Лекция Тақырыбы: Абай мұрасындағы табиғат тақырыбы Лекцияның оқыту нәтижелері



бет1/2
Дата24.11.2023
өлшемі26,4 Kb.
#125356
түріЛекция
  1   2

Модуль 2. Абай және қазақ лирикасы
5-лекция Тақырыбы: Абай мұрасындағы табиғат тақырыбы

Лекцияның оқыту нәтижелері:

  1. Абайдың табиғат лирикасымен танысады.

  2. Табиғат жайлы жазылған Абай туындыларының сырына бойлайды.

  3. Қазақ әдебиеті тарихында табиғатты адам тіршілігімен байланыстыра беру Абай поэзиясынан басталатындығын біледі.

  4. Абайдың табиған лирикасын зерттеген ғылыми еңбектермен танысады.

  5. Абайдың табиғат туралы өлеңдері арқылы эстетикалық тәрбиенің берілу әдістерін қарастырады.

Лекция мазмұны:


Абай жылдың қай мезгілін суреттесе де, ең алдымен оның шындық бейнесін береді. Жоғарғы үзіндіде келтірген өлеңдердің қайсысын оқысақ та, сол кездің суреті көз алдыңда тұрады. «Қылышын сүйреткен қыс», «Масатыдай құлпырған жаз» өз кескінімен көрінеді. Жылдың төрт мезгіліндегі табиғаттың өз әдемілігінің мына жері кем қалыпты деп ешкім таласа алмастай етіп суреттелінеді.
Ақын өлеңдерінде табиғаттың тек жалаң суретін ғана беріп қойған жоқ, оны адам өмірімен нық байланыстыра білді. Мал бағумен күн көріп, көшіп-қонып жүрген қазақ елінің өмір шындығын дәлме-дәл көрсетіп, жылдың әрбір мезгілінің мал баққан елге қандай әсер ететіндігін баяндады:
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып,
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып, - деп, Абай күн көрісі табиғатпен нық байланысты болған елдің алты ай қыста бүрсең қаққан, қалт-құлт еткен кейпі жаз келе жадырап, басқа түрге енгенін, мал баққан ел қандай қуанышпен жазды қарсы алатындығын, оның өзі өмір тіршілігімен байланысты екендігін көрсетеді.
Ақын қазақ даласындағы жазғытұрғы кездің барлық суретін толық берумен бірге, бұл кезді қазақ халқын еңбекке жұмылдыратын, тіршілік үшін күресінің қайнар көзі деп таниды.
Абай «Қыс» деген өлеңінде қысты адам бейнесінде суреттеп береді. Бұрын қысты бұлай суреттеу болмаған-ды. Абай оны қазақтың ұғымына сай «кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды» деген тәрізді байырғы сөздер арқылы образдар жасайды. Қысты ақ сақалды шал бейнесінде суреттеу бұрынғы қазақ әдебиетінде, Абайдан басқаларда кездеспейді. «Қыс» деген өлеңнің басқа жағын былай қойғанда, бұл шығармадан қыстың қырдағы елге қандай әсері барлығын, мал баққан жылқышыға, жалпы шаруаға жылдың ең бір қолайсыз кезі екендігін айқын көруге болады. Өйткені қыс өз тұлғасында толық берілген. «Қыс» өлеңін оқығанда, аязды қыстың суық лебі бетке тигендей болады. Табиғат тақырыбында жазылған бұл өлеңдері - ақынның асқан суретші екендігіне толық дәлел.
«Қараша желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңінің маңызын айтып беріңіз. Абайдың 1888 ж. жазған өлеңі. Бұл Абайдың пейзаж лирикасының ішіндегі таңдаулы шығарманың бірі, көшпелі қазақ аулының әлеуметтік жіктелісін, тұрмыс айырмашылығына нық көрсеткен мазмұны терең, көркемдігі жоғары, идеясы биік туынды. Мал сүмесімен күн көріп отырған елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезі салған жерден аңғартылады. Көп нәрсенің түп қазығы өріске, жер жағдайына байланған, өмір сүру, тірлік кешу, жан бағу - бәрі де осыған келіп тіреледі. Ақын күн суып, ауа райы бұзылып, күз созылып, қысқа аяқ басқан шаруашылыққа қолайсыз бір шақтағы қалт-құлт еткен ауыл өмірінің қоңторғай суретін реалистік дәлдікпен, нақты адамдар тұлғасы арқылы, тірі, жанды, әрекетті күйінде, буын бұрқыратып алдың атартады. Табиғат суреті мен адамдар қимылы жымдаса бейнеленген.
Өлеңде Абайдың әлеуметтік көзқарасы айқын, бай мен кедей тап өкілдері өз атымен аталып, әрқайсысының тіршілік қалпы, мінезі нақты іс-әрекеті- мен, қимыл-қозғалысы мен көрінеді. Ертеңгі күннің қамынжеп, үнемжасап, қыстауғақонбай, кұзеуде ықтырмада отырған бай, мал бағып далада жүрген кедей, жылынуға отынтаба алмай, бүрсең қағып, тоңған иді жылытып, тон илеп, шекпен тігіп оты- рған байғұс әйел - осы жалпы сурет бірте-бірте тіпті айқындалып, жаңа бояулармен толығып, көшпелі қазақ ауылының тұтас бейнесіне айналады. Ұлы ақын, ұлы суретші Абай назарында бәрі бар: маздап жанған от болмағандықтан, қақтана алмай азынаған кемпір-шал, көзінің жасы аққан кедей баласы, ептеп кәрі қой сойған, айналасына киіз тұтқан жылы үйдегі байдың баласы, кедейге берген орта қап қара қый - осының күллісі ескілікті өмір салттың қанық бояулы белшектері. Көшпелі ауылдың таптықайырмасына шықайтқан, біржақта байлық, біржақта жоқшылық барлығын өмірдің өз суретімен дәл керсетіп берген үлкен реалист ақынның шын ықыласы қорланғандар, тапталғандар жағында, бүйрегі кедейге бұрып, жүрегі сыздап түр. Ақын кедейге байдың дәулетін берсе қолынан, бермесе жолынан тартыпал, қират, бұз, жой демейді, байды да, кедейді де ымыраға, бірлікке, келісімгешақырады.
«Жаз» өлеңіндегі көркемдік тіл, құрылысы
Абай өмірдегі, табиғаттағы көркемдікті ете нәзік сезініп, шебер бейнелеп айта білетіні табиғат көріністерін жырлайтын лирик, туындыларынан да айқын көрінеді. «Жазғытұры» атты өлеңінде жылдың осы мезгілінің елге жылылығын айтқанда ақын:
«Анамыздай жер иіп емізгенде,
"Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер...» - деп, жерді мейірімді анаға, аспанды қамқор әкеге теңейді. Жерді ана бейнесінде алып қарау - қазақ халқы ғана емес, басқа елдердің ой-санасына да тән нәрсе. Ап, Абайдың басқа бір шығармасында «атам-анам - қара жер» деген жолдар да бар. Немесе Аспанды әке бейнесінде көрсету де жайдан-жай алына салмаған. Аспанды әке деп түсінетін нанымның ерте кездегі, ежелгі замандағы адамның ой-санасында орын алғандығын байқататын суреттер де кездеседі. Абай соны өзінше жаңғыртып, ескі ұғым қалпында тың сипаттағы суреттеу тәсілі етіп қолданып отыр. Одан ары өлеңде бейнелеп суреттеу тәсілі тағы да түрлене түседі:
«Күн - күйеуі, жер - қалындық сағынысты,
Құмары екеуінің сондай күшті.
Күн қырындай жүргенде көп қожаңдап,
Күйеу келді ай, жұлдыз к... қысты.
Абайдың табиғат лирикасын сөз еткенде әдебиет теориясындағы бейнелеу әдісін ескере отырып, оны орыс әдебиетінде осы қыс бейнесінің берілуімен салыстырмалауға болады. Мысалы, Некрасов қысты «мороз – красный нос» деп бейнелесе, Абай қазақ халқының түсінігіне жақын «кәрі құда» бейнесінде береді. Ол Абайдың орыс әдебиетіндегі әдістерді үйреніп, өзінше, қазақ ауылы ұғымына жақын меңгеруі деуге болады. Бұл жөнінде Қ.Жұмалиев Абай поэзиясының тіліне байланысты еңбегінде талдап келтірген. Осыған орай Абайдың психологиялық паралеллизм әдісі жөнінде де осыны айтуға болады. Мысалы, қыс бейнесі А.С.Пушкиннің «Қысқы кеш» өлеңімен де салыстыруға болады.
Осындай салыстыруды ақынның «Желсіз түнде жарық ай» өлеңіне байланысты айтуға болады. Бұл еңбек педагогика, оның ішінде, эстетикалық тәрбиеге байланысты болған соң әдеби талдауларға тереңдей бермедік. Өйткені, олар туралы жеткілікті жазылған. Бұдан басқа ақынның «Жаз», «Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай», «Қыс», «Желсіз түнде жарық ай», «Қарашада өмір тұр» т.б. табиғат құбылыстарына арналған өлеңдерін де эстетикалық тәрбие мақсатында қолдануға болатындығы айтылып келеді. Бұл ретте ақын шығармасы арқылы эстетикалық тәрбиеге байланысты сөз қозғағанда көпшілік авторлар, мектеп мұғалімдері, т.б. зерттеушілер осы табиғат туралы жазған өлеңдерін ғана ескереді. Бұдан «Ақынның басқа шығармалары арқылы эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруға болмай ма?» деген заңды сұрақ туындайды. Осы орайда Абай шығармаларынан студенттерге эстетикалық тәрбие беруде ақынның барлық шығармалары негізінде жүзеге асырудың жолдарын қарастыруға болады. Сондықтан табиғат туралы өлеңдерін эстетикалық тәрбиенің бір қыры деп қана айтуға болады. Сонымен, табиғат туралы ақынның басқа өлеңдерін талдағанда олардың тек табиғат көркемдігі емес, сонымен бірге адамның көңіл күйі мен әлеуметтік ахуалын да өлең сөзбен сипаттау ақын шығармашылығының ерекшеліктерінің бірі деуге болады. Оның эстетикалық мәні де осында, мысалы, қыс мезгілінің өзіндік табиғи көркемдігі – ақ киім, ақ сақал, ақ қырау, сықырлап, үскірік, аяз, қар жауып, долданғанда, үй шайқалды деп келтірілсе, сол кездегі адамдардың жай-күйін олардың әлеуметтік ахуалын табиғаттың осы мезгілінің қаталдығымен байланыстырған – домбығып, үсік шалды, шыдамай теріс айналды деп, ал сол кездегі малдың жайын жылқы арқылы: Қар тепкенге қажымас қайран жылқы, Титығы құруына аз-ақ қалды, – деп осы кездегі табиғаттың бөлінбес белгісі қасқыр туралы айтып келеді де малшыларға – қор қылма, күзетіңдер, қайрат қыл деп ескерте отырып «Құр жібер мына антұрған кәрі шалды» деп ой қорытады. Осы өлеңдегі сезімге әсер ететін тұстарын табиғатпен байланыстырсақ, ол әрі көркем әрі қатал сондықтан мұнда эстетиканың екі санаты – көркемдік пен ұсқынсыз тоғыса келіп, өмірдің қарама-қайшылықтарын көрсететін, біріне екіншісі қарсы келуіне қарамастан бір бүтін табиғат құбылысының адам өміріндегі мәнін көрсетіп отыр. Табиғат көркемдігі мен ондағы құбылыстар адамның эстетикалық сезімі мен байқағыштығын дамытып, көңілде ой жүргізіп қиялдануына азық болатыны белгілі. Табиғат құбылыстарын бақылап, одан сабақ алу өнер туындыларын танып-білу, бағалау және қабылдап түсінуге негіз болады. Табиғат құбылыстарын бақылап өскен адам әдебиет туындылары, соның ішінде поэзия және басқа да көркем өнер туындыларын қабылдауға бейімді де бейілді болып өсетіні туралы педагог ғалымдар айтып келеді. Табиғат көркемдігінен адамдар шығармашылыққа шабыт алады, ойлау іс-әрекетіне қор жинайды. Табиғат – сұлулықтың қайнар бұлағы болғандықтан эстетикалық тәрбиедегі оның орнын басқа ешқандай жасанды туындылармен теңестіру мүмкін емес. Табиғатты бақылау арқылы қиялдануға жол ашылады, сөйтіп эстетикалық сезімнің дамуына ықпал етеді. Абай Құнанбаев осындай табиғаттың көркем туындысын бақылап, одан ләззат алып, тояттап өскен. Сондықтан ол оны сөз түрінде суреттегенде сан алуан теңеулер мен салыстырмалар, гипербола, парабола секілді тәсілдерді әдебиет теориясын білмей тұрып-ақ, туа біткен дарыны мен данагөйлігі нәтижесінде сипаттай алған. Мысалы, «Қызарып, сұрланып» өлеңінде адамның «елбіреп, қалтыраған» жас та нәзік сезімі мен табиғат көрінісінің сәйкестігін: Жанында жапырақ, Үстінде жұлдыз да. Елбіреп, қалтырап, Жігіт пен ол қыз да, — деп суреттеген. Жалпы ақынның табиғат көркемдігін толайым сезініп, көңіл толқуларын сөзбен жеткізудегі шеберлігін оның «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінен көруге болады. Осы құбылысты көрмеген адам оны дәл ақын Абайдай жеткізе алмас еді. Оның сезімге әсерінің қуаттылығын өлеңдегі «сәулесі суда дірілдеп…, тасыған өзен күрілдеп…, жапырағы сыбырласып…, құлпырған жасыл жер жүзі» деген сөздерден көреміз. Мұнда да ол табиғаттағы көріністерді адамдар арасындағы қарым-қатынас пен жүріс-тұрысымен астарластырып, қабыстыра келтірген, мысалы: Таймаңдамай тамылжып, Бір суынып, бір ысып. Дем ала алмай дамыл қып, Елең қағып, бос шошып. Соңғы тармақтан, әрине, ақын қыз туралы айтып тұрғаны, «сөз айта алмай бөгеліп» ақынның өзі не болмаса сол сынды жігіт туралы деп ұғынуға болады. Адамның әлеуметтік-психологиялық ахуалын табиғатпен қатарластыра суреттеу ақын шығармашылығының басты ерекшеліктерінің бірі деуге болады, мысалы, «Тоты құс түсті көбелек» өлеңінде ол сондай сан алуан бояулармен құлпырған көбелекті көркем және табиғат құбылыстарын адам өмірімен сипаттауда осы өлеңінің астарында балалық, жастық шақты жазғы табиғатпен салыстырмалай келе «бәйшешек солмақ… көбелек өлмек» деп келеді де адам өмірімен астарластырып адамзатқа керек нәрселерді санап шығады: «сүймек, сезбек, кейімек, харекет қылмақ, жүгірмек, ақылмен ойлап сөйлемек» деген соңғы шумағы адам мен табиғат арасындағы ерекшелікті көрсетеді.
Табиғат көріністерін осылай өте көркем, тартымды кейіптеу бейнелер жасап суреттей отырып, ақын қазақ өмірінің, сахара тіршілігінің шындық сипаттарын да айнытпай дәл түсіреді. Осындағы табиғат суретін тұтасымен ал сақта, күн - күйеу, жер - қалыңдық, күйеу келді деген сияқты астарлау түріндегі бейнелі сөздерді ал сақта, қыста алыстағы қыстауларына кетісіп, алыстап жүретін, жазғытұры қайта табысатын ауылдардың тұрмысы, сауылдардағы күйеу, қалыңдықтың жайы, әдет-әрекеті елес береді. Күннің күйеуше қырындары, жұлдыз бен айдың күн жоқта кісімсіп, қожаңдауы, желдің тойдың хабаршысы болып жүруі және жердің қыстайғы қары азалы ақ көрпе бейнесінде суреттелуі - осы өлеңде табиғат көріністері қазақ падасының нақтылы тіршілік, болмыс, белгілерімен қаншалықты орынды қабысып жатқанын айқындай түседі. Бұл сурет сонымен бірге көп елдерде ежелден белгілі болған күннің жерге құштарлығын, сүйіспеншілігін баяндайтын аңызбен де ұштасып жатқанын атап кету қажет. Ақын әр қозғалыс, қимыл-әрекетті көзге елестетерліктей етіп көрсетіп, сол сөзбен мүсіндеп отырған адамына, немесе яки құсқа жан бітіргендей, жансыз нәрсе болса қолға ұстатқандай қып бейнелейді. «Жазды күн шілде болғанда» өлеңінің бұл ерекшеліктері қайнап жатқан шынайы өмірді оқушының көз алдына алып келетін реалист ақынның бейнелеу әдісін, теңдесі жоқ суретшілік шеберлігін жақсы танытады. Абайдың өлең-жырларының қай-қайсысын алсақ та, біз одан шексіз бай өмір шыңдығын көреміз, теңдесі жоқ ақындық шеберлік, суреткерлік, керемет сипат-қасиет табамыз.
Табиғат көркемдігі – кез-келген адамның жанына қуаныш ұялатып, сезімін оятатын ұрымтал дүние. Ғабит Мүсірепов «Үлкен сарынның ақыны» деген еңбегінде Абайдың орыс классиктері – А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Некрасов, т.б. үлгі-өнеге алғанын айта келіп, әсіресе, табиғат көркемдігі мен адамның сезіміне қатысты тұстарына тоқталады. Жазушы «Абайда еліктеу жоқ, үндестік барын даусыз дәлелдейтін көп өлеңдер бар» екенін баса көрсетеді . Атап айтсақ, табиғат көркемдігіне байланысты Абайдың «Жазы», «Қысы» Пушкин, Некрасовта кезедесетін «Жаз» бен «Қыстарға» үндес. «Бірақ, ол үндестік сезіну жағынан реалистік ақындардың өз ойын өзінше дәл суреттей алу жағынан суреттеу», — дей келе, «оны орыс әдебиетіндегі, я басқа бір әдебиеттегі қалпында емес, қазақ әдебиетінің рухына төл тумадай қабыса кететін етіп кіргізді» деп жоғары бағалайды. Алайда, қазіргі кезде адамдардағы сезім тапшылығы олардың ішкі жан дүние әлемін кедейлендіріп, мұқалтып отырған секілді. Табиғат көркемдігін жырламаған ақын, сипаттамаған жазушы жоқ. Олар табиғаттың сөз түріндегі бейнесі арқылы адамның сезімін қозғауды көздеген. Адамға ең жақын табиғат көркемдігі. Табиғат – бұл қоршаған әлемнің әр алуан туындысы. Әркімнің туған жері – тау, тас, құм, шөл, мұз бен қар болуына қарамастан өзіне көркем және туған анасы секілді тартып тұрады. Табиғат өнерде сөз, әуен, бояу арқылы бейнеленеді. Ақын, жазушылар табиғаттың ашық, айқын тұстарымен бірге әдеттегі адамдар көре алмайтын, көрсе де көркемдеп айта алмайтын құбылыстарын сөзбен суреттеп бейнелейді. Сондай суреткерлік Абай өлеңдерінде ерекше байқалады, мысалы, ол «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінде аңшылықтың ерекшеліктерін тұрмыс салтымен ұштастыра келіп ұтымды және көркем сөздермен ұйқастыра келтірген. Солардың ішінде осы өлеңге түр беріп тұрған және оның көркемдігін өңіне келтіріп тұрған сөздер, «ғанибет, ықшам, қайтқан ізі, із шалғанда, қағушы ойда, томаға, самғағанда, тісін қайрап», т.б. Осы өлеңнің бүкіл эстетикалық маңызын көз алдыңа алып келетін көріністер жаңа жауған аппақ қар: Қансонарда бүркітші шығады аңға… Салаң етіп жолықса қайтқан ізі, Сағадан сымпың қағып із шалғанда… Түлкі мен бүркіттің алпарысуының аппақ қар үстіндегі бейнесін және шомылып жатқан сұлу қызбен салыстырған тұсы: Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл, Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға…, деп келтіргені қай жастағы адамға болса да түсінікті, десек те қазіргі кездегі қалада туып, өскен, қыстың даладағы сипатын көзімен көрмеген, ал аңшылықтың жайын тек мылтық асынып барып, бір-екі ит-құсты аяусыз өлтіру немесе атып келу деп таяз түсінетін мектеп оқушыларымен, студенттеріне эстетикалық тәрбие ұйымдастыруда осының мәнін көркемдік заңдылығымен түсіндіру қажеттігі туындап отыр. Бұл өз кезегінде оқушылардың экологиялық көзқарасын қалыптастыруға да септігін тигізер еді. Абайдың табиғат лирикасын сөз еткенде әдебиет теориясындағы бейнелеу әдісін ескере отырып, оны орыс әдебиетінде осы қыс бейнесінің берілуімен салыстырмалауға болады. Мысалы, Некрасов қысты «мороз – красный нос» деп бейнелесе, Абай қазақ халқының түсінігіне жақын «кәрі құда» бейнесінде береді. Ол Абайдың орыс әдебиетіндегі әдістерді үйреніп, өзінше, қазақ ауылы ұғымына жақын меңгеруі деуге болады. Бұл жөнінде Қ.Жұмалиев Абай поэзиясының тіліне байланысты еңбегінде талдап келтірген. Осыған орай Абайдың психологиялық паралеллизм әдісі жөнінде де осыны айтуға болады. Мысалы, қыс бейнесі А.С.Пушкиннің «Қысқы кеш» өлеңімен де салыстыруға болады. Осындай салыстыруды ақынның «Желсіз түнде жарық ай» өлеңіне байланысты айтуға болады. Бұл еңбек педагогика, оның ішінде, эстетикалық тәрбиеге байланысты болған соң әдеби талдауларға тереңдей бермедік. Өйткені, олар туралы жеткілікті жазылған. Бұдан басқа ақынның «Жаз», «Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай», «Қыс», «Желсіз түнде жарық ай», «Қарашада өмір тұр» т.б. табиғат құбылыстарына арналған өлеңдерін де эстетикалық тәрбие мақсатында қолдануға болатындығы айтылып келеді. Бұл ретте ақын шығармасы арқылы эстетикалық тәрбиеге байланысты сөз қозғағанда көпшілік авторлар, мектеп мұғалімдері, т.б. зерттеушілер осы табиғат туралы жазған өлеңдерін ғана ескереді. Бұдан «Ақынның басқа шығармалары арқылы эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруға болмай ма?» деген заңды сұрақ туындайды. Осы орайда Абай шығармаларынан студенттерге эстетикалық тәрбие беруде ақынның барлық шығармалары негізінде жүзеге асырудың жолдарын қарастыруға болады. Сондықтан табиғат туралы өлеңдерін эстетикалық тәрбиенің бір қыры деп қана айтуға болады. Сонымен, табиғат туралы ақынның басқа өлеңдерін талдағанда олардың тек табиғат көркемдігі емес, сонымен бірге адамның көңіл күйі мен әлеуметтік ахуалын да өлең сөзбен сипаттау ақын шығармашылығының ерекшеліктерінің бірі деуге болады. Оның эстетикалық мәні де осында, мысалы, қыс мезгілінің өзіндік табиғи көркемдігі – ақ киім, ақ сақал, ақ қырау, сықырлап, үскірік, аяз, қар жауып, долданғанда, үй шайқалды деп келтірілсе, сол кездегі адамдардың жай-күйін олардың әлеуметтік ахуалын табиғаттың осы мезгілінің қаталдығымен байланыстырған – домбығып, үсік шалды, шыдамай теріс айналды деп, ал сол кездегі малдың жайын жылқы арқылы: Қар тепкенге қажымас қайран жылқы, Титығы құруына аз-ақ қалды, – деп осы кездегі табиғаттың бөлінбес белгісі қасқыр туралы айтып келеді де малшыларға – қор қылма, күзетіңдер, қайрат қыл деп ескерте отырып «Құр жібер мына антұрған кәрі шалды» деп ой қорытады. Осы өлеңдегі сезімге әсер ететін тұстарын табиғатпен байланыстырсақ, ол әрі көркем әрі қатал сондықтан мұнда эстетиканың екі санаты – көркемдік пен ұсқынсыз тоғыса келіп, өмірдің қарама-қайшылықтарын көрсететін, біріне екіншісі қарсы келуіне қарамастан бір бүтін табиғат құбылысының адам өміріндегі мәнін көрсетіп отыр. Табиғат көркемдігі мен ондағы құбылыстар адамның эстетикалық сезімі мен байқағыштығын дамытып, көңілде ой жүргізіп қиялдануына азық болатыны белгілі. Табиғат құбылыстарын бақылап, одан сабақ алу өнер туындыларын танып-білу, бағалау және қабылдап түсінуге негіз болады. Табиғат құбылыстарын бақылап өскен адам әдебиет туындылары, соның ішінде поэзия және басқа да көркем өнер туындыларын қабылдауға бейімді де бейілді болып өсетіні туралы педагог ғалымдар айтып келеді. Табиғат көркемдігінен адамдар шығармашылыққа шабыт алады, ойлау іс-әрекетіне қор жинайды. Табиғат – сұлулықтың қайнар бұлағы болғандықтан эстетикалық тәрбиедегі оның орнын басқа ешқандай жасанды туындылармен теңестіру мүмкін емес. Табиғатты бақылау арқылы қиялдануға жол ашылады, сөйтіп эстетикалық сезімнің дамуына ықпал етеді. Абай Құнанбаев осындай табиғаттың көркем туындысын бақылап, одан ләззат алып, тояттап өскен. Сондықтан ол оны сөз түрінде суреттегенде сан алуан теңеулер мен салыстырмалар, гипербола, парабола секілді тәсілдерді әдебиет теориясын білмей тұрып-ақ, туа біткен дарыны мен данагөйлігі нәтижесінде сипаттай алған. Мысалы, «Қызарып, сұрланып» өлеңінде адамның «елбіреп, қалтыраған» жас та нәзік сезімі мен табиғат көрінісінің сәйкестігін: Жанында жапырақ, Үстінде жұлдыз да. Елбіреп, қалтырап, Жігіт пен ол қыз да, — деп суреттеген. Жалпы ақынның табиғат көркемдігін толайым сезініп, көңіл толқуларын сөзбен жеткізудегі шеберлігін оның «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінен көруге болады. Осы құбылысты көрмеген адам оны дәл ақын Абайдай жеткізе алмас еді. Оның сезімге әсерінің қуаттылығын өлеңдегі «сәулесі суда дірілдеп…, тасыған өзен күрілдеп…, жапырағы сыбырласып…, құлпырған жасыл жер жүзі» деген сөздерден көреміз. Мұнда да ол табиғаттағы көріністерді адамдар арасындағы қарым-қатынас пен жүріс-тұрысымен астарластырып, қабыстыра келтірген.
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, ноутбук
Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, проблемалық, сұрақ – жауап, түсіндіру, сабақ жоспарына сәйкес оқу пәнiнiң нақты сұрақтарын талқылау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет