Лекция Ынтымақтастық педагогика жайлы ұғым Практикалық сабақ Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы, шығармашылық іс-әрекет



бет1/5
Дата07.01.2022
өлшемі57 Kb.
#18748
түріЛекция
  1   2   3   4   5

1.Лекция Ынтымақтастық педагогика жайлы ұғым

2.Практикалық сабақ Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы, шығармашылық іс-әрекет

Ынтымақтастық педагогика негізі адамға деген ізгіліктіктік көзқарас, оның мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сену, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін түсіну, тәрбие үрдісінде оларды есепке алу. Осы тұжырымдамаға сәйкес үш басты тұлғалық ұстанымдарды бөліп көрсетуге болады.


  1. Баланы бар болмысымен қабылдау. Мұнда баланы мұғалімнің қабылдамауы, оқушының өзіндік «Менін» бағаламауы орын алмайды.

  2. Баланы эмпатикалық түсіну. Мұғалім оқушының ішкі дүниесіне енуге, қоршаған ортаны оқушының көзімен қабылдап, оның ішкі дүниесімен сезінуге талпынады.

  3. Оқушылармен ашық, өзара сенімділік қарым – қатынас. Мұғалімнің  оқушыларға өзінің ішкі дүниесін ашуға деген  талпынысы.

   Ынтымақтастық педагогикасы «ынтымақтастықты» бірлескен әрекет деп түсініп, төмендегідей сипаттайды:

1) ортақ мақсаттың болуы;

2) әрекетті ұйымдастыру және басқару;

3) қызметті, әрекетті, жолдарын бөлу;

4) тұлғааралық қатынастың болуы.

  Өзара ынтымақтастықта бола алады:

-  мұғалім мен оқушылар, бірлескен әрекетті және мұғалімнің шұғыл кері байланысты орнату барысындағы өзара түсінушілікті көрсету арқылы әрекеттесуі;

оқушылар мен оқушылар, тәрбие үрдісінде бір – біріне деген сенім артуы және серістесінің сенімділігіне сенуі;

мұғалімдер мен мұғалімдер, бір – біріне өзара көмек көрсетуі арқылы педагогика саласындағы теориялық және әдістемелік жаңалықтармен тәжірибе алмасуы;

-  мұғалімдер мен ата – аналар, оқушыларға қатысты ақпараттармен дер кезінде алмасуы;

Ынтымақтастық  білігі мен дағдысын қалыптастыру бойынша жұмыс кезең кезеңмен жүзеге асырылады:

І кезең. Тәрбие үрдісіне қатысушалардың барлығының дағдыны меңгеру қажеттілігін шаралар, тренингтер ұйымдастыру арқылы ұғындыру.

ІІ кезең. Оқушылардың жай сөйлей білу білігінің мәнін түсінуі, бірлескен әрекетте бірін – бірі қолдауы, жауаптарын негіздеуі, ұсынушыларды емес, идеяларды сынауы. Аталған біліктер интеллектуалдық ойындар мен тренингтердің көмегімен  меңгеріліп, жеке бақылау парақтарында тіркеледі.

ІІІ кезең. Мұғалімнің коммуникативтік ситуацияларды, топтық тапсырмаларды (сараланған топтық жұмыстар, ақпараттармен алмасу, орындалған жұмыстар бойынша есеп беру, сарапшы топтың бағасы) жасау.

ІҮ кезең. Драматизация, пікірсайыс, жобалау т.б. құралдар арқылы біліктерді меңгеру мен жетілдіру барысында  мұғалімнің оқушыларды қолдауы.

Ынтымақтастық педагогикасы  80 жылдары білім беру саласында көптеген инновациялық үрдістерді өмірге алып келген мейлінше кең таралған педагогикалық жинақтаулардық бірі болып табылады. Технология атауы кеңес мектебінің  тамаша дәстүрлерін біріктірген (Н.К:Крупская, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский, А.С.Макаренко), орыс (К.Д.Ушинский, Н.П.Пирагов, Л.Н.Толстой) және шетелдік (Ж.Ж.Руссо, Я.Корчак, К.Роджерс, Э.Берн) психолого – педагогикалық ғылым мен тәжірибесін жинақтаған жаңашыл – педагогтардың бір тобымен берілді.

   Ынтымақтастық педагогикасының біртұтас технология ретінде нақты құрылымы, нормативтік – орындаушылық нұсқаулығы жоқ. Ол жүздеген мақалалар мен кітаптарда «шашыраңқы» берілген. Ынтымақтастық идеясы қазіргі заманғы технологиялардың барлығында орын алады.

Мақсаттық бағдары:

-  Талап қоюшылық педагогикасынан қарым – қатынас педагогикасына көшу.

-  Балаға ізгілікті – тұлғалық тұрғысынан келу

-  Оқыту мен тәрбие бірлігі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет