Лекция №8 Қазақ- ресей қатынасы. Патша өкіметінің отаршылдық саясаты Жоспар



бет2/3
Дата27.03.2023
өлшемі32,55 Kb.
#76526
түріЛекция
1   2   3
Бақылау сұрақтары:
1. Кіші жүз қазақтарының Ресей билігін мойындауы
2. Абылай хан
3. 1822ж. «Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже»
4.1824ж. «Сібір қазақтарын басқару туралы ереже»
5. ХІХ ғ. басындағы қоғамдағы саяси өмірдің қазақ халқына әсері

Лекция № 9
ХҮІІІ ғ. 80-90 жж. және ХІХ ғ. 30-50 жж. қазақ халқының ұлт-азаттық қүресі
Жоспар:
1. Е.Пугачев бастаған көтеріліске қазақтардың қатысуы
2. С.Датұлы бастаған азаттық қүрес
3. Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
4. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
5. Жанқожа мен Есет батыр бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Әр түрлі шапқыншылықтар қазақтарды зор материалдық шығынға ұшыратты және қауымдарды әлсіретті. Бұл және қазақ жүздеріндегі ішкі саяси жағдай қазақтардың Е.И.Пугачев көтерілісіне үн қосуына себеп болды. Нұралы хан тұсында Кіші жүздегі қайшылықтар шиеленісе түсті. Орта жүздегі жағдайдың күрделілігі де кем болмады. Осының бәрімен, сондай-ақ патша өкіметінің отаршылдық саясатының қатайтылып, күшейтіле түсуімен қатар қазақ қоғамы ішінде, оның әр түрлі топтарында патша үкіметінің саясатына наразылық пісіп-жетілді.


1773-74 жылдардағы шаруалар соғысына 1772 жылғы жайық казактарының көтерілісі жол ашып берді.
Пугачевтың отряды Жайық қалашығына аттанар алдында Жоғарғы Богдан бекінісі жанындағы Көшім сайында оған Нұралы ханнан сыйлықтар алып, Забир молда мен Оразгелді Аманов барды. Осында 1773 жылғы 6 қыркүйекте Е.Пугачевтің Кіші жүз ханы Нұралыға арналған қазақтарға манифесті жазылды. Онда былай делінген: «Мен сендердің бәріңді қалдырмай, адал, алдамай жер, су мен шөп, азық-түлік, жылғалар мен өзендер, тұз бен нан, қорғасын беремін, бастан аяққа дейін киіндіремін». Ол 200 адамнан тұратын жауынгерлік қосын жіберуді сұрады.
Ол Жайық қалашығына келіп, өзін ІІІ Петрмін деп жариялады.
Пугачевтің қазақтарға алғашқы үндеулері мен манифестері қауымдар мен жүздерде қолдау тапты. 1773 жылғы 5 қазанда Орынборды қоршау басталып, ол 1774 жылдың наурызына дейін созылды. Орынборды қоршаудың түрлі кезеңдерінде көтерілісшілерге 2000-дай қазақ қолдау жасады.
1775 жылдың жазынан Кіші жүздің қоныстарында «Көзге көрінбейтін адам» немесе Көктемірдің пайда болуы туралы кауесет тарала бастады. Тек 1776 жылдың жазына қарай ғана «Көрінбейтін адамның» қозғалысы тоқтарылды.
Сонымен 1773-75 жылдардағы шаруалар соғысының оқиғалары Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының арасында үндестік тапты. Ол қазақ халқының патшалық самодержавиеге қарсы ұлт-азаттық қозғалысының бір арнасына қосылды. Сонымен бірге қазақ шаруаларының бой көрсетулері қазақ жүздеріндегі ішкі әлеуметтік қайшылықтарды ашып берді.
Ресей империясының отаршылдық етуі барған сайын Кіші жүздің кең-байтақ аймақтарын қамти түсті. Жаппай халықтық бой көрсету үшін алғышарттар пісіп-жетілді. ХVIII ғасырдың аяғындағы Кіші жүз қазақтарының еңбекшілері көтерілісінің негізгі себептері жер мәселесінің шиеленісуі, патша үкіметінің «ішкі жаққа», Жайықтың арғы бетіне өтуіне тыйым салуы, ру ақсақалдарының құқықтарына қысым жасау, хан, сұлтандар, жайық казак әскері мен патша әкімшілігі тарапынан ашықтан-ашық талап-тонау мен халыққа зорлық-зомбылық жасалуы болды.
1783 жылға қарай даладағы жағдай абден шиеленісіп кетті. 1783 жылғы шапқыншылықтардың бірінде Сырым орал казактарының тұтқынына түсті, ал 1784 жылдың көктемінде Нұралы хан Сырымды босатып алды. Бұл кезде қазақтардың бой көрсетулері жаппай сипат ала бастады. 1784 жылдың қарашасында Сырым батыр Сағыз өзенінде 1000 адамнан тұратын ірі жасақ жинады, оның маңызды міндеті патшалық өкімет орындарына қарсы қимылдау болатын. Көтерілісшілердің ханға, сұлтандарға және жазалаушыларға қарсы күресі халықтың қызу тілектестігін туғызды.
Кіші жүз ақсақалдарының 1785 жылғы Игельстром іскерлікпен дайындаған съезінде ең басты екі мәселе – жүзде билікті ұйымдастыру туралы және қысқы қоныстарды кеңейту туралы маселелер қойылды. Съезд Нұралы ханды орнынан алу және Кіші жүзді үш бөлікке, «Бас Орда» дейтіндерге – Байұлы, Жетіру және Қаракесек ордаларына бөлу туралы мәселе қойды, ал Сырым батыр барлық Ордадағы «бас кеңесші» болып тағайындалды.
1786 жылдың сәуірінде көтерілісшілердің тегеуірінімен Нұралы хан патшалық өкіметі орындарының қорғауына қашып баруға мажбүр болды. 1786 жылғы 3 маусымда Ресей патшайымы ІІ Екатерина Нұралыны хан билігінен шеттету туралы рескриптіге қол қойды. Нұралы Орынборға шақырып алынып, ол жерден Уфаға жөнелтілді.
Патша үкіметі қалаптасқан жағдайды пайдаланып, хан билігін жоймақшы болып шешті. Сыртқы істер алқасы Игельстромға Кіші жүзді басқару жобасын әзірлеуді тапсырды. Ол табыс еткен, «Игельстром реформасы» деп аталған жоба 1786 жылдың көктемінде мақұлданып, бекітілді.
Саяси билік Оренбор әкімшілігінің қолына шоғырландырылды. Генерал – губернатордың жанынан жүздерді басқарудың жаңа органы – феодал шонжарлар мен патша әкімшілігінің өкілдерінен Орынборда Шекаралық сот құрылды. Әкімшілік органдар – ру ақсақалдары кіруге тиіс болған «расправалар» сотқа бағынды. Алайда беделді ақсақалдар мен билердің көпшілігі «реформаға» қарсы шықты. Олар хан билігін сақтап қалғысы келді.
Орынбор губернаторы болып тағайындалған Игельстром 1797 жылдың көктемінен Сырыммен оны бейтараптандыру үшін келіссөз жүргізе бастады. Алайда Сырымның ымырасыздығы көтерілісшілердің Есім ханды өлтіруіне әкеп соқты. Соның салдарынан Игельстром жаңа хан сайламай, жүзді басқаруды хан Кеңесіне тапсыруға әрекет жасады, оның орналасатын жері Кіші Кобда өзенінің өңірі болып белгіленді. 1797 жылдың тамызында хан Кеңесі жұмысын бастады, оның төрағасы болып Айшуақ сұлтан тағайындалды. Алайда сұлтандар өз бетімен, халық өкілдерін қатыстырмай, Қаратай сұлтанды хан етіп сайлады. Қаратай Сырымның Хиуаға көшіп бара жатқан кезінде оны өкшелеп қуды. Көп кешікпей С.Датовтың өлтірілгені туралы хабар тарады.
1783-1797 жылдардағы халық бұқарасының күресі қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Қозғалыс ұлттық сана-сезімнің артуына жәрдемдесті және ұлт-азаттық сипатта болды.
XVIII ғасырдың аяғы – XIX ғасырдың басында Кіші жүздегі қазақ халқының едәуір топтары Жайық пен Еділ өзендерінің төменгі ағыстарының аралығына көшіп барып, 1801 жылы Ішкі, яғни Бөкей хандығын құрды. 1801 жылы 1 наурызда I Павелдің жарлығымен Бөкей сұлтанға «патша суреті бар алтын медаль» беріліп, оған «қай жерді қаласа, сонда көшуге рұқсат» берілді.
Жәңгір хан тұсында басқару әдістері де басқаша болды. Егер қазақтың бұрынғы хандарының тұрақты ордасы болмай, көшпелілерді өзі де көшіп жүріп басқарса, ол 1827 жылы Нарын құмындағы Жасқұс алқабында хан әкімшілігінің тұрақты орталығын құрды. Оның жанынан ерекше басқару аппараты құрылды. Хан жанында сұлтандар арасынан 10 «хан депутаттары» деп аталатындар болды.
1827 жылы құрылған хан Кеңесі 12 биден - әрбір ру басқармасынан бір-бір биден тұрды. Хан жанындағы оның арнаулы тапсырмаларын орындау үшін жасаулдар ретінде 12 старшын, сондай-ақ «базар сұлтандары» болды. Сонғыларының міндетіне баж жинау (орда ішінде), қазақтардың мүдделерін білдіру (ордадан тыс жерде), сауда орындарындағы тәртіпті қадағалау жатты. Хан билігінің және оның фискалдық міндетінің күшеюі қабаттасып отырған басқаруды қайта ұйымдастыру шенеуніктік жүгенсіздіктің жаңа нысандарын туғызды және дәстүрлі қауымдық-ауылдық ұжымдар институттарын шектеуге әкеп соқты.
Жәңгір хан қайтыс болған кезде Қазақстанның барлық бөліктерінде хан билігі жойылған еді. Үкіметтік топтарда Ішкі Ордада да хан билігі қалпына келтірілмейтін болып шешілді. Оны басқару орыс шенеунігі басқарған уақытша кеңеске көшті.
ХІХ ғасырдың екінші ширегінен бастап Бөкей хандығында қазақ халқына экономикалық қысым еселене түсті, ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық қалыптың бірқатар маңызды жақтары қиратылды. Астрахань губернаторының үйінде тәрбие алған Жәңгір хан далаға кейбір салт-дәстүрден бастап, жер қатынастарын, салық саясатын және хан сарайын қоса, хандықтағы қоғамдық тұрмыс пен саяси құрылысты қайта құрудың «аристократиялық-өркениетті» жоспарларын ойластырып оралды. Ол өзіндік салт-дәстүрі бар жартылай көшпелі қазақ қоғамының негізінде хан билігі мен патша тағының саясатына бірдей дәрежеде құлақ асатын, өзінше бір «сауатты» аймақтық хандық құруды ойластырды. Алайда көшпелі және жартылай көшпелі қауымдар ханның бұл «жаңалықтарын» қабылдауға әзір емес еді.
1836-1838 жылдары кіші жүз қазақтары малшы-шаруалар бұқарасының көтерілісі хандықты мықтап дүр сілкіндірді.
Бұл күреске Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов басшылық етіп, ол өз дамуында үш кезеңнен өтті:

  • бірінші кезең – 1833-1836 жылдарды қамтиды және қарулы көтеріліске дайындық кезеңі ретінде сипатталады;

  • екінші кезең - көтерілісшілердің ханға қарсы аттануымен басталып, олардың жеңіліске ұшырауына (1837 басы – 1837 жылғы қарашаның орта шеніне) дейін созылады;

  • үшінші кезең – жылдың көтерілісшілердің Исатай мен Махамбет бастаған шағын тобының Жайықтың сол жағасына өткен кезінен, күштерді жаңа шайқастар үшін топтастыру және Ақбұлақта жеңіліске ұшырау (1837 жылғы желтоқсан – 1838 жылғы шілде) кезеңімен аяқталады.

Көтерілістің тұтануына Жәңгірдің 1833 жылы қайын атасы Қарауылқожа Бабажановты Каспий теңізінің жағалауын өздеріне қоныс еткен ру бөлімшелерінің билеушісі етіп тағайындауы себеп болды.
Хандықта қалыптасқан жағдай Орынбор генерал-губернаторлығын да мықтап алаңдатты.
1838 жылы 12 шілдеде көтерілісшілердің шамамен алғанда саны 500 жігіт болатын негізгі тобы Ақбұлақ және Қиыл өзендері арасындағы ауданда подполковник Геке басқарған біріккен ірі жазалау отрядымен түйісті. Онда көтерілісшілер нағыз ерлік пен жанқиярлық көрсеткен болса да, бірақ күш мүлде тең емес еді, көтерілісшілер тал-қанданып, олардың басшысы Исатай Тайманов қаза тапты.
Халық бұқарасының 1836-38 жылдардағы шырқау шегінде шаруалар көтерілісіне айналған азаттық күресі өзінің өрлеуі кезеңінде ханға қарсы және отаршылдыққа қарсы бағытта болды. Көтеріліске қатысушылар дүре соғылып, өлімші етіп жазаланды, каторгалық жұмысқа кесіліп, тұтқындар роталарына жіберілді, Сібірге айдалды, мүліктері тәркіленіп, мәнгілікке жер аударылып жіберілді. 1838 жылдың маусым айында Орынбордың әскери орындары көтеріліске белсене қарысушылардың 16 адам құрамындағы алғашқы тобын кейіннен крепостниктік және каторгалық жұмыстарға айдайтын болып, қамшымен және сым шыбықпен дүре соғуға кесті. Нақ сол кезде Орал-да, ресми деректер бойынша, көтеріліске белсене қатысқан 39 адам сотсыз және тергеусіз қамауда ұсталған. Біраз көтерілісші түрмелерде сотқа дейін-ақ өліп кеткен.
Абылайдың отыз ұлының ең кенжесі Қасым сұлтан, оның бәйбішеден туған ұлдары – Саржан, Есенгелді, Ағытай, Бопы, Көшек, Кенесары, кіші әйелінен туған баласы Наурыз-бай жиырма жылға жуық уақытқа созылған титықтатарлық күрестің табанды қатысушылары, ал солардың ішіндегі Саржан, Есенгелді, Кенесары оны ұйымдастырушылар ретінде тарихқа енді, ал ол күрестің барысында патшалық режимге зор моральдық-саяси нұқсан келтірілді.
1825 жылдың 14 маусымында Көкшетау өлкесінде едәуір ықпалды Қасым сұлтан алғашқы өз наразылығын округтік приказдардың құрылуына қарсылық білдірді. Қасым төре жаңадан құрылған округтік приказдардың таратылуын үзілді-кесілді талап етті.
Округтік приказдар құрудың алғашқы қадамдарының өзі көрінеу оппозицияға тап болды – Көкшетау округінде Сартай Шыңғысов; Қарқаралы округінде – Саржан Қасымов, Шоң батыр, Торайғыр би жаңа тәртіптерге ашық қарсылық білдірді.
Үкіметке қарсы оппозицияны бастап, сонымен бірге Көкшетау округтік приказының аға сұлтаны қызметін атқаруды жалғастарап отырған Ғұбайдолла қытайлар жағымен құпия байланыстар жасады. Ол Омбыға шақырылып, мұнда қамалға «отырғызып қойды».
1822 жылғы Жарғыны күш қолдау әдісімен іске асырудың жалғастырылуы, көрнекті Шыңғыс ұрпақтарының қарсылығын елемеу оппозицияның бытыраңқы күштерінің біртұтас қозғалысқа бірігуін тездетті, оны Саржан Қасымұлы сұлтан басқарды.
Абылай ұрпақтарының ықпалы күшті болған Орталық Қазақстанда 1825 көктемінде үкіметке қарсы толқулар басталды.
XlX-дың 20-жылдарының екінші жартысында Орта жүзде уақытша тыныштық орнады: үкімет 1824 жылдың өзінде-ақ ашылған Қарқаралы, Көкшетау округтерін нығайту жайын ойластырып және 1826 жылы Баянауыл округін құрып, көтеріліске шыққан ауылдардың ізіне түсу үшін ірі казак отрядтарын жабдықтаудан тартынды.
Ресейдің экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіріп, империяның Солтүстік Кавказда таулықтарға қарсы соғыс қимылдары үшін ірі күштер бөлуі арта түскен жағдайда аймақта саяси қатысуын әлсіреткен талай рет керуендерді тонау фактісі Петербург сарайында алыста жатқан және онша мәлім емес азиялық шет аймақта отарлау проблемасын күш қолданып шешуді жақтаушылардың көзқарасын барынша күшейте берді.
1831 жылдың қазанында Саржан сұлтанның Ташкентке барып Қоқанмен жақындасуы, Ресейге қарсы түркі тілдес одақтық бірлестіктің топтасу ықтималдығы көтеріліс жасаған ауылдарға жазалау отрядтарының жаппай шабуыл жасауды жалғастыруын тездетті.
Саржанның бүкіл далаға таралап кеткен атақ-данқы қоқандықтар тарапынан қастық туғызды. Патша отрядтары ығыстырып, бұрынғысынша қоқан ханының қолдауына үміттенген Саржан Ұлы жүз шегіне көшіп барды, бұл орайда қазақ аймақтарының бытыраңқы күштерін біріктіруге, Ташкент құсбегісіне бағынышты қазақтарды да өз жағына тартуға тырысқан еді, бұл сұлтанның қоқандықтармен жанжалына негіз болды. Саржанды Ташкент билеушісі 1836 жылдың жазында зұлымдықпен өлтірді. Саржанның, оның інілері Ержанның, Есенгелдінің, сондай-ақ оған еріп барған басқа да атақты қазақтардың қаза табуы азаттық күресінің одан әрі өрістеуіне теріс әсерін тигізді.
Орта жүзде әкімшілік-саяси жаңалықтардың қатаң енгізілуі жағдайында отаршылдыққа қарсы күрестің жалғастырылуына тың тыныс қосқан, қазақ жерлерін біріктіруші Абылай хан ұрпақтарының тар өрісті рулық, әулеттік мүдделерін екінші қатарға ығыстырып, қозғалысқа неғұрлым айқын көрінген халық-азаттық сипатын берген 1837-1847 жылдардағы көтерілісті Абылай немерелерінің бірі - Кенесары (1802-1847) сұлтан басқарды.
Кенесары сұлтан Ресейге қарсы ұзаққа созылып, титықтататын қарулы күрестің бүкіл қиындығын ұғынып, Сібір және Орынбор әкімшіліктерімен келіссөздер жүргізу арқылы үздік дипломатиялық қасиеттерін көрсетті.
Кенесары үш жүздің дәстүрлі топтарын, рулық бөлімшелерін біріктіруге барлық амалдарды қолданды. Дегенмен көтерілістің ең басынан-ақ қазақ шонжарлары қарама-қарсы екі лагерьге бөлінді: олардың үкімет қолдаған бір бөлігі отаршылдық әкімшіліктің қолдауына сүйеніп өздерінің саяси дұшпандарын күйретуге ұмтылды. Ал қазақ шонжарларының екінші бөлігі, көтерілісшілерді қолдап Кенесары Қасымов үш жүз қазақтары руларының едәуір бөлігін өз туы астына біріктіре білді. Бір кездерде Кенесары әскерінің саны 20 000 адамға дейін жетті. 1841 жылдың қыркүйегінде қазақтың үш жүзінің ықпалды билері, сұлтандары Кенесары Қасымовты қазақ жерінің ханы етіп сайлады. Қазақ мемлекеттілігі қалпына келтірілді.
Бұл көтеріліс әуен бастан-ақ бұқаралық сипат алды. Тегінде XVlll ғасырдың аяғындағы және XlX ғасырдың бірінші жартысындағы азаттық қозғалыстары тарихында бұл – қазақ рулары қоныстанған негізгі аудандарды қамтыған бірден-бір көтеріліс: оған Орта жүздің ру бірлестіктеріне қоса, Кіші жүздің шекті, жағалбайлы, табын, алшын, шөмекей, жаппас және басқа рулары, Ұлы жүздің үйсін, дулат және басқа рулары қатысты.
Кенесарының соғыс қимылдары 1838 жылдың көктемінде Ақмола приказын қоршауға алып, өртеуден басталды. Көп кешікпей көтерілісшілер Торғай даласы өңіріне қоныс аударды. Жоламан Тіленшиев батыр бастаған төртқара, шөмекей, табын және басқа рулар көтерілісшілерге қосылды.
1841 жылдың күзінде Оңтүстікке қарай жорық бастап, қоқандықтардың едәуір күштері орналасқан Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршады. Қоқан билеушілерінің 1836 жылы Кенесарының ағасы Саржанды, 1840 жылы әкесі Қасым төрені, ағалары Есенгелді, Ержан сұлтандарды және Абылайдың басқа ұрпақтарын сатқындықпен қырып салуы да қозғалыс жетекшісінің қоқанға қарсы көзқарасын қатайта түскен-ді.
Бұрынғы мемлекеттік құрылыс едәуір қайта ұйымдастырылды. Жоғары кеңесші орган ретіндегі Хан кеңесі халық мүдделеріне берілген батырлардан, билерден, сұлтандардан, туыстарынан тұрды. Бірақ шешуші дауыс Кенесарының өзінде болды.
1846 жылдың жазында Кенесары Балқаш көлінің жағалауындағы Қамал түбегін басып алды.
Жетісуда болған кезінде Кенесары қырғыз манаптарына жергілікті халықтан зекет жинау үшін екі мың адамдық жасақ жіберді. Алғашқы қақтығыстардың өзі-ақ қырғыздардың қазақ ханы өктемдігіне бағынбауға бел байлағанын көрсетті.
Шешуші шайқас 1847 жылғы 17 және 25 сәуір аралығында қазіргі Тоқмаққа жақын, қазақ сарбаздарын қырғыздар қақпанға түсірген терең шатқалда болды. Кенесары және 30-дан астам сұлтан мен мыңнан астам сарбаз тұтқынға түсіп, қатегездікпен өлтірілді.
Көтеріліс мақсатына жете алмай жеңіліспен аяқталды.
Кенесары бастаған көтерілістің жеңілуіне біршама қайшылықтар мен анықталмаған мән-жайлар өз ықпалын тігізген:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет