның белдесу барысындағы пайдаланылатын алуан түрлі әдіс-айлалары мен ширақтығы болмақ.

Белдесу процесіне тән тактикалық бағыттың негізгі бағыттары бізге белгілі: олар; бірінші үйреніп меңгерген айла-амалдарды пайдалану тактикасы, тәсілдерді дер кезінде пайдалануға жағдай жасау тактикасы, жекпе-жек тактикасы, жарыс жолдарындағы іс-әрекет.

Күрес жүйесі өртүрлі әлеуметтік топтарынын дене тәрбиесінің ерекшеліктерін ескеретін, өзара байланысты жекелеген дене тәрбиесі жүйесін құрауға тиісті. Бала бақша, орта мектеп жасындағы балалардың, арнайы орта оқу орнындағы, әскери кызметке баратыи, жоғары оқу орындарындағы жастардың әлеуметтік ұйым болып табылады.

Жоғарыда аталып өткен жүйенің негізгі түсініктеріне тоқталатын болсақ, оларға біздер осы енбектің соңғы тарауларында кеңінен талдау жасап өткенбіз. Дегенмен “дене тәрбиесі", “спорт”, “дене шынықтыру” т.б. түсініктердің өзара байланыстары мен айырмашылықтарын білу үшін ең әуелі анық ғылыми теориялық анықтамасын білуді талап етеді.

Дене тәрбиесі негізгі 2 бөлімнен түрады: біріншісі спорт, бұл жеке бастың белгілі бір жаттығумен түрақты түрде шұғылданып кәсіпке айналдыруы. Екіншісі дене шынықтыру. Бұл жеке бастың өзінің денсаулығын нығайту үшін ғана жаттығулармен шұғылдануы. Ал „Дене тәрбиесі" „дене шынықтыру деген түсінігінен туындап, негізгі бөлімдерінің бірі болып есептеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет