Лекция №8 Қазақ- ресей қатынасы. Патша өкіметінің отаршылдық саясаты Жоспар



бет1/3
Дата27.03.2023
өлшемі32,55 Kb.
#76526
түріЛекция
  1   2   3

Лекция №8

Қазақ- Ресей қатынасы. Патша өкіметінің отаршылдық саясаты


Жоспар:
1. Қазақстанның солтүстік-шығысында әскері-отаршылдық Ресей әрекеттерінің басталуы
2. Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы
3. Қазақстанда хандық биліктің жойылуы

Ресей өкіметі мен ірі орыс саудагерлерінің ХVIII ғасырдың бірінші ширегінде шығыста қол жеткен шептерін нығайту жөніндегі әрекеттері жаңа күшпен жаңғыртылды. Оған әр түрлі жағдайлар себеп болды: Ресейдің сауда-экономикалық мүдделерін қорғау негізгі себеп болды. Сонымен Ресейдің алған иеліктерді қолдан шығармау қажеттігі, көрші елдермен өзара сауда байланыстарын орнату елдің табиғи ресурстар, әсіресе алтын жөніндегі өскелең талаптарымен ұштасып, Петербург сарайын стратегиялық маңызды бағытта орналасқан жерлерді иеленуге, ең болмағанда игеруге деген ниетке ынталандырды, ал онда сол кезде өз қуатына жеткен Жоңғар хандығы мен маңызды мақсат-үш жүздің күштерін топтастыруға зиян келтіретін ішкі қайшылықтар араздастырған қазақ хандықтарының алысты көздеген мүдделері үнемі тайталасып қақтығысып жатқан еді. Осының бәрі алыстағы Үндістан мен Қытайға ең қысқа жол іздеген I Петр кезінде-ақ Ертістің жоғарғы жағындағы аумақты иелену жоспарын жүзеге асырудың жеделдетілген сипатын анықтап берді.


Сібірдің бірінші губернаторы, Жаркент қаласын иеленіп алуға жан салған М.П.Гагариннің арандатушылық жоспарларына байланысты орыс-жоңғар қатынастары ерекше шиеленіскен сипат алды. Ол I Петрге бекіністі шептердің тұтас тізбегін салу жоспарын ұсынды.
1715 жылғы 1 қазанда И.Д.Бухгольцтің экспедициясы Ямышев көліне жеттіп, сол жерде Ямышевск деп аталатын бекініс салды. 1716 жылы 20 мамырда Омбы бекінісінің негізін қалады. 1717 жылдың жазында- Железинск, Колбасин бекіністері салынды. Одан әрі жүріп, жаңа бекініс – Семей салынатын жерді белгіленді. 1718 жылда салынды.
1730 жылы Аңырақай шайқасынан кейін Қазақ хандықтары билеушілерінің алдында маңызды да қүрделі міндет – қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіз ету және елде күшейе түскен феодалдық бытыраңқылық үрдісін жою міндеті тұрды. Халық үшін осы ауыр жағдайда қазақтың неғұрлым көреген деген билеуші топтары қиыншылықтан шығудың бір ден-бір амалы Ресей әскери одақ болу деп білді.
1725 жылдың басында-ақ Петербургке қазақ-қарақалпақ елшілігі жіберілген еді, ол жауапсыз қалды. 1730 жылы 8 қыркүйегінде Уфаға Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлымбет Қоштаев бастаған 7 кісілік елшілігі келді. Олар императрица Анна Иоановнаға Кіші жүзді Ресей империясымен одақ болу жөнінде өтініш жасады. Нәтижесінде патша 1731 жыл 19 ақпанда Кіші жүз қазақтарының Ресей империясы құрамына қабылданғаны туралы жарлыққа қол қойды.
Бұл хабарды жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сауірінде А.И.Тевкелов бастаған елшілік жіберілді. 10 қазанда қазақ сұлтандары мен ақсақалдарға ант қабылдатуға дайындық басталды.
Қосып алынған қазақ жерлеріндегі шептерін нығайту үшін 1734 жылдың мамырында «Қырғыз-қайсақ экспедициясы» құрылып, көп кешікпей ол Орынбор комиссиясы деп аталды, оны Сенаттың обер-хатшысы И.К.Кириллов басқарды, оның көмекшісі болып А.И.Тевкелев тағайындалды.
1734 жылы И.К.Кириллов Ор өзенінде қазіргі Орынбор қаласын (Орскіні) салып алды.
1737 жылдың сәуірінде И.К.Кирилловтың қайтыс болуына байланысты В.Н.Татищев Орынбор өлкесінің жаңа губернаторы болып тағайындалды.
Патша өкіметі Әбілқайырдан қайталап ант алуға ұйғарды. 1740 жылы Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен ықпалды сұлтан Абылай бодандыққа ант қабылдады.
ХVIII ғасырдың екінші жартысында қазақ қоғамында біртұтас және орталықтандырылған билік пен мемлекет проблемасы өткір қойылды. Билік иелері арасындағы түрлі топтардың үстемдік үшін күресі 1748 жылы Әбілқайыр ханның өлтірілуіне әкеп соқты. 1748 жылдың қазан айында Орынбор әкімшілігінің жәрдемімен Нұралы сұлтанды хан атағына сайлау өткізілді.
Кіші жүз үшін маңызды мәселелердің бірі «ішкі жаққа», яғни Жайық пен Еділдің төменгі ағыстары арасындағы кеңістікке көшіп бару туралы мәселе болды. 1756 жылы патша жарлығы шығып, ол бойынша қазақтардың қыс кезінде өз малын Жайықтың батыс жағына айдап апаруына тыйым салынды.
Қазақ даласының батысындағы, солтүстігіндегі және солтүстік-шығысындағы кең-байтақ кеңістікте патша өкіметі бекініс шептерін құрды, олар әскери база ғана емес, сонымен қатар патшалық Ресейдің отаршылдық мақсаттарын жүзеге асыруындағы тірегі де болды. Қазақ даласы жағына қарай кеңейе отырып, орнығып алған қазақ әскери шептері қазақтардың көшіп жүретін аймақтарын шектеді.
ХVIII ғасырдың 30-50 жылдарында Үй бекініс шебі, Ертіс шебі, Есіл шебі салынды. Патша өкіметі сауданың дамуын да өзінің саяси мақсаттарына пайдалануға тырысты.
1781 жылы Абалайдың қайтыс болуы, оның толып жатқан ұрпақтары арасындағы кикілжіңдер хан билігін әлсіретті. Ол былай тұрсын, 1795 жылы екі сұлтан, 19 ақсақал императрица ll Екатеринаның атына Уәлиді хан тағынан тайдыру туралы өтініш жіберді. Үкімет ол кезде хан билігін жою жөн емес деп тапты, алайда оны әлсірету мақсатымен біраз кейінітекте Орта жүзде бақуатты Уәлімен қатар екінші хан етіп Бөкей сұлтанды тағайындады.
1817 жылы – Бөкей хан, ал екі жылдан соң Уәлы хан қайтыс болды. Петербург бір жақты қадамға – Орта жүзде енді хан тағайындамауға және, оның үстіне, оларды ертедегі ғұрып бойынша сайламауға бел байлады.
1822 жылғы 22 маусымда патша «Сібір губернияларына арналған мекемелер», «Бұратаналарды басқару туралы жарғы», «Қырғыз-қайсақтарды» басқару туралы жарғы», Этаптар туралы жарғы, Жер міндеткерлігі туралы ережелер, Астық қорлары, шаруалар мен «бұратаналар арасындағы борышкерлік міндеттемелер туралы ережелер үшін негіз болған 10 заңды бекітті.
Өзгерістер қазақ руларының әкімшілік-аумақтық құрылымдарына қатысты болды: даладағы жаңа ұштаған – округ, болыс, ауыл бұрынғы рулық басқару жүйесін іс жузінде жоқ етіп жіберуге тиіс еді. Ауыл 50-70 шаңырақ, болыс –10-12 ауыл, округ – 15-20 болысқа дейін белгіленді.
Ауылдарды– ауыл старшындары, болыстарды – болыс сұлтандары, округтерді аға сұлтандар ( ел билеушілері) басқаратын болды.
XlX ғасырдың екінші ширегі Қазақстанды әскери отарлаудың шешуші кезеңі болды. Хан билігі жойылғаннан кейін Қазақстанның Ресейге бағынышты аймақтарында Ресейдің саяси-әкімшілік жүйесін енгізуге нақты мүмкіндік туды. Мұнда Ресей империясындағыға ұқсас басқару органдары құрылды.
ХІХ ғасырдың 30-жылдарында үкімет билікті одан әрі орталықтандыруға және жергілікті органдарға бақылауды күшейтуге күш салды. 1838 жылы 6 сәуірде «Сібір қазақтарын жеке басқару туралы ереже» қабылданды. Орталығы Омбы қаласы болды.
1854 жылғы 19 мамырда қабылданған «Сібір комитетінің сібір қазақтарына империяның жалпы заңдарын тарату туралы ережесі» жергілікті ұйымдардың жұмыс істеуіне одан әрі өзгерістер енгізді. Мәселен, билер сотының қызметі едәуір қысқартылып, оған қарама-қарсы округтік приказдар әрекетінің сот саласы кеңейтілді Осы арқылы патша өкіметі қазақ қоғамындағы ежелден келе жатқан дәстүрлі жергілікті басқару институттарын бақылауға алуға ұмтылды.
Сібірдің басқару жүйесіне қарама-қарсы әкімшілік-аумақтық құрылыс Орынбор өлкесінде басқаша жүргізілді. 1844 жылғы 14 маусымда Мемлекеттік кеңес «Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже» қабылданды. «Ережеде» билер сотының міндеті едәуір қысқартылды, оларға онша маңызды емес істерді қарау ғана қалдырылды. Ал негізінен алғанда бүкіл сот ісін жүргізу әкімшілік ұйымдарының сот үкіміне жүктелді.
Сібір және Орынбор ведомстволарында үкімет құрған екі басқару жүйесі де тым жайылып кеткен және онша тиімді болмады. Ресей империясының қазақ жерінде орнатқан әкімшілік-аумақтық басқару жүйесінің өзі көшпелі қауымның ішкі өміріне қол сұғу, қазақ үшін мүлде жат және бүлдіруші болып шықты.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет