Лекция: эндокриндік жүЙЕ. II. Перифериялық МҮшелер перифериялық эндокриндік бездер



бет1/2
Дата11.01.2023
өлшемі1,79 Mb.
#61010
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
Лек.Эндо.Периф.Каз


С.А. Ажаев10.12.2021ж.
Лекция:
ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ.


II. ПЕРИФЕРИЯЛЫҚ МҮШЕЛЕР


Перифериялық эндокриндік бездер – бұл организмнің өте маңызды қызметтерін – өсуін, көбеюін, жасушалардың дифференциялануын, зат және энергия алмасуын, секреция мен экскрецияны, сіңіруді, мінез-құлық реакция-ларын (жауабын) және т.б. тікелей бақылайтын бездер.
Перифериялық эндокриндік бездердің екі тобын ажыратады:
1. Аденогипофизтәуелділер – олардың функциялары аденогипофиз гор-мондарының реттеу ықпалында болады. Бұл топқа қалқанша без, бүйрек үсті без қыртысы, гонадалар немесе жыныс (аталық және аналық) бездері жатады.
2. Аденогипофизтәуелсіздер – олардың функциялары аденогипофиз гор-мондарымен реттелмейді. Бұл топқа қалқанша бездің кальцитониноцит-тері (С-жасушалар), парақалқанша (қалқанша маңы) без, бүйрек үсті бездің милы заты, ұйқыбездің Лангерганс аралшықтары, диффузды эндокриндік жүйенің (ДЭЖ).эндокриндік жасушалары.


1. Қалқанша без


Қалқанша без (ҚБ) сыртынан тығыз талшықты дәнекертінді капсула-мен қапталған. Одан мүшенің ішіне қарай БТД тіннен тұратын трабекулдар шығып, оны үлесшелерге бөледі. Капсула мен трабекулдар паренхимаға тірек болатын строманы (жұмсақ қаңқасын) құрайды. Қалқанша бездің паренхимасы 20-30 млн фолликулдардан және олардың арасында орналас-қан фолликуларалық жасушалардың жиынтықтарынан тұрады (Сур.1 = рис.238).
.
Сур. 1.



1.1. Фолликулдар – қуысында оксифилді коллоиды бар, өлшемі әр түрлі шар тәрізді немесе сопақша пішінді тұйық көпіршіктер. Фолликул ҚБ-нің құрылымдық-функциялық бірлігі болып табылады. Фолликулдың қабырға-сы негізінде тироциттер деп аталатын эпителий жасушаларының бір қаба-тынан және олардың арасында орналасқан саны аз (0,1%) парафолликуляр-лық, немесе С-жасушалардан. тұрады.
Фолликул қабырғасының тироциттері коллоидтың негізгі компонентін - тироглобулинді өндіреді. Жасушалардың фолликул қуысына қараған апи-калды бетінде микробүрлері бар (сур.2 = рис.20-27). Көрші тироциттер өзара десмосомдар және тығыз контакттар арқылы байланысқан. Олар тироцит-терді механикалық және герметикалық бекітіп, арасынан қанға коллоид – тироглобулинді өткізбейді, себебі бұл зат – аутоантиген болып табылады. Қалқанша без зақымданған жағдайда ол қанға өтіп, аутоиммундық реакция қоздыруы мүмкін. Сол себепті аутоиммунды Хашимото тиреоидиті дамиды.


Сур. 2. Қалқанша без гормондарының синтезі және секрециясы

Тироциттердің цитоплазмасында синтездік аппараты грЭПТ, Гольджи комплексі, митохондриялары жақсы дамыған (сур. 2). Тироциттердің негізгі функциясы – қалқанша бездің трийодтиронин және тироксин гормонда-рын өндіру. Тироциттердің секреторлық циклі мына фазалардан тұрады: 1) синтездеу фазасы; 2) гормонды секрециялау фазасы (сур. 2).


Секреторлық циклдің синтездеу фазасында болашақ секретті синтездеу- ге қажет бастапқы заттар - йод, аминқышқылдар, оның ішінде тирозин, иондар, су, көмірсулар (сур. 2, оң жағы). базалды мембрана арқылы қаннан сіңіріледі. ГрЭПТ-да ақуыздар синтезі өтеді, ал Гольджи комплексінде тироглобулин молекулалары қалыптасады және олар секреторлық көбік-шелерге буыпт-түйіледі. Соңғылар тироциттің апикалды бөлігіне ығысып, коллоидпен шекарада йодталу жолымен ішіндегі тироглобулин пісіп-жетіледі. Йодтың иондары алдын ала пероксидаза әсерінен атомдық йодқа тотығады. Жасушаның апикалды бөлігінде йод атомдары тироглобулин молекуласына бірізділі қосылып, моно-, ди-, три-, тетрайодтирониннің түзілуіне әкеледі. Піскен (йодталған) тироглобулин коллоид түрінде сақта-латын прогормон болып табылады.
Тироциттердің секреторлық циклінің секрециялау (шығару) фазасы. Қажеттілігіне қарай, коллоидтың піскен тироглобулины фагоцитоз немесе пиноцитоз арқылы жасушаның цитоплазмасына реабсорбцияланады (кері сіңіріледі). Бұл құбылыс қалқанша бездің белсенділігін күшейтетін аденогипофиздің тиреотропты (ТТГ) гормоны әсерінен жүзеге асады. Коллоидттың фагоциттелген фрагменттері тироциттің лизосомдарындағы ферменттердің көмегімен йодтирозинге және йодтирониндерге ыдырайды. Йодтирозин реутилизацияға ұшырайтын, яғни жаңа синтездерге қайтадан қолданылатын, йод және аминқышқылға ыдырайды. Йодтирониндер тироксин (тетрайодтиронин, Т4) и трийодтиронин (Т3) тироциттің базалды мембранасы арқылы қан және лимфаға бөлінеді. Қалқанша бездің гормондары жасушалардың өсуін, дифференциялануын, оттегіні тұтынуды, организмнің негізгі алмасуын реттейді, ақуыздардың, липидтердің және көмірсулардың алмасуына әсер етеді.



Сур. 3.





Сур. 4.




Тироциттердің пішіні бездің функциялық жағдайына байланысты. Қалыпты функция кезінде тироциттердің пішіні куб тәрізді (Сур.1 = рис. 238). Коллоидта боялмаған (ашық түсті) резорбция (кері сіңіру) болып жат-қан шамалы жерлері – резорбциялық вакуолдер көрінеді. Гиперфункция кезінде тироциттер биік болады, цилиндр пішінге ие болады. Коллоид азаяды және онда көптеген резорбциялық вакуолдер көрінеді (Сур. 3 = рис. 446). Гипофункция кезінде тироциттердің пішіні жалпақ болады (органел-лалары аз болғандықтан), резорбциялық вакуольдері жоқ, фолликулдардың өлшемі (көлемі) үлғаяды (Сур. 4 = рис.445). Бұның бәрі коллоид қолданыл-май, фолликулдың қуысында жинақталып жатқанын дәлелдейді, гормон-дарды өндіру деңгейі төмен болады (гипофункция).


1.2. Парафолликулдық жасушалар, немесе С-жасушалар фолликулдар қабырғасының құрамындағы тироциттердің арасында да және де фол-ликулдардың арасында аралшықтар түрде орналасады. Олар тироциттерден ірілеу, пішіні дөңгелек немесе бұрышты және түсі ашықтау болады. Оларда ақуыз болып табылатын кальцитонин гормоны синтезделіп, цитоплазма-сында көптеген ұсақ гранулдар түрде жинақталады. Кальцитониннің басты іс-әрекеті – сүйектің резорбциясын (остеокласттардың сүйекті бұзуын) тежеу арқылы қанда кальций деңгейін төмендету. С-жасушалардың кальцитонинді секрециялауы кері байланыс принципі бойынша реттеледі. Қанда кальцийдің концентрациясы ұлғаюы бұл жасушаның функциясын күшейтеді, нәтижесінде қанда кальций деңгейі төмендейді. Кальцитонин қалқанша маңы бездің гормоны – паратириннің антагонисті (қарсыласы) болып табылады. Біріғіп олар кальций алмасуын реттейді. С-жасушалардың және паратироциттердің функциялары гипофизге тәуелді емес, вегета-тивтік нерв жүйесімен реттеледі.
2. Қалқанша маңы бездер


Қалқанша бездің артқы бетінде және капсуласының астында төрт ұсақ (3×6 мм) қалқанша маңы бездер орналасқан. Олардың әрқайсысы өзінің дәнекертінді капсуласымен қапталған (Сур. 5-а), немесе олар қалқанша без-



Қалқанша
без
фолликулары



Капсула



а

б



Қалқанша маңы без


Қалқанша маңы без


Сур. 5. Қалқанша маңы бездің локализациясы

бен бірге ортақ капсуламен қоршалуы мүмкін. Кейде бездер қалқанша бездің паренхимасына батып орналасады (Сур. 5-б). Капсуладан құрамында қан тамырлары бар жіңішке септалар шығады.


Қалқанша маңы бездің функциясыпаратирин гормонын синтездеу және секрециялау. Бұл гормон остеокласттардың санын өсіріп және белсен-ділігін күшейтіп, қанда Са2+ деңгейін көтереді. Нәтижесінде ізбескіленген сүйек матриксінің резорбциясы (бұзылуы) және Са2+ қанға бөлінуі күшейеді. Өзінің антагонисті (қарсыласы) – кальцитонинмен бірігіп, бұл гормон қанда кальций иондарының деңгейін реттеп және сақтап отырады.
Бездің паренхимасы эпителийлі эндокриноциттердің екі түрінен құрыл-ған: басты және оксифилді паратироциттерден. Басты паратироциттер базофилді боялады. Олардың цитоплазмасында синтездік аппараты – грЭПТ мен Гольджи комплексі және ішінде паратирин гормоны бар секреторлық гранулдары (ø=200-400 нм) жақсы дамыған. Оксифилді паратироциттер бездің паренхимасында біркелкі немесе кішкентай топтар құрып таралған, олардың рибосомдары, Гольджи комплексі нашар дамыған, бірақ мито-хондриялары көп. Олардың функциясы белгісіз және жас ұлғайған сайын саны өседі.
Парақалқанша бездің секреторлық белсенділігі гипофизге тәуелді емес, ол вегетативтік нерв жүйесімен және кері байланыс принципі бойынша реттеледі. Қанда Са2+ деңгейінің төмендеуі немесе көтерілуі сәйкес жауап қайтарылуын қоздырады – паратириннің қанға бөлінуін күшейтеді немесе әлсіретеді.
Қалқанша маңы бездің қалқанша безбен тығыз топографиялық байла-нысына орай (жоғарыда қараңыз және сур. 5 қараңыз), қалқанша бездің резекциясы (хирургиялық операция) кезінде байқамай қалқанша маңы безді де алып тастау қауып-қатері бар. Мұндай жағдайда күрт гипокальциемия (бұлшық еттердің жиырылу механизміне қатысатын Са2+ деңгейінің қанда төмендеуі) және тетания (бұлшық еттің тырысуы, құрысуы) дамиды. Мұндай жағдайда пациенттің жүрек соғуы тоқтап қалып, өліп кетуі (летальный исход) де мүмкін


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет