Лекция № Сабақтың тақырыбы: Сипаттізім



бет1/4
Дата06.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#12887
түріЛекция
  1   2   3   4

Лекция №

Сабақтың тақырыбы: Сипаттізім

Сабақтың мақсаты: Сипаттізім кесте туралы білім алу. Сипаттізім кестені салу және толтыру техникасын үйрену.
Жоспар:

1. Сипаттізім туралы түсінік

2. Сипаттізім кестені салу тәсілдері

3. Сипаттізім бөлімдері және оны толтыру ережесі



1. Сипаттізім (спецификация) (МЕСТ 2.108-68) – құрастыру бірлігінің құрам бөліктерін анықтайтын, көрсетілген бұйымдарды дайындауға және өндіріске жіберуге қажетті мәліметтерді жазуға арналған кестеден тұратын мәтінді конструкторлық құжат.

Сипаттізім – жаңа бұйымды жобалауда толтыратын мәтінді конструкторлық құжат. Ол құрастыру сызбасын оқуды жеңілдетеді. Сипаттізім бұйымның құрам бөліктерінің санына қарай бір немесе бірнеше, ол А4 пішімдегі жеке сызба қағазы мен негізгі жазудың үстінде орындалады. Сипаттізім мен негізгі жазудың өлшемдері 1-суретте көрсетілген. Ол құрастыру сызбасы бірлігінің құрамын, бұйымға арналған құрылмалық құжаттарды жинақтау үшін қажет. Сипаттізім А4 пішіміндегі жеке сызба қағазға орындалады және негізгі жазудың үстіңгі жағына жазылады. Ол 7 бағаннан тұрады. Сипаттізімнің өлшемдері суретте көрсетілген. Оның бірінші жағанына бұйымның сызбасы салынған қағаздың пішімі, екіншісіне тетікбөлшек көрсетілген пішімнің зонасы, үшіншісіне тетікбөлшектің тіркеу нөмірі жазылады. Ені 70мм төртінші бағанға бұйымның белгіленуі көрсетіледі, бірақ оқушылар бұл бағанды толтырмайды. Бесінші бағанның ені 63 мм, оған бұйымдардың атаулары жазылады. Стандарт тетікбөлшектер үшін олардың атауларынан кейін белгілеріде жазылады. Мысалы, «Болт М12 х 60 МЕСТ 7798-70» деп жазылуы мүмкін. Алтыншы бағанға бұйымның саны көрсетіледі, ал соңғы бағанға ескертулер жазылады. Мысалы, егер тетікбөлшек дайын күйінде басқа мекемеден алынатын болса, онда бұл бағанға «сатып алынған» деп жазу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет