Лекция жоспары: (2 сағат) Пайыздық және пайыздық емес акциялар Бағалы қағаздардан табыстар



бет1/2
Дата18.03.2023
өлшемі24,47 Kb.
#75404
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
Тақырып 13


Тақырып 13. Акциядан пайда (ҚЕХС 33)


Лекция жоспары: (2 сағат)
1.Пайыздық және пайыздық емес акциялар
2.Бағалы қағаздардан табыстар

1. Таратылуға қарсы - акцияға келетін пайданы ұлғайту немесе кеміту, оның өзі айырбасталатын құралдарды айырбастауға қатыстырудың, опциондар мен варранттарды орындаудың немесе белгілі бір шарттар орындалғаннан кейін жай акциялар шығарудың нәтижесі болып табылады.


Орналастырылуы кейінге қалдырыған акциялар шығару туралы шарт – акциялар шығару туралы белгілі бір шарттардың орындалуына байланысты келісім.
Орналастырылуы кейінге қалдырылған акциялар - орналастырылуы кейінге қалдырылған акциялар шығару туралы шартта белгіленген талаптар орындалғаннан кейін шағын ақшалай өтем төлеуге айырбас ретінде немесе қандай да болсын, соның ішінде шағын ақшалай өтем төлеусіз шығарылатын жай акциялар.
Тарату - акцияға келетін пайданы кеміту немесе акцияға келетін залалды ұлғайту, бұл айырбасталатын құралдарды айырбастауға қатыстырудың, опциондар немесе варранттар орындау немесе белгілі бір жағдайлар орындалғаннан кейін жай акциялар шығару нәтижесі болып табылады.
Опциондар, варранттар және олардың баламалары - өздерін ұстаушыға жай акциялар сатып алу құқығын беретін қаржы құралдары.
Жай акция – үлескерлік құралдардың барлық басқа сыныптарына неғұрлым төмен статусы бар үлескерлік құрал.
Әлуетті жай акция - өз иесіне жай акцияларды иелену құқығын бере алатын қаржы құралы немесе өзге шарт.
Жай акцияларды сату опциондары – мұндай опционды ұстаушыға жай акцияларды белгілі бір баға бойынша белгілі бір кезең ішінде сату құқығын беретін келісім-шарттар.
Жай акцияларды ұстаушылар кезеңдегі пайданы бөлуге тек артықшылықты акциялар сияқты басқа акция түрлері иелерінен кейін ғана қатысады. Ұйымда жай акциялардың бірнеше сыныбы болуы мүмкін. Бір сыныптағы жай акцияларды ұстаушылар дивидендтер алуға тең құқылы.
Әлуетті жай акциялардың мысалдары:
(а) қаржы міндеттемелері немесе үлескерлік құралдар, соның ішінде жай акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялар;
(b) опциондар мен варранттар;
(с) шарт келісімдерінде көзделген талаптар орындалғаннан кейін, мысалы, кәсіпорын немесе басқа активтер сатып алу кезінде шығарылатын акциялар.
Ұйым артықшылықты акцияларды сататын жеңілдікті өтеу есебіне бастапқы төмен дивидендтерді немесе дивидендтерді неғұрлым кейінгі кезеңдерде инвесторлар артықшылықты акцияларды сатып алатын үстемені өтеу есебінен «рыноктан жоғары» төлеуді көздейтін артықшылықты акциялар кейде ставкасы ұлғайтылған артықшылықты акциялар деп аталады. Артықшылықты акциялар шығару кезіндегі кез келген жеңілдік немесе үстеме ставканың ұлғаюына қарай пайыздың тиімді ставкасы әдісін пайдалана бөлінбеген пайдаға амортизацияланады және есепке алуда акцияға келетін пайданы есептеу мақсатында артықшылықты акцияға дивиденд түрінде көрсетіледі.
Артықшылықты акцияларды ұйымның соларды ұстаушыларға тендерлік ұсынысы шеңберінде сатып алуға болады. Артықшылықты акциялар ұстаушыларға төленген өтемді төлеудің әділ құнының сол артықшылықты акциялардың баланстық құнынан асып кетуі артықшылықты акциялар ұстаушылар пайдасындағы кіріс және ұйымның бөлінбеген пайдасынан шегерім болып табылады. Бұл сома басты ұйымның артықшылықты акцияларын ұстаушыларға келетін пайданы немесе залалды есептеу кезінде шегеріледі.
Айырбасталатын артықшылықты акцияларды мерзімінен бұрын айырбастауды ұйымның айырбастаудың бастапқы жағдайларын қолайлы түрде өзгерту немесе қосымша ыңғайласпа қосымша ұсынысты төлеу арқылы ынталандыра алады. Жай акциялардың әділ құнының немесе төленген басқа өтемді төлеудің айырбастаудың бастапқы шарттарына сәйкес орналастырылатын акциялардың әділ құнынан асуы артықшылықты акциялар ұстаушылар пайдасындағы кіріс болып табылады және басты ұйымның артықшылықты акцияларын ұстаушыларға келетін пайданы немесе залалды есептеу кезінде шегеріледі.
Артықшылықты акциялардың баланстық құнының оларды өтеу кезіндегі өтемді төлеудің әділ құнынан кез келген асуы басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін кезеңдегі пайданы немесе залалды есептеу кезінде шегерілуге жатады. Акцияға келетін негізгі пайданы есептеу үшін жай акциялардың саны кезең ішіндегі айналыстағы жай акциялардың орташа алынған санына тең болуға тиіс.
Кезең ішінде айналыста болатын жай акциялардың орташа алынған санын пайдалану акционерлік капитал мөлшерінің түрлі кезеңде акциялардың көп немесе аз санының айналыста болатындығына байланысты өзгеруінің ықтималдығын көрсетеді. Кезең ішінде айналыста болатын жай акциялардың орташа алынған саны кезеңнің бас кезінде айналыста болатын жай акциялардың кезең ішінде сатып алынған немесе орналастырылған жай акциялар саны бойынша түзетілген, орташа алынған уақыт коэффициентіне көбейтілген санына тең болады. Орташа алынған уақыт коэффициенті акциялар айналыста болатын күндер санын есепті кезеңдегі күндердің жалпы санына бөлудің бөліндісі ретінде айқындалады; көптеген жағдайларда, жеткілікті негіздер бар болған жағдайда, орташа алынған көрсеткішті шамамен есептеуге жол беріледі. Акциялар айналыстағы акциялардың орташа алынған санының есебіне, әдетте, оларды өтеу жөніндегі дебиторлық берешек пайда болған сәттен (әдетте олар орналастырылған күннен) бастап қосылады, мысалы:
(а) ақша қаражатын төлеу арқылы орналастырылған жай акциялар есепке оларды төлеу бойынша дебиторлық берешек пайда болған сәттен бастап қосылады;
(b) жай немесе артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді ерікті қайта инвестициялау барысында орналастырылған жай акциялар есепке дивидендтер төленген күннен бастап қосылады;
(с) қарыз құралын жай акцияларға айырбастау нәтижесінде орналастырылған жай акциялар есепке пайыздар есептеу тоқтатылған күннен бастап қосылады;
(d) басқа қаржы құралдарының пайыздарын немесе негізгі сомасын төлеу есебінен орналастырылған жай акциялар есепке пайыздар есептеу тоқтатылған күннен бастап қосылады;
(е) ұйымның міндеттемелерін орындау есебінен орналастырылған жай акциялар есепке міндеттемелер орындалған күннен бастап қосылады;
(f) ақша қаражаты болып табылмайтын активті сатып алған кезде өтемді төлеу ретінде орналастырылған жай акциялар есепке сатып алынған актив ұйым балансында мойындалған күннен бастап қосылады;
және
(g) ұйымға көрсетілген қызметке ақы төлеу есебінен орналастырылған жай акциялар есепке ондай қызметтердің көрсетілуіне қарай қосылады.
Жай акцияларды айналыстағы акциялардың орташа алынған санының есебіне қосу сәті оларды шығаруға және орналастыруға байланысты жағдайлармен айқындалады. Акцияларды орналастыруға қатысты кез келген шарттың мазмұнын тиісті түрде ескеру қажет.
Кәсіпорындар бірігуі құнының құрамдас бөліктерінің бірі түрінде шығарылған жай акциялар орташа алынған акциялар санының есебіне сатып алынған күннен бастап қосылады. Мұның өзі сатып алушы ұйымның сатып алынатын ұйым пайдалары мен залалдарын сол күннен бастап пайдалар мен залалдар туралы өз есебіне қосуының нәтижесі болып табылады.
Төленуге тиісті вексельдер – жазба түрде бекітілген міндеттеме, вексель ұстаушы белгілі уақытта екінші жаққа келісілген соманы төлеуді міндетке алады. Вексель ұйым банктен займ алғанда жасалады немесе басқа қаржылық институтта жасалуы мүмкін. Вексельдер ұзақ мерзімді объектілерді: жабдықтарды, станоктарды және басқа да активтерді несиеге алғанда да пайдаланылады. Вексельдер кепілдікпен қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болып бөлінеді.
Вексельдер көбінесе пайыздық болады. Пайыздық вексельде пайыз ставкасы вексель сомасынан бөлек жазылады. Пайыздық емес вексельде пайыз дисконтты бекіту жолымен төленеді, онда пайыз нормасы жанама түрде көрсетіледі, ол нақты пайыздық ставка немесе пайыздық табыс деп аталады.
Атауынан тәуелсіз, барлық қарыздық құжаттар тікелей және жанама түрде қарыз алушыға пайыз төлеуді талап етеді. Бұл уақыт ағымында ақшаның құнсыздануына байланысты. Қарыздық міндеттеме бойынша кезеңдік пайыз сомасы мына тәртіпте анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет