Лекция № Сабақтың тақырыбы: Сипаттізім


Сипаттізім былайша топтастыралады



бет2/4
Дата06.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#12887
түріЛекция
1   2   3   4
2. Сипаттізім былайша топтастыралады:

1. Сызбалардың қандай пішімде орындағаны жазылады;

2. Құрама бөлік болатын аумақтар жазылады;

3. Тетіктердің реттік нөмірі жазылады;

4. Сызбаның белгіленуі;

5. Тетіктердің атаулары жазылады;

6. Тетіктердің саны жазылады:

7. Қосымша мəліметтер (ескерту) жазылады.



Сипаттізім бағандары

«Пішім» бағанында тетікбөлшек сызбасы немесе басқа конструкторлық құжат орындалған пішім өлшемі көрсетіледі: баған «Стандарт бұйымдар», «Басқа да бұйымдар» және «Материалдар» бөлімдері үшін толтырылмайды.

«Аумақ» бағаны. Аумақ белгіленуі көрсетіледі (МСТ 2.10468). Егер сызба алаңы «Құжаттар» және «Комплектілер» бөлімдері үшін екі аумаққа бөлінсе бұл баған толтырылмайды.

«Реті» (позициялар) бағаны. Құрастыру бірліктері бөліктерінің реттік нөмірі сипаттізімге жазылу ретімен көрсетіледі.

«Белгіленуі» бағаны. Бұл бағанда конструкторлық құжаттардың белгіленуі көрсетіледі. «Стандарт бұйымдар», «Басқа да бұйымдар» және «Материалдар» бөлімдері үшін толтырылмайды.

«Атауы» бағаны. Бұйымдардың атаулары жазылады. Құрастыру сызбасы шығарылмаған тетікбөлшектер үшін олардың атауы, материалы, дайындауға қажетті өлшемдер; стандарт бұйымдар мен материалдар үшін – атаулары мен стандартқа және техникалық талаптарға сәйкес шартты белгілері көрсетіледі.

«Саны» бағаны. Бұйымның құрам бөліктерінің саны көрсетіледі.

«Ескертулер» бағаны. Бұйымға және құжаттарға қатысты қосымша мәліметтер көрсетіледі.

а) ә)


1-сурет

2-сурет




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет