Курстың өзектілігі



бет1/8
Дата30.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#77436
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8

Түсінік хат
Бағдарлама мектептің физика курсының бағдарламасына қосымша оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, физика пәніне деген қызығушылығын арттырып, пәнді терең түсінуі үшін қажет. Бағдарлама оқушылардың қиындық келтіретін тапсырмалар, қызықты физикалық тәжіриебелер, қолдан құралдар құрастыру, табиғаттағы құбылыстарды бақылау, физиктердің өмірі мен қызметі туралы танымдық қабілеттерін, көзқарастарын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан тереңдете үйрету арықылы жеке тұлға қасиетін қалыптастырады.
Физика – экспериментпен теориялық әдістерді қолдана отырып, табиғат құбылыстарын зерттейтін ғылым. Физика қазіргі техниканың теориялық негізі болып табылады. Сол себепті жан – жақты қалыптасқан тұлға тәрбиелеу жолында бұл курстың маңыздылығы зор.
Бағдарлама құруда 7-класс оқушыларына арналған қосымша материалдар пайдаланылады.
Курстың өзектілігі: физика құбылыстары бойынша білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, бүгінгі жедел қарқынмен идамып отырған технологияланған қоғамда өмір сүруге бейімдеу, бағдар ала білу білігін қалыптастыру;
Курс теориялық және практикалық бөліктерге бөлінеді. Теориялық бөлімінде экспериментальды физикалық зерттеудің қажетті принциптері және әдістері туралы, физикалық принциптерге негізделген құрылғылар және оларды экспериментте қолдану туралы қажетті білім беріледі.
Практикалық бөлім фронтальды зертханалық жұмыстар, практикумдар және экскурсиялардан тұрады. Фронтальды зертханалық жұмыстар курстың теориялық материалын тереңдетумен қатар оқушылардың біліктерін қалыптастырады.
Сонымен қатар бұл курс оқушылардыңі шығармашылық қабілетін дамытуға, негізгі физика бағдарламасы материалын терең меңгеруге және қабілеті бар оқушылардың қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді.
Бұл курстың теориялық бөлімі оқушылардың қазіргі заманғы техника туралы біліктерін жалпылауға, техникалық құрылғылардың негізгі принциптері туралы білімдерін жүйеге келтіруге мүмкіндік береді. Сабақтар лекция, әңгіме, техникалық құрылғылар және приборларды құрастыруға арналған өзіндік жұмыстар, өздері дайындаған прибормен зертханалық жұмыстар жүргізу түрінде өтіледі.
Теориялық сабақтар барысында зерттелініп отырған құрылғылар мен приборлардың физикалық принциптерін, толық қарастыру қажет, өйткені бұл процесс оқушының салыстыру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл әдіс оқушының құрастыру кезіндегі жеке жұмысында технологиялық міндеттерді шешудегі шығармашылық дағдысын қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет