Құрамына тек бір элементтің атомдары ғана кіретін заттар. Күрделі заттар құрамына әртүрлі элементтер атомдары кіретін заттар



бет1/3
Дата08.12.2022
өлшемі26,88 Kb.
#56000
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
ХИМИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ


ХИМИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ
Химиялық элемент – ядро зарядтары бірдей болатын атомдар түрі.
Молекула – сол заттың химиялық қасиетін көрсететін заттың ең кішкене бөлшегі.
Жай заттар – құрамына тек бір элементтің атомдары ғана кіретін заттар.
Күрделі заттар – құрамына әртүрлі элементтер атомдары кіретін заттар.
Массаның атомдық бірлігі – 1/12 көміртегі -12 атомының массасы (12С), яғни 1,6666×10⁻²⁷ кг.
Элементтің салыстырмалы атомдық массасы (Аr) өлшемсіз шама, элементтің табиғи изотоптар құрамының орташа атомдық массасының көміртегі-12 атомының 1/12 массасына қатынасына тең .
Жай және күрделі заттардың салыстырмалы молекулалық массасы (Мr ) - өлшемсіз шама , заттың табиғи изотоптары құрамының орташа массасының көміртегі – 12 атомының 1/12 массасына қатынасы.
Химияның негізгі заңдары
Масса сақталу заңы; энергия сақталу заңы; құрам тұрақтылық заңы; еселік және көлемдік қатынастар заңдары; Авогадро заңы, эквиваленттер заңы.
Заттардың массасы сақталу заңы: Реакцияға түскен заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең болады. Химиялық реакциялар кезінде атомдар массалары өзгермейтіндіктен, реакцияға қатысқан заттардың массасы тұрақты болады. Барлық химиялық реакциялар заттар массасы сақталу заңына бағынады.
Құрам тұрақтылық заңы. Заттар массасы сақталу заңы ашылуының химияны дамытудағы маңызы өте зор болды. Осы заңға сәйкес көптеген заттардың сапалық және сандық құрамдары зерттеліп анықталды. Заттың құрамы тұрақты, әлде айнымалы бола ма деген мәселе төңірегінде ХІХ ғасырдың басында екі ғылыми пікір айтылды. Қ. Л. Бертолле заттың құрамы айнымалы болуы тиіс десе, Ж.Л.Пруст заттың құрамы тұрақты болады деді. Бұл ғылыми айтыс жеті жылға созылды. Соңында Ж.Л.Прусттың пікірі қабылданып, ол заттың құрам тұрақтылық заңын ашты. Ол заңның қазіргі анықтамасы былай айтылады: Алыну жолына қарамастан молекулалық құрылысты әрбір химиялық таза заттың сапалық және сандық құрамы тұрақты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет