Файлдардың өлшемі Сабақтың мақсаты



Дата01.10.2023
өлшемі21,73 Mb.
#112174
түріСабақ
Байланысты:
6-ші сабақ Файлдардың көлемі


Файлдардың өлшемі
Сабақтың мақсаты:
7.1.2.2 түрлі форматтағы мұрағаттарды жасау және ашу
Файл дегеніміз не? Файл — аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама. не құжат болуы мүмкін. WINDOWS-та бағдарламалардың басқа атауы — қолданба да колданылады.
Әр файлдың аты болады. Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1-255 символға дейін болады.
Файлдардың көлемі
Файл типтерінің кейбір негізгі "құжат ретінде" белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген:
* . bmp Раіnt графикалық қолданбасының суреті
*.doс Word және WordPad мәтіндік редакторларының құжаттары
*.txt Блокнот қолданбасының құжаты
*.wav Фонограф қолданбасының дыбыстық файлы. 
*.avi Бейне-клип
*.xls Ехсеl кестелік процессорының құжаттары
*.ррt РоwerРоіnt қолданбасының тұсаукесері
Файлдардың көлемі
Қапшықтар - бұл қандай да бір белгісі бойынша файлдарды бірлестіру, мысалы, тақырыптық белгісі бойынша: бір ғана ойынға немесе редакторға жататын файлдар. Баска сөзбен айтқанда, қапшық - бұл аты аталған файлдар тобы. WINDOWS-дің қапшықтары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық денгейде қапшықты кәдімгі ішіне қағаз беттерін — файлдарды салатын қапшықпен салыстыруға болады.
WINDOWS- дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар қапшықтарда сақталады, Қапшықтың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады.
Файлдардың көлемі
Файлдардың көлемі
Қапшықтарды құру және оның құрылымы:
Қапшық элементтері:тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал-саймандар тақтасы, қалып-күй жолы, Қажет элементтер жиынын мына жолмен тандауға болады: Түр - Құрал-саймандар тақтасы және Түр => Қалып-күй жолы.
Терезеде жаңа қапшық кұру.
Қапшықты Файл => Создать => Папка командасымен құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің қапшықтары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа қапшық белгішесі пайда болады. Қапшықтың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматгы түрде "Жаңа файл" аты меншіктеледі.
Практикум
1 топ. Тапсырма. WinRAR мұрағаттаушысымен жұмыс. Файлдың әр түрлі форматта сығу дәрежесін салыстыру: RAR және ZIP.
2 топ. Тапсырма. WinRAR мұрағаттаушысымен жұмыс. Мәтіндік, графиктік және орындау файлдарының сығу дәрежесін салыстыру.
Бекіту сұрақтары
«Конверттегі сұрақтар» әдісімен сұрақ-жауап арқылы бекіту.
«Конверттегі сұрақтар» әдісімен сұрақ-жауап арқылы бекіту.
Бірдей мазмұндағы, бірақ түрлі форматтағы файлдарды қандай тәсілдермен салыстырауға болады?
.doc және .tiff кеңейтілуімен сақталған файлдардың .docх және .jpg кеңейтілуі арқылы сақталған файлдан ерекшелігін анықтаңдар?
Файл көлемін кішірейту үшін файлдың қандай форматын таңдау керек?
Қорытынды
  • Ақпаратты сығудың мәнін және қызметін түсіндік;
  • Файлдарды мұрағаттадық және мұрағаттан шығара алдық;
  • Әртүрлі форматтағы файлдарды мұрағаттау тәсілдерін қолдандық;


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет