Культурология 1-20 Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну
КУЛЬТУРОЛОГИЯ 1-20
Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну
Мәдениетті зерттеуде адамның ақпаратты өндіру, айырбастау және сақтау барлық іс әрекеті белгілі бір тұтастыққа ие деген бастапқы алғышарт болып табылады. Жеке алынған таңбалық белгілер жүйелері имманентті ұйымдастырылған құрылымнан тұрады деп топшыланса да бірбіріне сүйене отырып, яғни бірлікте ғана жұмыс істейді. Ешбір таңбалық белгі жүйесі оңашаланған қызметпен қамтамасыз ететін механизмге ие емес. Бұдан шығатыны, семиотикалық айналымдағы дербес ғылымдар сериясын құруға мүмкіндік беретін тұрғымен бірге, басқа да мүмкін, ол көзқарас бойынша оның бәрі семиотикалық мәдениеттің жеке аспектілерін қарастыратын, таңбалық белгілер жүйесінің қызметтік сәйкестігі жөніндегі ғылым. Осы тұрғыдан қарағанда мәдениет тілінің иерархиялық түзілуі жөніндегі сұрақ, олардың ішіндегі салаларды бөлу, бұл салалардың бірбірімен айқасуы немесе шектесуі жөніндегі жағдаяттар ерекше мәнге ие. 1.1. Семиотикалық тұрпатнамалық сипаттағы зерттеулерде мәдениет түсінігі бастапқы ретінде қабылданады. Бұл жерде мәдениеттің өзіне өз тұрғысынан қарайтын көзқарасы мен оны бейнелейтін ғылыми метажүйесінің көзқарасынан қарауды айыра білу керек. Бірінші ұстанымнан қарағанда, мәдениет шектелген аймақ түрінде көрінеді, оған одан тысқары жатқан адамзат тарихының, тәжірибесінің немесе ісәрекетінің құбылыстары қарамақарсы тұрады. Сонымен, мәдениет түсінігі оны «мәдениет емеске» қарамақарсы қоюмен ажырағысыз байланыста. Оның қандай ұстаныммен іске асуы (нағыз дін — жалған дінге, ағартушылықтың — надандыққа, белгілі бір этникалық топқа кіру — оған кірмеу және т.с.с. антитезі), — берілген мәдениеттің тұрпатына жатады. Алайда тұйық орта аясына кіргізілгендік пен одан бөлек болу сияқты қарамақарсылықтар мәдениет түсінігін оның «ішкі» көзқарас жағынан ұғынуының ерекше мәнділігін құрайды. Осы жағдайда қарама қарсылықты абсолюттендіру сипаты жүреді: мәдениет өзінің «сыртқы» контрагентін қажет етпейді және имманентті түсінуге келмейтін секілді. 1.1.1. Бұл көзқараспен қарағанда мәдениетті адамзат қоғамындағы ұйымдастыру (ақпаратты) саласы ретінде анықтау және оған ұйымдаспағандықты (энтропияны) қарама қарсы қою суреттеліп отырған зерзаттың ішінен берілген көптеген анықтамалардың бірі екені көрінеді; бұл XX ғасырдағы ғылым (бұл жерде — ақпарат теориясы) тек қана метажүйе емес, сонымен бірге суреттеліп отырған «қазіргі мәдениет» зерзатына кіреді. 1.1.2. «Мәдениет — табиғат» («істелген — істелмеген») оппозициясы жеке, тарихи шарттанған «енгізілген — енгізілмеген» антитезін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |