Лекция тақырыбы: Диамагнетизм, парамагнетизм табиғаттары. Парамагнетизмнің клакссикалық теориясы. Парамагнетизмнің кванттық теориясы. Еркін электрондардың парамагнетизмі



бет1/5
Дата14.05.2023
өлшемі1,15 Mb.
#92949
түріЛекция
  1   2   3   4   5

10 лекция тақырыбы: Диамагнетизм, парамагнетизм табиғаттары. Парамагнетизмнің клакссикалық теориясы. Парамагнетизмнің кванттық теориясы. Еркін электрондардың парамагнетизмі.


Лекцияның оқыту нәтижелері: 1. пән бойынша алған білімдерін кәсіби саласында қолдана алады, ұйымдастыру, басқару икемі, қақтығыс (шиеленіс) жағдайларды шеше білу және келісімдер жүргізе алады;
2. қатты денелер физикасы пәні бойынша алған ақпараттарды саралау және жинақтау, заманауи өңдеу әдістерін меңгеріп, ғылыми-техникалық жобалар мен есептерді жасау принциптерін игереді;
3. жалпы және теориялық физиканың негізгі ұғымдарын, заңдарын және модельдерін меңгереді;
4. сыртқы факторлардың әсерінен заттың қасиеттерінің өзгеруін теория негізінде түсіндіріп, сыртқы факторлардың әсерінен заттың қасиеттерінің өзгеруін теория негізінде түсіндіріп кәсіби салада қолдана алады.


Лекция мазмұны: Диамагнетизм табиғаты
Сыртқы магнит өрістің әсерінен электронның орбита бойымен қозғалысының өзгеруі арқасында диамагниттік қасиеті пайда болады. Мұндай магниттік қасиетке барлық денелер ие, бірақ көп кейбір материалдарда пара- немесе ферромагниттік күшті қасиеттерге қабат жүрген диамагнетизм сезілмейді.
Таза диамагнетизмге атомдарының қорытынды магнит моменті нольге тең денелер ие.
Орбита радиусы -ге тең электронның қозғалуын қарастырайық (7.12.-сурет).

7.12.-сурет
Өріс жоқ кезде электронға әсер етуші центрге тарту күші мынаған тең: мұндағы -сызықты, -бұрыштық жылдамдығы. Орбита жазықтығына перпендикуляр Н магнит өрісі берілген кезде, электронға Лоренц күші әсер ете бастайды, яғни , мұндағы -өрістің индукциясы. Күш орбита радиусы бойымен бағытталған. Бұл күштің әсерінен электронның жылдамдығы өзгеріп болады; осыған сәйкес электронға әсер етуші центрге тарту күші мынаған тең болады: . -ге қысқартсақ, мынаны аламыз: немесе . және деп есептесек, мынаны аламыз:
немесе
(7.34)
мұндағы
(7.35)
Лармор бұрыштық жиілігі деп аталады. Сонымен магнит өрісі электронның орбита бойымен айналуының бұрыштық жиілігін өзгертеді екен. (7.35) формулаға қарағанда, жиіліктің өзгеруі орбита радиусына және электронның сызықты жылдамдығына тәуелді емес, яғни барлық электрондарға бірдей екен. -дің бағыты өріс бағытына сәйкес келеді.
Жалпы жағдайда, яғни Н орбита жазықтығына перпендикуляр болмағанда, Лармор көрсеткендей, өріс әсерінен электрон орбитасы өріс бағыты бойынша прецессия жасайды, яғни орбита жазықтығына түсірілген перпендикуляр Н бағытына конус жасап айналады (7.13.-сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет