Лекция №3 Лекцияның тақырыбы: Қарақалпақ әдебиеті



бет1/2
Дата06.12.2022
өлшемі29 Kb.
#55239
түріЛекция
  1   2

Лекция № 3




Лекцияның тақырыбы: Қарақалпақ әдебиеті
Лекцияның оқыту нәтижелері:
ПОН1- Түркі әлемі әдебиетіндегі классикалық туындылардың мазмұнымен танысады;
ПОН2 – Түркі әлемі әдебиетіндегі классикалық шығармалардың көркемдік әлеміне бойлайды;
ПОН3- Түркі әлемі әдебиетіндегі классикалық шығармалардың идеялық-эстетикалық деңгейін түсінеді.
ПОН4 – Түркі әлемі әдебиетіндегі туындыларының көркемдігі, композициясы мен сюжеті, көркем әдебиеттің тегі мен түрі, троптар мен фигуралар, өлең құрылысы туралы білімді меңгереді.
ПОН5 – Түркі әлемі әдебиетіндегі туындыларында көрсетілген көркем сананың эстетикалық заңдары мен формаларын түсінеді.
ПОН6 - Түркі әлемі әдебиетіндегі туындыларының идеялық-эстетикалық деңгейі мен мазмұндық әлеуетін түсінеді.
Лекцияның мазмұны:
Қарақалпақ – ауыз әдебиетіне бай халық. Оның «Қырық қыз», «Ашық Ғаріп», «Шадьяр» т.б. батырлық және лиро-эпостық жырлары ертеден мәлім. Жазба әдебиеті 18ғ-дан басталады. Ол кезде әдебиет әлеміне Жиен жырау Тоғайұлы (18ғ)ғ Күнқожа Ибраимұлы (1799-1880), әжінияз Қасыбайұлы (1824-78), Бердақ Қорғабайұлы (1827-1900), Омар Өтеш (1828-1902), Омар Сүйірбабатұлы (1879-1922), Құлмұрат (1838-1917), Сыдық Шамр (1857-1917) сияқты ақындар шығып, өздерінің тамаша өлеңдері мен жыр-дастандарын ел ішіне кең таратты. Жиен жыраудың «Босқан ел» толғауы мен Бердақтың «Ақимақ патша» атты дастаны-қарақалпақ әдебиетіне елеулі із қалдырған аса маңызды шығармалары. Әжінияздың «Боз отауы», Бердақтың «Ерназар би», «Айдос би» деген шығармалары 19ғ-ды тарихи шындыққа құрылды. Қарақалпақ әдебиетінде кеңес үкімітінің алғашқы кезеңдерінен бастап, басқа да жанрлар дамыды. Жаңадан проза, драматургия жанрлары тып, әдеби сын, әдебиеттану ғылымы дамыды. А.Мусаев (1880-1936), С.Мәжитов(1869-1938), А.Өтепов (1904-34), А.Дабылов (1898-1970), С.Нұрымбетов (1900-71) сияқты ақын-жыраулар сол кездегі жаңа заман кеңес өкіметін, оның көсемдерін мадақтаған өлеңдер жазды. А.Бегімов (1907-58), Ж.Аймырзаев (1910ж.т.), М.Дәрібаев (1909-42), Ә.Шамұратов (1912-53), Б.Қайыпназаров (1916ж.т.) т.б. елеулі еңбек етті. Бұлардан кейін келіп қосылған Х.Сейтов (1917ж.т.), Х.Тұрынбетов (1926-68), Т.Жұмамұратов (1915ж.т.), И.Юсупов (1929ж.т.)т.б. ақындар өздерімен бірге қарақалпақ поэзиясына сыршылдық лирика, сатира, юмор, мысал т.б.жанрларды ала келді.
Қарақалпақ әдебиетінде 20жылд-ң 2 жартысынан көріне бастады. М.Дәрібаевтың «Мыңдардың бірі», Ә.Шамұратовтың «Ескі мектепте» атты көлемді прозалық шығармалары 30 жылдары жарық көрді. 50 жылдары
жазылған А.Бегімовтың «Балықшының қызы» (1958), Ж.Аймырзаевтың
«Амудария жағасында» (1958), Т.Қайырбеговтың (1929ж.т.)»Қарақалпақ қызы» (1-2кітап,1953-65) романдары қарақалпақ прозасын биік белеске көтерді.
Қарақалпақ әдебиетінде драматургия 20 жылдардың ортасында пайда болды. Қарақалпақ драматургтары С.Мажитовтың «Ерназар – Алакөз», «Бағдагүл»,
«Тазагүл», Қ.Әуезовтың «Жиек жолында», А.Өтеповтың (1904-34), «Теңін тапқан қыз» пьесалары – сол кездегі үздік туындылар. Кейінгі жылдарда жазылған Ж.Аймырзаевтың «Айгүл - абат», «Раушан», «Бердақ»,
А.Бегімбаевтың «Боз отау», «Ашық Ғаріп», М.Дәрібаевтың «Көклан батыр»,
«Жаңа адамдар», Н.Дәуқараевтың (1905-53) «Алпамыс» С.Хожаниязовтың

«Сүлейменге сүйкенбе», «Жас жүректер» пьесалары республика таетрларының репетуралрын байыта түсті. әдеби сын мен әдебиеттану ғылымы да дами түсті. Қарақалпақтың тұңғыш ғалымы Қ.Дәуқараев,
Өзбекстан ҒА-ның корр.мүшесі проф.И.Сағитов,М.Нұмұхамедов, филол.ғыл. докторлары Қ.Айымбетов, Н.Жапақов, С.Ахметов т.б. бұл салада жемісті еңбек етіп келеді.
Қарақалпақ, қазақ әдебиеті ежелден туыстас. Екі ел әдебиетінің озық
туындылары қос халыққа ортақ. Қарақалпақ дастаны «Қырық қыз» (1959), қазіргі қарақалпақ ақындарының шығармаларынан құрастырылған
«Қарақалпақ жырлары» (1962) қазақ тілінде жеке кітап болып шықты. :
Бердақ – шайыр өмірі, шығармашылығы.
Бердақ (лақап аты, шын аты-жөні – Бердімұрат Қорғыбайұлы)(1827,қазіргі Қарқалпақ жәренде, Мойнақ ауд.Құлыкөл,1900) – қарақалпақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын. Кедей отбасында туған. Діни мектептерде оқыған. Туысқан көрші халықтар әдебиетін (қазақ, Өзбек,түркімен) жетік білген. Шығыс классиктерін өзіне үлгі тұтқан, олардан үйренген. Басты
шығармалары: қазақ, қарақалпақ, Өзбек халықтарының шығу тегін баяндайтын «Шежіре» өз халқының Қоқан хандығына қарсы ерлік күресін суреттеген «Амангелді», тарихи тақырыпқа жазылған «Ерназар би» гуманизмді, халықтар достығы мен бостандығын жырлаған «айдос би»,
«Ақымақ патша» поэмалары т.б. Бердақ-шайыр шығармалары қарақалпақ поэзиясынан ерекше орын алады. Бердақ-шайыр шығармаларын жинау, зерттеу кеңес дәуірінде ғана (1935-38) қолға алынып, қазақ, орыс, Өзбек түркімен т.б. тілдерге аударылды.
Қарақалпақ әдебиеті. Қазақ - қарақалпақ, қарақалпақ - қазақ тілдері - түркі тілдес халықтар арасында ең жақын тілдердің бірі. Абайдың сөз өнері, туындылары қазақ халқына қандай ардақты болса, «сұрасқанда түбі бір, көріскенде түрі бір» қарақалпақхапқына«Қарақалпақ классикалық әде- биетінің биік шыңы Бердақ» шығармалары сондай бағалы, әрі қадірлі, әрі таныс. Екі халықтың сөз өнерін жасаушы қайраткерлері көркем сөз өнерін жасау жолында бірімен бірі қоян-қолтық араласып жүрді. «Түркістан уәлаяты» газетінің 1978 жылғы N° 11, 12 сандарында Күнқожа Шернияз ақынмен дос болып, хабарласып тұрғаны, Күнқожаның қазақ ақындары Күдерімен, Ұлбикемен, Құлымбет шайырдың Әбубәкірмен, Әжінияз қожаның Торғай облысындағы кіші жүз Тама руының Меңеш атты ақын қызымен айтысқаны туралы мақалалар басылған. Бердақ өзінің көлемді
«Айдос би» дастанын қазақша жазды. Қарақалпақ поэзиясының лирик ақыны Әжінияз да өлең-жырларын қазақша жазған. Қарақалпақ ақындарының қазақтың суырып салма ақындарымен өнер сайысына түсуі, Бердақ пен Әжінияз секілді қарақалпақ әдебиеті саңлақтарының шығармаларын қазақша шығаруы - қарақалпақтардың Абайды түпнұсқада оқитындығын білдірді.
Абай шығармалары қарақалпақ халқы арасында алғашында кеңінен насихатталды. 1899 ж. Т. Ізтілеуов Бұқарадағы әйгілі оқу орны Мир-Арабтың Кекелташ медресесінде оқыған. Жас ақын медресе сабағынан қолы босаған кездерде қарақалпақ еліндегі қазақтар мен қарақалпақтар арасында болып,
соларға шығыс әдебиеті маржандарын, қазақ жырларын, Абай
шығармаларын насихаттап, ел арасына таратумен айналысқан. Ол: «Хорөзм жұрты хабарлы, Шорахан, Төрткүл, Шымбайды Киіз үйлі қазактың Есіткен жері сөзімді Аяқасты қылмайды...»- дейді. Шорахан, Терткүл, Шымбай- Қарақалпақстандағы жер аттары. Төрткүл, Шымбай - елдің Нөкістен бұрынғы астанасы. Тұрмағамбет - Абай шығармаларын қарақалпақ еліне тұңғыш таныстырушы болса, Бердақ шығармаларын да Сыр бойындағы қазақтарға жыл құсындай алғаш жеткізуші. «Келд ңағы Жайхун бойын
аралап, Қазақтарға жырлап бердің Бердакты...», - деген ақын 3. Дәулетбаевтың өлең тармақтары пікіріміздің дәлелі болмақ. Т. Ізтілеуовпен жиын- тойда талай бас қосқан, сырлас, сапарлас, дос болған ақын Қуаныш Баймағамбетов: «Ол Бердақ шығармаларын жаттап, қарақалпақ әнімен Садрид- дин Айниге жырлап берген», - дейді. Демек, Т. Ізтілеуов - Бердақ
жырларын қазақтарға тұңғыш таныстырушы болса, әрі Бердақ шығармалары арқылы қарақалпақ әдебиетін С. Айни арқылы тәжік халқына, тәжік әдебиетіне бірінші жеткізуші. Абай шығармаларының қарақалпақ халқына таралуына әдебиетші ғалымдар елеулі еңбек сіңірді. Әдеб- иетшілер қарақалпақ әдебиеті тарихын зерттеу көзеңдерінде Абай есімін,
шығармаларын атап отырды. Қарақалпақ халқының алғашқы академигі М. К. Нурмухамедов Бердақтың қарақалпақәдеб- иетіндегі алатын орнын «Пушкин
- орыс, Шевченко украин, Руставели - грузин, Науаи - өзбек, Абай - қазақ, Мақтымқулы - түрікмен халықтары үшін қандай болса, Бердақ та қарақалпақ халқы үшін сондай», - деп бағалағанда, Абайдың дара ақын екенінмойындау, БердақтытануүшіносыҰлыақын- дарды тану қажеттігін нүсқағандығы.
Қарақалпақ әдебиеті тарихының білікті зерттеушісі Баекеш Қалімбетов«Әжінияздыңлирикасы»еңбегінжазған- даАбайдыңӘжіниязбен, Әжінияздыңайырымшығ- армаларын Абай сатираларымен салыстырып, об- разжасаушеберліктеріненүндестіктабады. Ғалым Әжінияздың «Ала қүс» сатирасын былай талдайды: «Аспанда жүр ала-ала керініп, Жерге тұссе қүйрығынан сүрініп. Балақ жүні тепкірінен түріліп, Тарландай тітіренер біздің ала күс. Ала қүстың бүркіт көбі тырнагы, Хасла жаздырылмас үрса қармагы, Елге ауыр тұссе керек салмағы, Сонындай бимаза біздін ала күс».
Халқымыз көбінесе түрақсыз, сатқын адамдарды сауысқанға теңейді. Ал сүм адамдарды - түлкіге, аңқауадамдардытүйегетеңеп.тағылымды сөздер- менен көпшілікті дүрыс болуға уағыздайды. Көпүна- мсыз адамдарға «хақкедей шық-шықтап» дейді. Міне, Әжінияз бұлжерде «Ала қүс» арқылы өзі жасағ- ан дәуірдегі ел билеген алаяқтарды хәккеге теңеп, көркем образды сөзбен
әжуа етіп, түйреп отыр. Ал Абай шығармаларында бұл образ былай берілген:
«Болыс болдым, мінеки, Бар малымды шығындап... Сөйтсе-дағы елімді, Ұстай алмадым мығымдап, Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбыңдап... Сыртқыларға сыр бермей, Құр күлемін жымыңдап...» Абай сол дәуірдегі болыстардың барлық сырын астарламай-ақ сол табиғи қалпында беріп отыр. Бұдан біз тақырып бір болғанымен, көркем образ бен баяндау әдісінде әрбір өлеңнің өз стилі мен өз тәсілі бар екендігін кереміз. Абай пікірін болыстың монологі арқылы берсе, Әжінияз сол дәуірдегі би- лерді астарлы мәнде беріп,
сынға алады. Ал шайы- рдыңдидактик.өлеңдеріненбасқаәзіргетабылған 195 қатардан тұратын Юмұхаммесібар. Оның «Шықты жан» мұхаммесі ешқандай шайырлардың ғазелдеріне ұқсамайды. Шығарма сюжеттік мазмұнда құрылған. «Дарбадар болып гөзибан, бұл алаште нешше ай, Тапмадым хуш бир хабар, кимди сорасаң пазней, Қалмақы хәш бир Алаш, мен гөзмеген мәғәр адай, Бұл пәлекниң гәрдишийдип басымда бардус ак, уай, Ах дәрийға, уақ, дәрийға, мың саңлы әрман шықты жан» -деген қатарларда шайыр лирикалық қаһарман ретінде әрекететіп, сол дәуірдің заман аламатын, өзінің заман қысымымен көрген азабын суреттейді. Әжінияздың мұхаммесіндегі бұл жолдары Абайдың:

«Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым,


Онан да шықты жаңғырық, Есітсем үнін,
Білсем деп жөнін,
Көп іздендім қаңғырып, Баяғы жартас - бір жартас, Қаңқ етер, түкті байқамас...» -
деген шумағымен үндес. Абай да өз дәуірінде қазақ халқының мәдениетке, азаттыққа ұмтылуын арман еткен ақын. Міне, бұл жоғарыдағы жолдардан екі ақынның халық деп соққан жүрегінің дұрсілі естіледі. Әжінияз сол дәуірде қазақ халқының мәдени жақтан артта қалғанына налып:

«Бұл казақтың жок дырханы, муфты, рәйис қазысы, Ләхзе саат карары жоқ, гүз, қысы, бахар, жазысы, Өзини суупы тутар, харамы ишип-жеп базысы, Қазан-аяқ, табағын аралап жүрер тазысы, Ах, дарийға, уақдерийға, мың саны әр маншықты жан...» - десе, Абай да өз үнін:


«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі кан, бірі май боп енді екі ұртың...
Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки, бүзған жоқ па елдің сиқын?..» және де:
«Жарлы емеспін, зарлымын, Оны да ойла толғанып,
Жұртым деуге арланып, Өзге жұрттан ұялып...» -
деп.Әжіниязға үн қосады. Екі өлеңнің де халықты жоғарғы мәдениетке, Озық идеяға шақырғаны көрініп-ақ тұр. Әжінияздың «Керек» мұхаммесі мен Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім...» өлеңі мен ғақлияларының
«Екінші сөзін» салыстырсақ, екі ақынның туған халқының ғылымнан кенже қалғандығына өкінгенін, күйінгенін, надандығынан жиренгенін байқаймыз. Халықты білімге, мәдениетке жеткізбей тұрып, ел ішінен халық қамын ойлайтын жақсы азамат шығару мүмкін еместігі ақындар ойының түп қазығы. Омар шайырдың өмірі мен шығармашылығын Айымқұл Пірназаров
«Омар шығармаларының суреттеу құралдары хақында» деген тарауында
теңеу, адам портретін жасауда және феодалдық патриархалдық замандағы қыздардың ауыр тағдырын көрсетуде қарақалпақ қазақ ақыны Абайдың бір- біріне өте жақындығын дәлелдейді. «Алиф, дал әріптерін қыз мүшелеріне теңеп, сол арқылы өзінің ішкі сезімін беруге ұмтылушылық Молланепес, Алтынсарин, Абай, Әжінияз шығармашылығынан да табылады» - дейді.
Қарақалпақ әдебиетшілерінің Абай есімін әр кез атап, ғылыми еңбектерінде сүйсіне баяндауы - Абайды қазақтыңғана емес, қарақалпақ халқына да ортақ, өлең өлкесінде шекараны білмейтін ұлы түлға екендігін дәлел.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет