Критериалды бағалау түсінігі, қызметі мен міндеттері Критериалдық бағалау



бет1/3
Дата26.12.2023
өлшемі2,8 Mb.
#143501
  1   2   3

Критериалдық бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс..

  • Критериалдық бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс..
  • Критериалды бағалау қағидалары
  • Бағалау мақсаты кім жақсы, кім нашар екенін анықтау емес, әркімнің жоғары нәтижеге жетуіне жағдай жасау.
  • Бағалау «жоспарлау-оқыту-бағалау» үдерісінің ажырамас бөлігі.
  • Бағалаушы мен бағаланушы бағалау шарттары мен критерийлерін алдын ала білуі және айқын түсінуі керек.
  • Даму мен жетістіктер туралы нақты ақпарат алу үшін бағалау шарттары мен критерийлері алуан түрлі болуы керек.
  • Бағалау үдерісінің басты кезеңі бағалаушы мен бағаланушы арасындағы кері байланыс болып табылады.
  • Мұғалім ғана емес, оқушы да жақын арада не жасау қажеттігін нақты түсінуі керек
  • Өз қабілеттерін бағалауда оқушыға нақты ролдік үлгі керек.
  • 1. Критериалды бағалау оқыту мақсаттарына негізделуі керек және оқыту үдерісінде мұғалім оқушылар назарын үнемі аударып отыруы керек.
  • 2. Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктеріне бағыттала отырып, оқуды мақсатты, бағалауды ашық етеді.
  • 3. Критериалды бағалау оқушыларға түсінікті болуы креек.
  • 4. Критериалды бағалау барысында үштен артық емес критерий қолданылуы керек.
  • 5. Бағалау критерийлері тексеру жұмыстарын орындаудан бұрын хабарлануы, түсіндірілуі керек.
  • 6. Бағалау критерийлері мүмкіндігінше, оқушылармен бірге дайындалуы, жасалуы керек.
  • Критериалды бағалау талаптары
  • Критериалды бағалау маңызы
  • Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы
  • Оқушылардың өздері емес, тек жұмыстары бағаланады;
  • Оқушы жұмысы оларға алдына ала белгілі дұрыс жасалған жұмыс үлгімен салыстырылады;
  • Оқушыларға белгілі, сол арқылы қиналмай есептеу жасай алатын және ата-анасына хабарлай алатын, баға шығарудың нақты алгоритмі бар;
  • Бағалау критерийлері оқу мақсаттарының нақты көрсеткіштері болғандықтан, не оқып игерілсе, тек сол ғана бағаланады
  • Мұғалім үшін
  • Оқытудың сапалы нәтижелерін алуға мүмкіндік беретін бағалау критерийлерін жасауға;
  • Өз жұмысын талдау мен жоспарлау үшін жедел ақпарат алуға;
  • Оқытудың сапасын жақсартуға;
  • Әр оқушының жеке ерекшеліктері негізінде жеке оқу траекториясын құруға;
  • Бағалаудың әр түрлі құралдары мен амалдарын тиімді қолдануға;
  • Оқу бағдарламасы мазмұнын жетілдіру бойынша құнды ұсыныстар жасауға.
  • Оқушы үшін
  • Өз түсінгендігін көрсету үшін түрлі оқыту стилдері және ойлау әрекеттері мен қабілеттерін пайдалану;
  • Табыс критерийі маңызын түсіну, нәтижені болжау үшін бағалау критерийлерін білу мен түсіну;
  • Өзін және өзгелерді бағалай отырып, рефлексия жасауға қатысу;
  • Өз білімін нақты мәселелерді шешу, түрлі көзқарастарды жеткізу, сыни ойлауын көрсету үшін пайдалану.
  • Ата-ана үшін
  • Баланың оқу деңгейі туралы дәлелдемелер алып отыру;
  • Баланың оқудағы ілгерілеуін қадағалау;
  • Оқу барысында балаға қолдау жасау.
  • Бағалау функциялары:
  • Мотивациялық
  • Тәрбиелік
  • Дамытушылық
  • Түзетушілік
  • Ақпараттық
  • Бағалау қағидалары
  • Әділдігі
  • Шынайылығы
  • Жүйелілігі
  • Көрнекілігі
  • Критерий – (гректің kriterionпікір айту құралы деген сөзінен шыққан) соның негізінде баға берілетін белгі, бір нәрсені анықтау немесе бағалау, пікір беру өлшемі …
  • Критериалды бағалау жүйесі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет