Лекция тақырыбы: Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері



бет1/8
Дата14.10.2022
өлшемі46,67 Kb.
#43071
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8

Ф-ӘД-001/046

2 Лекция тақырыбы: Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Лекцияның оқыту нәтижелері:
1. Философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың
негізгі мазмұнын сипаттай алады;
2. Дүниеге көзқарасты табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық
зерделеу мен зерттеудің нәтижесі ретінде негіздей алады;
3. Мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның ерекшеліктері мен
мазмұнына түсініктеме жасай алады.
Лекция мазмұны:
Философия тарихын зерттеудің басты мәселесі – тарихта өткен философтардың ой-пікірлерін, тұжырымдары мен айқындамаларын белгілі бір білімдік жүйеге лайықтап, осы заманға бұрмаламай жеткізу.Философияның үш ірі ошағы: Қытай, Үндістан, Греция.
Ежелгі Үнді философиясы
Біздің жыл санауымыздан үш мыңдай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы төрт варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар), кшатрийлер (әскербасылар), вайшьилер (ауқатты шаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі қызметтері болды.
Мысалы, брахмандардың үлесіне – ой еңбегі, кшатрийларға – әскери қызмет, вайшьилерге – ауылшаруашылық, қолөнер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға – қара жұмыс қана тиді. Ежелгі үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да, қалыптасты.
Үнді философиясының мақсаттары – адамгершілікке, руханилыққа баса назар аудару, адамның «өзін басқа барлық нәрседен және басқа барлық нәрселерді өзінен» көру, «иога» жаттықтыру, денені машықтандыру.
Ежелгі Қытай философиясы
Ежелгі Қытайдың қола дәуірінен темір дәуіріне өтуіне байланысты ауыл шаруашылығы мен қала тұрғындарының еңбектерінің бөлінуіне, әр түрлі сатыдағы әлеуметтік топтардың пайда болуына әкеліп соқтырды.
Ежелгі Қытай мемлекеті – шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы – әрі патша, әрі абыз және жалғыз ғана жер иесі болды.
Б.д.д. үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізі алты философиялық бағытқа – мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және Атаулар мектебі.
Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы, осы ағымның негізін қалаушы Кун-фу-цзы, оның ізбасарлары Мэн-цзы және Сюнь-цзының есімдерімен байланысты.
Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш – аспан. Ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы ол – әділеттілік. Олай болса, аспан (көк) осы теңсіздікті қорғайды. Ең басты мәселелер – адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие.
Мэн-цзы – Кун-фу-цзының ілімін әрі қарай жалғастыра отырып, аспан-объективтік қажеттілік, тағдыр ретінде жақсылықты қорғайды дей отырып, аспанның еркі – адамдардың жігер-еркі арқылы көрінеді деген пікір айтады.
Конфуцийлық б.д.д. І ғ. Мемлекттік ілімге, ал ІХ ғасырдан бастап Қытайдағы негізгі діни көзқарасқа айналды. Легистер (заңгерлер) – негізгі өкілдері: Шан Ян, Хань-Фэй-цзы. Олардың пікірінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады. Елде тәртіпсіздік болмас үшін: 1. Мақтаудан жазалау көп болу керек; 2.Аямай жазалау арқылы халық арасында үрейді тудыру қажет; 3. Ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмыс жасамайтын болады; 4. Адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек.
Конфуцийшылардың мемлекет – үлкен отбасы, оның басшысы – халықтың әкесі деген ілімнің орнына легистер: мемлекет – өз алдына бір машина сияқты құбылыс, билеуші – өзін ата-баба аруағынан да, халықтан да, аспаннан да жоғары қоятын деспот. Мемлекеттің негізгі мақсаттары: ұсақ патшалықтарды біріктіріп, Аспан аясындағы (Қытай) мемлекет құру, осы мемлекетке басқа халықтарды бағындыру.
Конфуцийшылдар мен легистер арасындағы күрес көп жылдарға созылды.
Даосизм (б.д.д. VІ-V ғғ.). Бұл ілімнің негізін қалаушы Лао-цзы деп есептеледі. Оның негізгі еңбегі – «Дао және дэ туралы кітап» («Дао дэ цзин»).
Даосизм ілімі «дао» ұғымына негізделген. Егер басқа қытайлық философиялық ағымдарда «дао» «жол» деген мағына берсе, және ол Қытайдың дамуымен әдептілікті жетілдірудегі негізгі ұғым болса, даосизмде «дао» – жалпы дүниетанымдық ұғым. «Дао» – алғашқы бастама. Алғашқы түпнегіз және Қытайдағы, Жердегі және Әлемдегі барлық құбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы. (Дао – барлық заттардың анасы).
Әлемдегі денелерде аспан (ян-еркек) мен жер (инь-әйел) бастамалары заттардың өмір сүру заңы (цу) арқасында гармониялық бірлікте болады. «Дао» – болмыс заттарды дүниеге келтірсе, «дэ» оларды қоректендіреді. Бұл екеуінсіз (дао және дэ) еш нәрсе өмір сүруі мүмкін емес. Кейін келе даосизм дінге айналып, өзінің алғашқы кездегі көптеген идеяларынан айырылып қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет