Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет1/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)



Дәріс № 1. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат 
Жоспар: 
1. Саясаттану ғылымының пайда болуы және қалыптасуы. 
2. Саясаттану пәні, оның қызметі мен міндеттері. Саясаттанулық зерттеу әдістері мен негізгі 
парадигмалары. 
3. Саясаттанудың өзге ғылымдармен ара қатынасы. 
Саясаттану ғылым ретінде. Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика» және 
«логос» деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Яғни саясат грек 
сөзі «Politeia» (конституция), «polites» (азамат) және «politicos» (мемлекеттік қайраткер) деген 
сөзден шыққан. Кейбір ғалымдар саясат мемлекетті басқару өнері мен ғылым депте 
тұжырымдайды. Біріншісі мемлекеттік іс, мемлекеттік істі басқару мағынасын білдірсе, екіншісі 
ілім, ғылым деген мағананы білдіреді. Саясаттану дегеніміз саясат, оның қоғам мен жеке адамның 
өзара әрекеті туралы ғылым. Демек саясаттану ғылымы саясат және саяси билік, қоғамның саяси 
өмірінің қалыптасуы мен заңдылықтары, саяси мүдделер мен саяси қатынастар, саяси сана мен 
мәдениет, адамдардың саяси әрекеттері мен саяси үрдістері, халықаралық саяси қатынас туралы
біртұтас ілімдердің жиынтығын құрайды.
Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат 
тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын
халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни 
басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-
қасіретке соқтыратыны даусыз. Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте 
ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, 
саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері 
бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап 
іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, 
ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық 
тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі 
Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер 
бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифы бойынша билік құдайдың 
құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымен байланысты император болып есептелген. 
Ежелгі гректерде ен алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері болыпты-мыс. Б.з.б. бірінші 
мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-
этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель 
сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен 
тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, 
адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты.
Саясат түсінігі кең тұрғыда тұрғыда грек ойшылы Аристотельдің «Саясат» атты трактатынан 
кейін қолданыла бастады. Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым 
Аристотельді атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде 
оқытып, өзі жүргізді. «Саясат» деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір 
қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың 
пәнін қазіргі біздің - түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, 
хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан 
оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның 
адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану 
мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады. Грек ойшылдары саясат деп 
мемлекеттік басқаруды түсінді. Аристотельдің ойынша саясат ол патшалық ғылым, оның көмегімен 
адам өмірін жақсартып жетілген ауқатты қоғам құруға болады деп есептеген. Саясат адамшыл 
жүзеге асыру мүмкін емес. Саясатты жүзеге асыратын да, жасайтын да адамдар. Жақсы саясаткер 
болу үшін ғасырлар бойы білім мен тәжірибені жақсы меңгеру қажет. Саясат бұл ең алдымен ғылым. 
Ал мемлекеттің саяси жетекшісі әлеуметтік саяси экономикалық, мәдени, болмыс сандарын 
түсінетін әрі оны игерген ғалым. Ең атақты саяси ғылымдарының өкілдерінің бірі Макс Вебер 
«Политика как профессия и призвание» деген еңбегінде билікке ұмытылу ол мемлекет арасында 


болсын, мемлекет ішіндегі топтар арасында болсын билікті бөлуге ықпал жасау. Кімде кім 
саясатпен айналысады ол міндетті түрде билікке талпынады. Яғни осы тұжырым саясаттың ең 
негізгі түсініктерінің бірі.
Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде калыптасты. 
Швеция мемлекетінің Уфсла қаласында ең көне университетінде саясаттану пәні 1840 ж. бастап 
дамыған. Дублиннің католиктік университетінде 1855 ж. әлеуметтік және саяси ғылымдар 
кафедрасы құрылады. Жалпы ғылымда саясаттану ғылмы АҚШ пайда болған. Шын мәнісінде 
Еуропада пайда болды. Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық) әдістердің 
кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде 
(кейін Колумбия университетіне айналды) профессор Фрэнсис Либер "Тарих және саяси ғылым" 
деген кафедра ашты. Соның негізінде онда 1880 жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. 
АҚШ-тағы сияқты 1872 жылы Францияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер 
дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1886 ж. Колумбия университетінің 
бастауымен саяси ғылымдығының тоқсандығы атты бірінші ғылыми басылым шығады. 1889 жылы 
Американдық саясаттанушылардың белсенді қызметтерінің нәтижесінде Американдық Саяси және 
әлеуметтік ғылымдар академиясы, 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы 
құрылды. Бүгінде бұған 16 мың адам мүше, шамамен 300 ге жуық аймақтық бөлімшелер бар, 41 
секция бойынша жұмыс істейді. Осы кезден бастап Америкада саясаттану ғылымы дербес ғылым 
саласы ретінде қалыптасып, институализация процесін бастайды. Әртүрлі ғалым өкілдері, яғни 
тарихшылар, заңтанушылар, философтардың бірлесулерінің еңбегінің нәтижесі болды. XX 
ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның 
халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы 
құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің 
белсенділігін арттыру жолында казір де жемісті еңбек етуде. Саясаттануды барлық жоғарғы 
оқу орындарында міндетті түрде оқыту туралы 1948 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі (Парижде) 
қабылданған 
болатын. 
Саясаттану 
қазір 
көптеген
елдерде 
қоғамдық пәндер қатарынан жетекші орын алып отыр. Бүгінгі таңда АҚШ-тың, Шығыс елдерінің 
барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пән ретінде барлық факультеттерде міндетті 
түрде оқытылады, әлемнін ең ірі университеттері оған мамандар дайындайды. Мысалы, АҚШ-та 
саясаттанудың мамандандырылған 26 саласы бойынша білім береді. Шетелдерде, әсіресе, бұл 
ғылымның қолданбалы түрі кең өріс алған. Оны бітірген маман саясатшылар маңызды саяси 
шешімдердің жобаларын сараптауға, партиялар немесе басқа бірлестіктердің сайлау алдындағы 
бағдарламаларын талдауға, үкіметтік дағдарыстар мен халықаралық қатынастардағы шиеленіс 
жағдайларының себебін ашуға кеңінен пайдаланады. Бұрынғы Кеңес елінде бұл ғылымды партияға, 
халыққа қарсы, буржуазиялық ғылым деп айдар тағып, оқытылған болатын. Бірақ бұдан ол кезде 
саяси ғылымға еш көңіл бөлінбеген екен деген ой тумауға тиіс. Саясат мәселелері қаралып, 
зерттеліп жатты. Алайда, олар ғылыми коммунизм, тарихи материализм, Коммунистік партия 
тарихы сияқты коммунистік идеологияға негізделген пәндердін шеңберінен шықпайтын және ең 
алдымен қандай әлеуметтік-саяси процестер социализм мен коммунизмі әкелуі мүмкін, соның 
жолдарын іздейтін. Саясаттануға деген көзқарас 80 жылдардын екінші жартысында бұрынғы Кеңес 
Одағындағы түбегейлі реформаларға қоғамнын демократиялануына, тоталитарлық жүйенің 
күйреуіне байланысты өзгерді. 1989 жылдан Жоғары Аттестациялау Комиссиясында саясаттанудан 
эксперттік кеңес жұмыс істей бастады. 1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника бойынша 
мемлекеттік комитеті "Саяси ғылымдар" деген атпен саяси ғылым қызметкерлерінің тізімін ресми 
түрде бекітті. 1989-1990 оқу жылдарында Балтық бойы елдеріңде, 1990 жылдан бастап ТМД-ның 
басқа елдерінде саясаттану оқытыла бастады. Қазір Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында 
дерлік бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық 
университеті және Абай атындағы Алматы Мемлекеттік педагогикалық университетт бұл салада 
арнаулы мамандар даярлайды. 
Саясат саласында тараған мамандықтарға келсек, арнайы саяси білім берудің кәсіптер 
топтардың ішіндеең көп тарағандар ол саясаткерлер, саяси көмекшілер, делдарлар, сарапшылар, 
идеологтар жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет