Сабақтың тақырыбы Қаныққан және қанықпаған бу. Ауаның ылғалдылығы. Жалпы мәліметтер



бет1/2
Дата15.01.2023
өлшемі39,02 Kb.
#61364
түріСабақ
  1   2


Бекітемін:

Г.Аралбаева

Білім беру ұйымының атауы

ҚАТК

Модуль/пән атауы

Физика

Педагог

Қ.Ибрагимов

Сабақтың тақырыбы

Қаныққан және қанықпаған бу. Ауаның ылғалдылығы.

1. Жалпы мәліметтер

Мамандығы:
Автомобиль көлігін жөндеу шебері
Біліктілгі:


Курс, топ

Оқытуды өткізу мерзімі

Оқытуды өткізу орны

А-22/9 1 курс

09.11.2022




Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

2. Мақсаты, міндеттері



1. Қаныққан және қанықпаған бу ұғымдарымен, олардың қасиеттерімен, ауаның салыстырмалы және абсолют ылғалдылығын түсіну;
2. Қаныққан және қанықпаған бу қысымының температураға тәуелділігін және ауа ылғалдылығын тәжірибе жүзінде анықтау
3. Ауаның салыстырмалы және абсолют ылғалдылығын формуласын пайдаланып, есептер шығару.



3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі

  1. Қаныққан және қанықпаған буұғымдарымен, олардың қасиеттерімен, ауаның салыстырмалы және абсолют ылғалдылығы анықтамаларын біледі.

  2. Тәжірибе арқылы қаныққан және қанықпаған будың қасиеттерін және ауа ылғалдылығын анықтайды;

  3. Ауа ылғалдылығының формуласын есептерін шығаруда қолданады.

4. Қажетті ресурстар



Оқу- әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Техникалық құралдар,
материалдар

Физика есептер жинағы. Интербелсенді тақта. Түрлі түсті қиынды

Электронды кітап.Тәжірбиелік формулалар



Сабақтың
Жоспарланған
кезеңдері

Мұғалім іс әрекеті

Студент іс әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы
12мин



«ПАЗЛ» әдісі арқылы психрометрдің, гигрометрдің суретін беріп, оқушылар құрастырып, қандай құрал шыққанын айтады.
«7 W» тәсілі. Оқушыларға сұрақтар қоя отырып, жаңа сабаққа жетелеу сұрақтары арқылы бағыттаймын.

  1. Неліктен булану шәйнек қайнаған кезде шәйнектің шүмегінен шығады?(су қайнаған кезде үстіңгі жағынан булану қарқынды жүреді, шәйнек қақпағы жабық болғандықтан, бу шәйнектің шүмегінен шығады)

  2. Неліктен қайнаған шәйнек суығаннан кейін, қақпағынан су тамшылары пайда болады?(су буының конденсациясының нәтижесі)

  3. Неліктен бассенйннен шыққанда жаурайсың? (булану кезінде сұйық салқындайды, яғни судың ішкі энергиясы азайып, температурасы төмендейді)

  4. Неліктен желді ауа райында жылдам кебеді?( себебі, сұйық бетінің үстіңде жел болса, ол ұшып шыққан молекулаларды ұшырып, булану жылдам жүреді)

  5. Неліктен бұлт түзіледі? (теңіз, мұхит беттерінің көп су мөлшері буланып, су буы жылы ауамен бірге биікке көтерілгенде салқындау нәтижесінде бұлт түзіледі)

Мақсатым: оқушылардың сыни ойлаудағдысын қалыптастыру, тақырыпты ашу, күнделікті өмірден мысалдар келтіру.
«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалаймын.

Пазлдар

Сабақтыңортасы
20 мин


Тапсырма-1. «Сәйкесін тап» әдісі арқылы оқушыларға кесте ұсынамын. Кесте жаңа тақырыпқа түйінді сөз және оның анықтамаларын бере отырып, оқушыларға сәйкестендіремін.
Мақсатым:Қаныққан және қанықпаған бу ұғымдарымен, олардың қасиеттерімен, ауаның салыстырмалы және абсолют ылғалдылығын түсіну
Бағалау тәсілі: «Көршіңді бағала» (көрсетілген дұрыс жауап арқылы бірін бірі бағалайды)


Түйінді сөз

Анықтамасы

Қаныққан бу

Грекше «ылғалдылық» дегенді білдіреді

Қанықпаған бу

Су буының атмосферадағы түрлі бөліктерінің мөлшері

Психрометр

Ауадағы су буының тығыздығы мен қысымымен өлшенеді.

Гигрометр

ф=pa/pқ * 100%

Ауа ылғалдылығы

Өзінің сұйығымен динамикалық тпе-теңдікте болады

Абсолют ылғалдылық

Корпусқа суы бар ыдыс бекітіледі

Салыстырмалы ылғалдылық

Сұйықтың бетіндегі бу және сұйық жоқ кездегі бу




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет