«Күзгі думан – 2023» 1-жүргізуші



Дата10.12.2023
өлшемі17,84 Kb.
#136135

«Күзгі думан – 2023»
1-жүргізуші:
Армысыздар ағайын, құрбы - құрдас!
Бармысыздар жанкүйер, әз - қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық.
Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отырайық
Ұмыттырар күн бойғы шаршағанды.


2-жүргізуші:
Армысыздар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып, «Күзгі думан – 2023» мерекесімен құттықтаймыз.


1-жүргізуші: Ерке өсіп, ең жайланған ұл мен қыз,
Асыға сәлем жолдап, жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп келіп тұрмыз.
«Күзгі думан – 2023» атты байқауымызға қатысатын үміткерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз.
8 сынып қатысушылары: Абдеш Дияр және Сәндібек Ақбота
9 сынып қатысушылары: Қонысбай Мансур және Балмурзина Аяулым
10 сынып оқушылары: Боранбай Данабек және Сейтім Аяжан


2-жүргізуші: Ал енді әділ баға беретін әділ қазыларымызбен таныссақ:


1-жүргізуші: Сайыс жеті бөлімнен тұрады:
1. Кел танысайық (әр жұп өздерін таныстырады)
2. Сұрақ-жауап
3. Бейнеролик
4. Күзгі сән үлгілерін көрсету
5. Өз өнері
6. Күзгі сыйы (күзге байланысты тамақтар)
7. Вальс (әр жұп жеке-жеке билейді)
2 - жүргізуші: Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, алдымен жұптың қайсысы бірінші болып шығатынын анықтап алайық. Ол үшін жеребе тартса дейміз жігіттер.
Ал енді қатысушыларымызды сахна сыртына дайындалуға шығарып салсақ.
Таныстыру:
1 жұп.
2 жұп.
3 жұп.


1-жүргізуші: Алдарыңызда 9 сынып оқушысы Төлегенова Айзияны әсем әуенімен сахнаға шақырайық.


1-жүргізуші: Өткізді күзгі бал айын.
Ағызар сөйлеп сөз майын,
Ал ханымыз ақылды.
Барша жұртты шақырды,
Би де билеп ән айтты.
Қуаныштан шалқыды.
Ханзадаларымыз бен ханшайымымызды логикалық түрде тексерсек , «Сұрақ-жауап» бөліміне кезек берейік. Жұптарға арнайы сұрақтарды мектебіміздің кітапханашысы ? қояды.
1 жұп.
2 жұп.
3 жұп.


2-жүргізуші. Қатысушыларымызды сұрақтармен сынға алып болсақ, келесі кезекті бөлімімізді бастасақ. Алдарыңызда қатысушыларымыздың түрлі идея құрып, түсірген бейнероликтерін тамашаласақ.
1 жұп.
2 жұп.
3 жұп.
Бейнеролигімізді тамашалап болсақ, 9 сынып оқушыларының әсем әуендерімен қарсы алайық.


1-жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.
Күз сәні өнерімен ортаға шығып,
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен - деп қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған сән үлгісінде ортаға шақырамыз. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.
1 жұп.
2 жұп.
3 жұп.
Қатысушыларымыз дайын болғанша 9 сынып ұйымдастыруымен көрермендер арасында ойын.


2-жүргізуші:
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден.
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден.
Ортада сайыскерлеріміздің «Өз өнерлерін»тамашалайық.
1 жұп.
2 жұп.
3 жұп.


1-жүргізуші. Күз мезгілі молшылықтың белгісі іспетті. Бұл мезгілде түрлі дәмді көкөністер мен жемістерімізді жинап, дәруменге тоятын кезіміз емес пе, Досым, айтшы, қандай керемет десеңші я.! Ендеше осындай дәрумендерден сұлуларымыздың дайындап әкелген тағамдарын ортаға алдырып, баға берсек:
1 жұп.
2 жұп.
3 жұп.


2-жүргізуші. Шалқып, тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Бүгінгі күз кешінде
Би билейік бәріміз, – деп келесі бөліміміз: «Күзгі вальс»
Ортаға 1 - ші қатысушыларды билеуге шақырамыз. Содан соң 2, 3 қатысушылар шығады.


1-жүргізуші. Алтын күз сізбен бізге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Сөз кезегін әділ-қазы алқасына берсек.
Әділқазылар қатысушыларды бағалап болғанша 8 сынып оқушысы Жеткербай Нұрхатты керемет әнімен сахнаға шақырайық.
Сөз кезегін мектебіміздің директоры Жетесова Қарылғаш Абнаимовнаға берейік.


1-жүргізуші: Алтын күзіміз өзінің бай өнімі, алтын жапырақтары, берекелі, мерекелі, сиқырлы кейпінде біздің ойымызда жақсы бағытта сақталары сөзсіз!


2 -жүргізуші: Осымен ,« Күзгі думан – 2023» байқауы өз мәресіне жетті. Күздің әдемі бағының келбетін, сұлу табиғатын, жайлы күндерін естеріңізде сақтап, келесі күзімізге дейін аман-сау болыңыздар дейміз!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет