Қазақ хандарының заңдары қазақ құқығының негізі



Дата04.11.2022
өлшемі17,93 Kb.
#47583

Қазақ хандарының заңдары – қазақ құқығының негізі

Қазақстан тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі – Қазақ хандығының құрылуы. Заңдар «Жарғы» деп аталады, ол «әділдік» дегенді білдіреді. Дауды әділ, тура шешкен билерді «қара қылды қақ жарған» деген, яғни Жарғы заңының мәні осында.
Қазақ хандығын құрған Жәнібек пен Керей хандар болса, қазақ шежересінде мемлекеттік және құқықтық ережелерінің қалыптасуына негіз болған үш заң - Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы және Тәукенің «Жеті жарғысы».
Қазақ хандарының іргесін қалаушы хандардың бірі Әз -Жәнібек баласы Қасым хан билік құрған (1511-1523ж.ж.) жылдары мемлекетті нығайту, заң ережелерін бір қалыпқа кетіру, яғни жаңа қалыптаса бастаған хандық билікке ерте заманнан бері көшпенділер мойындап келген билер заңы күшейтіледі, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен.
Бұл заңның жазбаша нұсқасы бізге жетпеген, тек ғалымдардың деректері бойынша бес бөлімнен тұрған: 1. Мүлік заңы(мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері); 2.Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза); 3. Әскери заң(қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат); 4.Елшілік жоралары(шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік); 5. Жұртшылық заңы(ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, тұтқауылдардың міндеті).
Касым хан мемлекет мүддесін, ел тыныштығын бәрінен жоғары бағалаған. Ол шариғат заңдарын қабылдамағанымен, ислам діні уағыздарының жақсы жақтарын көре білді.
Қасым ханның қасқа жолы бірғасырдай атқарылған соң, толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, заң «Есім ханның ескі жолы» аталған.
Деректерге қарағанда, Есім хан тұсында (1598-1645ж.ж.) «хан болсын, ханға лайық заң болсын»; «абыз болсын, абыз сыйлау парыз болсын»; «би болсын, би түсетін үй болсын» деген ережерлер енгізілген.
Мемлекеттің ішіндегі мәселелердің асқындап кетуі Есім ханды белгілі бір дәрежеде саяси өзгерістер жасауға жетеледі. Билікті күшейтудің бір жолы мемлекеттің құқықтық негізін бекіту екенін жақсы түсінген Есім хан әдет-ғұрып заңдарына қатал заңдар енгізіп, бейтарап заңдарды азайтқан.
«Есім ханның ескі жолы» заңында ердің құнынан кейін ең қымбат зат ретінде жүйрік атты көрсеткен, оны кісі өлімі бабының бір тармағына енгізіпті. Оның себебі, сыртқы жаумен шабысқандығы ең күшті соғыс құралы деп санағандықтан.
Есім хан қағидасы бойынша ауыр жазаның үш түрі бар: жан жазасы, мал жазасы және ар жазасы. Адам жазаны басымен тартады(өлім жазасы, дүре соғу, масқаралау, елден қуу), не малымен(құн төлеу, айып тарту). 
Ел билігіне Тәуке хан (1680-1718ж.ж.) таққа отырысымен ел бірлігіне тірек болатын шараларды батыл жүзеге асыра бастады. Ол елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, дұшпанға бой алдырмаған. Елдің жағдайын реттеуде саяси-құқықтық тәртіп орнатып, көреген қолбасшы, ақылды реформатор ретінде танылған. 
Тәуке ханның ел ішіндегі тәртіпті реттеуге қатысты қабылданған заңдары қазақ тарихында «Тәукенің жеті жарғысы» деп аталған.
Бір орталыққа бағынған мемлекет пен құқықтық жүйенің қалыптасуына негіз салған «Қасқа жолдың» бұрынғы бес тарауына тағы екі тарау қосылып «Жеті жарғы» аталды.
Қосылған екі тарау: жер дауы мен құн дауы туралы заңдар.
Тәуке хан «халық кеңесі», «билер кеңесі» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Сонымен бірге, құқық ережелерінің кейбір салаларына(қылмыстық отбасы, неке) шариғат ережелері енгізді.
Тәуке хан тұсында қырық рудан құралған қырық би болыпты.
«Хаңда қырық кісінің ақылы бар» деген сөз сол кезден қалған.
Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде үш жүздің басын қосып жиын өткізіп тұрды.
«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Әз-Тәукенің «Жеті жарғысы» қазақтың дала заңын жақсы меңгерген, жеке өнегелік қасиеттері бар билері, данагөй ақсақалдар кеңсі дауласқан екі жақты бітімгершілікке келтіріп, қазақ қоғамының тұрақтылығы мен бекімділігіне ұйтқы болған. 
Қазақтың «Жарғысы», дала заңын жақсы меңгерген, жеке өнегелік қасиеттері бар билері, данагөй ақсақалдар кеңсенің дауласқан екі жақты бітімгершілікке келтіріп, қазақ қоғамының тұрақтылығы мен бекімділігіне ұйтқы болған. 
Қазақ халқы әрқашанда дауласушы тараптарды келісімге келтіріп, сөйтіп дауды шешу барысында теріс әрекеттірді жоюға тырысатын.
Қазіргі кезде жеке және заңды тұлғалардың арасында туындаған даулар бітімгершілікпен, аралық сотпен немесе медиция тәртібімен келісімге келіп, шешіліп жатса, дауласқан тараптардың ұтпаса, ұтылмасы анық. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет