Лекция. Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы



Дата21.12.2023
өлшемі349,27 Kb.
#141897
түріЛекция

Лекция. Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы

Өндірістік санитарияның жалпы мәселелері. Өндірістік санитария мен еңбек гигиенасын анықтау және тағайындау.


Сыртқы ортаның санитарлық жағдайын және оның адам ағзасына әсерін зерттеу ғылымы гигиена деп аталады.
Гигиена (грек. – денсаулық) - бірқатар бөлімдерден тұрады: коммуналдық гигиена, еңбек гигиенасы, балалар гигиенасы және т. б.
Еңбек гигиенасы - адамның еңбек қызметімен байланысты болуы мүмкін кәсіптік аурулардың және басқа да жағымсыз салдардың алдын алудың жоғары деңгейін қамтамасыз етудің ғылыми негіздері мен практикалық шараларын әзірлейтін профилактикалық медицина саласы.
Еңбек адамның қалыптасуы мен әлеуметтік дамуының, материалдық құндылықтарды құрудың негізі болып табылады. Бұл организмдегі биологиялық процестердің қалыпты жүруі және әлеуметтік функцияларды орындау үшін қажет. Ф.Энгельстің сипаттамасы бойынша еңбек адамды жаратты. Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс адамдардың физикалық, интеллектуалдық және адамгершілік жетілуіне әкеледі.
Практикалық қызмет саласында еңбек гигиенасы жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан және жобаланатын зауыттарда, басқа да өндірістік объектілерде санитарлық қадағалау мәселелерін шешеді.
Санитария ғылымы гигиеналық шаралар мен талаптарды жүзеге асырумен айналысады.
Өндірістік санитария - жұмыс істеп тұрған зиянды өндірістік факторларға әсерін болдырмайтын ұйымдастырушылық, гигиеникалық және санитарлық-техникалық іс-шаралар мен құралдар жүйесі (МЕМСТ ССБТ 12.0.002-80).
• Өндірістік санитария мыналарды қамтиды:
• жұмыс аймағындағы ауа ортасын және микроклиматты сауықтыру;
•жұмысшыларды шудан, дірілден, ультрадыбыстан, электромагниттік сәулеленуден қорғау, табиғи және жасанды жарықтандыру нормативтерін қамтамасыз ету;
• кәсіпорын аумағының, негізгі және қосалқы бөлмелердің жай-күйінің санитариялық талаптарына сәйкес ұстау.
• Санитарлық-гигиеналық еңбек жағдайлары кәсіпорынды жобалау кезенінде, оны пайдалану кезінде де қамтамасыз етіледі.


Өндірістік санитария – қызметкерлерге зиянды өндірістік факторлардың кері әсерін болғызбайтын немесе азайтатын ұйымдастырылған іш-шаралар мен техникалық құралдар жүйесі.
Негізгі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар болып табылатындар: көп мөлшерде шаң басу және жұмыс аймағындағы ауаның газдануы; жұмыс аймағындағы ауаның жоғары немесе төменгі температурасы; жұмыс аймағындағы ауаның жоғары немесе төменгі ылғалдылығы және ауаның қозғалысы; шудың және дірілдің жоғарғы деңгейде болуы; әртүрлі электромагниттi сәулеленулердiң деңгейінің жоғарылығы; табиғи жарықтың кемшілігі немесе оның жоқтығы; жұмыс аймағында жарықтың жеткіліксіз болуы және тағы басқалар.


2.Өндірістік санитария мен еңбек гигиенасын анықтау және тағайындау. Өндірістік санитария дегеніміз ұйымдастырылған гигиеналық және санитарлық-техникалық шаралардың жүйесі ретінде еңбекшілерге әсер ететін өндіріс факторларын жоюға бағытталған шаралардың жиынтығы.
Өндірістік санитария негізінен мына шараларды қамтиды: технологиялық процестердегі қауіпті-зиянды факторларды азайтудың жолдарын іздестіру, еңбек қорғаудың санитарлық-техникалық шараларын реттеу, жұмысшылардың жұмыс кестесі мен жеке бас гигиенасымен т.б.ж. қамтиды. Қазіргі кезде ғылыми техникалық жетістіктер өндіріс санитариясына үлкен әсерін тигізеді, ондай факторлар негізінен үшке бөлінеді:
1.Гиподинамия- дене қозғалысының жетіспеуі. 2.Тамақтың жетіспеуі (санитарлық мөлшерде).
3.Әртүрлі хабарлардың көптігі немесе жетіспеуі (шындықтың жетіспеуі) т.б. Ғалымдар еңбек жағдайлары 4 топқа бөлінеді деп есептейді. Кестеде еңбек жағдайлары элементтері, олардың сипаттамалары және өлшем бірліктері көрсетілген:
1 Кесте. Еңбек жағдайлары элементтерінің сипаттамалары және өлшем бірліктері


.

.

.

Бакылау сурактар
. Өндірістік санитария дегеніміз не?

  1. Еңбек гигиенасы дегеніміз не?

  2. Өндірістік санитария не зерттейді?

  3. Қазіргі кезде ғылыми техникалық жетістіктер өндіріс санитариясына үлкен әсерін тигізеді, ондай факторлар негізінен нешеге бөлінеді?

  4. Гиподинамия дегеніміз не?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет