Learning Apps бағдарламасын қалыптастырушы бағалау құралы ретінде пайдалану Қазыбекова С.Қ., Жасталап К. А



бет1/4
Дата07.11.2022
өлшемі20,92 Kb.
#47967
түріБағдарламасы
  1   2   3   4




Learning Apps бағдарламасын қалыптастырушы бағалау құралы ретінде пайдалану
Қазыбекова С.Қ. , Жасталап К.А.
50 орта мектеп математика пәнінің мұғалімдері

Қазіргі заман – қарыштап дамыған білім заманы. Ғылым мен білімнің дамуына қызмет ету – еліміздің болашағына қызмет ету. Ендеше қазіргі заман оқушысы сыни ойлап, өзін-өзі бағалай алатын, алған білімін күнделікті жағдайларға қолдана алатын, бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс.
Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу мұғалімдер алдына үлкен міндеттер жүктеуде. Солардың бірі оқушылардың бағдарламаны меңгеруі мен олардың жетістіктері бағалаудың дәстүрлі тәсілдерін өзгерту. Бағалау жүйесіндегі тиімділігі маңызды көрсеткіштердің бірі орта білім беретін мектептердегі білім беру әрекеттерінің қалай қызмет ететінін, даму жағдайын, білім алушыға, оның нәтижесіне әсер етуін көрсететін білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін бағалау жүйесінің қаншалықты сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың шама деңгейіне соншалықты байланысты.
Мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін бағалаудың жаңа жүйесі қалыптастырушы бағалау үрдісін енгізілді.
Жаңартылған білім беру мазмұнында оқушылардың өз жетістіктерін бағалауда жауапкершіліктерін күшейту негізінде бағалаудың дәстүрлі әдістерінен қалыптастырушы бағалауға көшу тиімді деп есептеймін. 
Мақсаты:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын және тақырыпты оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында өз тәжірибемде қалыптастырушы бағалау құралдарын белсенді пайдалану. 
Міндеттері:
v LearningApps қызметінің құралдарын үйрену;
v серверде интерактивті қосымшалар жасау;
v сабақтың түрлі сатыларында сервер құралдарын қолдану;
v оқушылардың өзін - өзі бағалау қабілетін дамыту;
v оқушылардың белсенділігін және қызығушылығын арттыру;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет