Сабақ: Тригонометриялық функциялардың қос және жарты бұрыштың формулалары Мектеп: Қаражар аулының жоббм



бет1/3
Дата30.03.2023
өлшемі88,43 Kb.
#77603
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
қос бұрыштың тригонометриялық формулалары


САБАҚ ЖОСПАРЫ



САБАҚ: Тригонометриялық функциялардың қос және жарты бұрыштың формулалары

Мектеп: Қаражар аулының ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің есімі: Қуатхан Б

СЫНЫП: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

9.2.4.3 бұрыштардың қосындысы мен айырмасының, жарты және қос бұрыш формулаларын қорытып шығару және қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Қос бұрыш формулаларын қолданады;

  • Жарты бұрыш формулаларын қолданады.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Қос бұрыш формулаларын қорытып шығарады және қолданады;

  • Жарты бұрыш формулаларын қорытып шығарады және қолданады.

Кейбір оқушылар:

  • Күрделі тапсырмаларда қос бұрыш формулаларын және жарты бұрыш формулаларын қорытып шығарады және қолданады.

Бағалау критерийлері

  • Тригонометриялық функцияларының анықтамасын пайымдайды;

  • Қос бұрыш және жарты бұрыш формулаларын қортып шығарады;

  • Қос бұрыш және жарты бұрыш формулаларын пайдаланып, есептер шығарады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:
Оқушылар:
- осы бөлімдегі терминдерге сүйену;
- тригонометриялық функциялардың аргументтерінің қосындысы мен айырмасының, екі еселі бұрыштың, тригонометриялық функциялардың қосындысын/айырмасын көбейтіндіге және көбейтіндіні қосындыға/айырмаға түрлендіру формулаларының қорытылуын түсіндіреді.
Негізгі сөздер мен тіркестер:

  • аргументтердің қосындысының синус/косинус/тангенс/котангенсы;

  • аргументтердің айырмасының синус/косинус/тангенс/котангенсы.

Сыныптағы диалогқа/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

  • тригонометриялық функциялар аргументтерінің қосындысы/айырмасы формулаларын өрнекке қолданамыз;

  • берілген өрнек екі еселі бұрыштың синусы/косинусы формуласының оң жақ бөлігін білдіреді;

  • тригонометриялық функциялардың қосындысын/айырмасын көбейтінді түрінде көрсету.

Алдыңғы оқу

Негізгі тригонометриялық функциялардың анықтамасын біледі және бірлік шеңбер арқылы олардың қасиеттерін анықтай алады. Өрнектің мәнін табуда, өрнекті ықшамдауда, теңбе-теңдікті дәлелдеуде негізгі тригонометриялық теңбе-теңдіктер мен келтіру формулаларын қолдана алады.

Жоспар



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет