Лекция Интернетке кіріспе



бет1/19
Дата31.12.2021
өлшемі497 Kb.
#22160
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Лекция 1. Интернетке кіріспе.


  • Интернет

  • Пакеттерді коммутациялау принципі

  • IP-адрестер мен URL-адрестер.

  • Атаулар мен ресурстар көрсеткіщтерінің домендік жүйесі

Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір – бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі, ол хаттама деп аталатын бірыңғай стандартпен жұмыс істейді. Желідегі компьютерлерде мәтін, сурет, аудио – бейнематериалдар, т.с.с. өте үлкен ақпарат көлемі сақталады.



Желіні пайдаланудың ең негізгі түрлеріне – Бүкіләлемдік өрмек, электрондық пошта, желілік чат (әңгімелесу) және дискуссиялық топтар (конференциялар) жатады. Желіге қойылатын ең негізгі талап – байланыс арналары елеулі өзгерістерге ұшырағанмен, кез келген жағдайда информацияны бір орнынан екінші орынға сенімді түрде жеткізу қажеттілігі болып саналады. Желі тораптарының бірсыпыра бөлігі істен шықса да, қалғандары өз жұмысын атқара алатын қалыпта қалуы тиіс болды. Информацияны тасымалдау сенімділігі мен оның жеткізілу жылдамдығын арттыру мақсатында мәліметтерді тасымалдаудың жаңа түрі – дестелерді коммутациялау технологиясы пайда болды. Оның артықшылығы болып мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының жоғарылығы, сенімділігі және икемді жұмыс істеуі саналды.

Пакеттерді коммутациялау принципі тасымалданатын мәліметті бірнеше шағын фрагменттерге бөлуден тұрады. Мәліметтер жеткізілетін пунктке дейінгі аралықтарда орналасқан түйінді компьютерлер арасында пакеттер бір – бірінен тәуелсіз тек өзіне тән байланыс арналары арқылы жылдам жеткізіліп тасымалданатындай етіп ұйымдастырылды. Бір мәліметті құрайтын әрбір пакет баратын пунктіне тек өз маршруты бойынша жеткізілетін болады. Қабылдау пунктінде пакеттер қайтадан біртұтас мәліметке біріктіріліп, өз иесіне, яғни арналған адресатына берілуі тиіс болатын.

Желіні басқару ісінің өте сенімді жұмыс істеуін жүзеге асыру мақсатында оларды бір орталықтан басқармай, барлық түйінді компьютерлер бірдей тең құқықты болып жасалды. Яғни әрбір желі торабындағы компьютер мәліметтерді қабылдау/жөнелту істерін атқарумен қатар басқа тораптардан келіп түскен хабарларда ары қарай жөнелту кезінде оларды басқаша адрестеу ісін де жүргізе алатын еді.

Әр түрлі құрылғылар мен программалар арасында мәлімет алмасу қалай және қандай түрде атқарылатыны жайлы ережелер жиыны хаттама деп аталады. Хаттамалар мынадай топтарға бөлінеді:



  • базалық

  • қолданбалы

Интернет базалық TCP/IP хаттамасын пайдаланады. Қолданбалы хаттамалар Интернеттің арнайы қызмет баптарының хаттамасынан http, ftp, telnet тұрады.
URL-адрес және IP-адрес. Бүкіләлемдік немесе корпоративтік желіге қосылған әрбір компьютердің жеке IP-адресі (Internet Protocol) болады. Бұл адрес нүктелермен бөлінген төрт ондық саннан тұрады. Сандардың өзгеру аралығы 0-ден 255-ке дейін (бір байтқа осынша сан сияды). Мысалы: М.Ауезов атындағы ОҚМУ серверінің адресі 192.168.32.1. Желідегі компьютерлер бірін-бірі осы адрес көмегімен тауып алады.

IP-адресі екіге бөлінеді:



  • тұрақты;

  • динамикалық.

Желіге қосылған серверлер тұрақты адреске ие болады. Олар әдетте күні-түні жұмыс істейді. Ал, желіге сымтетік арқылы қосылған компьютер динамикалық адрес алады. Бұл компьютер желіге қосылған уақытша адрес алып отырады. Компьютерді осылай адрестеу 2564=4,3 млрд физикалық адрес бөлу мүмкіндігін береді. Мұндай адрес 32-разрядты екілік сан түрінде (4 байт) сақталады.

Құжаттар үшін адрестеудің екінші түрі URL (Uniform Resource Locator – Ықшамдалған ресурстар көрсеткіші) деп аталады. Мұндай адрестеу желідегі әрбір компьютерге және құжатқа меншіктеледі.

Атаулар мен ресурстар көрсеткіщтерінің домендік жүйесі. Желі компьютерлерінің физикалық адрестерін пайдалану ыңғайсыз (адамдардың ұзақ цифрлар тізбегін есте сақтауы қиын), сол себепті физикалық адрестерге сәйкес әріптерден тұратын мағынасы бар символдық (домендік) адрестер жасалған. Домендік адрестің жазылу ережесі мынадай:

хаттама://компьютер аты. домен аты [/каталог/ішкікаталог/файл аты]

Бірінші болып қолданылатын хаттама көрсетіледі, мысалы, http. Келесі компьютер аты жазылады да, одан кейін домен аты тұрады, мысалы, microsoft.com. Адрес соңында кейде сервердегі каталог аттары мен файл аттары жазылады, мысалы /mprses/cpnew.htm. Тік жақша ішіндегі адрес бөлігі жазылмаса да болады. Бірнеше нақты адрестермен мысал келтірейік:

http://www.microsoft.com

http://www.narod.ru

ftp://mathsoft.com


Домендік адрестің жазылу ережесі төменде көрсетілген:

  • сервер жұмыс істеп тұрған хаттама (WWW үшін http хаттамасы: көрсетпесе де болады);

  • компьютердің IP-адресі немесе URL-адресі;

  • сервер өңдейтін ТСР порты (WWW үшін 8080: көрсетпесе де болады);

  • сервердегі HTML-құжаттың адресі.

Мысалы: http://www.chimkent.ru – Қазақтелеком;

http://www.ukgu.kz – М.Ауезов атындағы ОҚМУ.

Домен аттары екі түрде беріледі:


Қызмет бабына қарай қойылған домендік аттар алғаш рет АҚШ-та қолданылған. Бұл домендік аттар мекеме типін көрсетеді. Олар төменде көрсетілген:


Әдебиеттер




  1. Комягин В.Б., Печников В.Н. Создание Web-страниц и Web-сайтов. Учебное пособие. –М.: Триумф, 2003. –496 с.:ил.

  2. Снелл Нед. Интернет. Пер. с англ. –М.: «Вильямс», 2006. –384с.

  3. Ибрагимов О.М. Web-бағдарламалауға кіріспе. Оқу құралы. –Шымкент: ОҚМУ, 2012. –128 бет.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет