Нуркеева Аружан 19-08 Не өндіру керек? Қандай қызмет көрсету қажет



бет1/6
Дата10.02.2023
өлшемі72,56 Kb.
#66958
  1   2   3   4   5   6

Нуркеева Аружан 19-08



  1. Не өндіру керек? Қандай қызмет көрсету қажет.

Мысалы, егер менде қандайда бір дүкен болса, нақтылай алатын болсақ бет күтімі және косметика дүкені деп алып қарайтын болсақ. Маған өндіру керек нәрселер әрине бірінші кезекте аты айтып тұрғандай косметика, бет күтіміне арналған кремдер, жақпа майлар, жуғыш көпіршіктер және т.б.
Ал қызмет жағына келетін болсақ, мен келген тұтынушыларға, олардың бет терісіне сәйкес келетін өнімді таңдауға олардың сапасы жағынан, танымал өнімдерге қызығушылар болса, трендтегі өнімдерді көрсетуім керек, олардың менімен кеңесуіне барлық жағдайды жасауым керек.

  1. Қанша өндіру керек? Қанша қызмет көрсету керек?

Егер алғашқыда өндірген өнім өз жемісін беріп, алдыңғы қатарға шығып ортада көп сұранысқа ие болатын болса, ол өнімді барлық қызығушылар қолдана алатындай жеткілікті мөлшерде өндіру керек. Мысалы, бетке жағатын кремді алсақ ол алдынғы айда 500 данасы сатылып тағыда, сұраныста болатын болса онда келесы айда одан екі есе яғни 1000 данасын шығаруға болады деп есептей берген дұрыс. Қанша қызмет көрсету деген менің түсінігім бойынша өнімнен шығатын табыс көзі. Егер аталмыш крем жобамен 350тг тұрса, оның алдыңғы айдағы сатылған данадан 175 000 тг түсу керек. Ол өнім сұранысқа ие болуы өндірушілерге, қожайынға тиімді болғаннан кейін, өнімнің бағасын сәл өсіріп алдыңғы айдан көбірек данасын шығаруға болады. Солайша келер айға өнімнің бағасын 400 тг өсіріп 1000 данасын сататын болсақ, өндірілген өнімнен 400 000 тг түседі.

  1. Қалай өндіру керек? (қандай технология керек?)

Біздің мысал келтіріп отырған өнім крем болғандықтан оны өндіру үшін оның құрамына назар аударамыз. Қарапайым балалар кремін өндіру үшін парафин,ментол, витамин Ғ, кондитерлік май, таза май, су,ланолин, түймедақ қоспалары керек болады. Бұл аталмыш қосылыстарды шығаратын,өңдейтін арнайы құрылғылар, технологиялар бар. Тек солардың көмегімен ғана өнім жүзеге асады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет