I. ӨЗіндік жұмыстар химияны оқытудың негізгі формасы өзіндік жұмыс туралы жалпы түсінік



бет1/11
Дата16.09.2022
өлшемі88,05 Kb.
#39250
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

I. ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАР ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ



    1. Өзіндік жұмыс туралы жалпы түсінік

Өздік жұмыс дегеніміз – оқушылардың жаңа білім, дағды, икемділіктер мен ғылым әдістерін меңгерудің маңызды жолы. Өздік жұмыс тұтасымен алғанда оқу процесі сияқты біліи беру, тәрбие, дамыту функцияларын атқарады [9] .


Өздік жұмыстың білімділік функциясы химия ғылымының негізгі әдістерін игеруде көрінеді. Оған жататындар: сараптау іскерлігі, есептеу есептерін шығару дағдысы, химиялық тілді дұрыс меңгеруі және т.б.
Тәрбиелік функциясы дара тұлғаның кейбір ерекше қасиеттерін қалыптастыруға байланысты. Олар еңбек сүйгіштік, қиыншылық жеңе білу, табандылық, өз - өзіне сенімділік.
Дамытушы функциясы – дербестік пен тәуелсіздікті, зияттылық шеберлігін дамыту (өздік бақылау, негізгіні бөліп көрсету, тұжырымдау, ой қорыту, байқағыштық, сезімтадық және т.б.)
Өздік жұмыс ол алдымен оқушы әрекетінің бір түрі. Ол оқытушы бақылауымен жүргізілетін әрекеттер мен операциялардан тұрады. Өздік жұмыс әр түрлі ұйымдасу формасында өтуі мүмкін: Ұжымдық, топтық, жекеше. Мысалы әр оқушы жеке тапсырма алады немесе оқушылра тобына беріледі. Сол сияқты өздік жұмыс оқыиудың кез келген кезеңінде жүруі мүмкін немесе арнайы сабақтың үстінде өтіледі. Өзіндік жұмыстар оқытудың әр түрлі кезеңдерінде жүзеге асады, арнаулы сабақ түрінде де өтуі мүмкін. Оқушылардың әрбір дербес жұмыстарын өзіндік жұмыс деп санауға болады.
Оқушылардың пәнге қызығуын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру мүмкін емес, сондықтан да әр түрлі өзіндік жұмыстар жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім сапасын арттыруға септігін тигізіп, кәсіптік бағдар беріп, мамандықты еркін таңдауға көмектеседі [6] .
Оқушылардың қалауы бойынша ұйымдастырылатын оқу - тәрбие жұмысын өзіндік жұмыстар деп атайды. Дегенмен, оқушылардың бос уақыттарында білімін дамытуға байланысты жұмыстары әр түрлі мағынадағы терминдермен аталып жүр. Біз баспасөзден «сабақтан тыс», «мектептен тыс », «сыныптан тыс» деген термин сөздерді жиі естиміз. Бұл терминдердің кейбір ұқсастық жақтарымен қатар, бірінен - бірінің елеулі айырмашыдықтары да бар.
Сабаққа байланысты мұғалімнің тапсырмасы бойынша бүкіл бір сыныптың оқушылары орындайтын өзіндік жұмыстар бар. Бұлар күнделікті сабақпен, зертханалық және сарамандық жұмыстармен байланысып жатады. Химиядан жүргізілетін өзіндік жұмыстар оқушылардың ықыласы мен қабілетін арттырып қана қоймай, мектептегі оқу - тәрбие жұмысын жоғары деңгейге көтеруге көмектесуі тиіс.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет