Лекция Магнит өрісі. Магнит өрісінің табиғаты. Тұрақты магнит өрісі



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата18.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#94388
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 9. Магнит өрісі. Ампер заңы



Лекция 8. Магнит өрісі. Магнит өрісінің табиғаты. Тұрақты магнит өрісі. 
Био-Савар заңы. 
1. Тұрақты магнит 
Тұрақты магниттер –өзінің магниттелу қасиетін ұзақ сақтайтын денелерді 
айтады. Магниттердің негізгі қасиеті – ол темірден немесе оның қоспасынан 
жасалған денелерді тарту. Тұрақты магнит әрдайм екі полюсі бар: солтүстік 
(N) және оңтүстік (S). Тұрақты магниттің ең күшті магнит өрісі оның 
полюстерінде. Тұрақты магниттерді көбіне темірден, шойыннан және т.б. 
темір құймаларынан, сонымен қатар никельден, кобальттан және т.б. 
дайындайды. Магниттер табиғи (темір рудаларынан) немесе жасанды 
(темірге магнит өрісінде магниттеу арқылы) болады.
Магниттердің өзара әсерлесуі: аттас тебіледі, әр аттас полюстер тартылады. 
Магниттердің өзара әсерлесуі кез-келген магниттің магнит өрісінің болуымен 
және олардың өзара әсерлесуімен түсіндіріледі.
Тұрақты магниттің магнит өрісі. Темірдің магниттелу себебі қандай? 
Француз ғалымы Ампердің гипотезасына байланысты әр заттың ішінде
элементар тоқтар болады (Ампер тогы) – олар атомдағы электрондардың 
ядроны және өз өстерін айналып қозғалуынан пайда болады. Электрондар 
қозғалғанда элементар магнит өрістері пайда болады. Темір кесегін сыртқы 
магнит өрісіне әкелгенде барлық элементар магнит өрістерібұл темірде 
сыртқы магнит өрісімен бірдей бағытталады да, өзіндік магнит өрісін құрайды.
Тұрақты магниттің магнит өрісі қалай көрінеді? 
Магнит өрісінің түрін темір ұнтақтары арқылы елестетуге болады. Қағаз 
үстіне магнитке темір ұнтақтарын себу арқылы көруге болады.
1600 жылы Уильям Гильберт “Магнит, магниттік заттар және үлкен 
магнит-Жер туралы” деп аталатын шығармасында магнит және электр 
құбылыстарына жасаған өз зерттеулерін (600-дей тәжірибе) жазды және 
электр және магнетизмнің алғашқы теориясын құрастырды. Ол мынаны 
анықтады: магниттің әрдайым екі полюсі болатынын – сол және оң; магнитті 
бөлгенде ортасынан ешқашан бір полюсті магнит алынбайтынын; аттас 
полюстер тебілетінін, ал әр аттас полюстер тартылатынын; темір заттар 
магниттің арқасында магниттік қасиеттерге ие болатынын. Магниттелген 
шардың магниттік қасиеттерінмагниттік тілше арқылы зерттей отырып
мынадай қорытындыға келді: олардың Жердің магнит қасиеттеріне сәйкес 
келетіндігін. Осыдан, магниттік тілшенің бұрылуын түсіндірді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет