Ежелгі мифологиялық теонимдердің этимологиялық сипаты etymological character of ancient mythological theonyms



бет1/4
Дата29.09.2022
өлшемі30,83 Kb.
#40735
  1   2   3   4
Байланысты:
Karibay Karlygash


ЕЖЕЛГІ МИФОЛОГИЯЛЫҚ ТЕОНИМДЕРДІҢ ЭТИМОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ
ETYMOLOGICAL CHARACTER OF ANCIENT MYTHOLOGICAL THEONYMS

Л,Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ


ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
1-КУРС ДОКТОРАНТЫ
КӘРІБАЙ ҚАРЛЫҒАШ
*karibay_karlygash@mail.ru


Аннотация. Әрбір ұлттық тілдің лексикасы тарихи қалыптасқан этнотілдік ұжым мүшелерінің көп ғасырлық қарым-қатынас жасау тәжірибесін, дүниетанымын айқындайтын ерекше жүйе болып табылады. Бірақ мәдениеттердің тілге ықпал ету формалары мен сипаты әртүрлі болады. Сол себепті бірқатар тілдерде бірдей мағына беріп, бірнеше тілдерде ортақ болуы мүмкін, алайда әрқайсысында түрлі мағынада көрініс табады. Ежелгі мифологиялық теонимдердің лингвомәдени табиғатын зерттеу, ұлттық-мәдени және мәдени-тілдік компоненттерін, этимологиялық сипатын анықтау қазақ лингвистикасында әлі де зерттеуді қажет ететін өзекті тақырыптардың бірі болып саналады.
Теонимдер дегеніміз – Құдайлардың, жаратушы күштердің дінмен қатысты жаратушылардың есімдері. Теонимдер әлемнің мифологиялық және діни көрінісінде өте маңызды рөл атқарады. Зерттеушілердің пікірінше, олар адамзат тарихында тіл пайда болғаннан бастап қолданыста. Құдайлардың ең көне есімдері күн мен аспан мифологиясымен, әсіресе күн мен аспанға табынумен байланысты. Соның ішінде ежелгі мифологиялық теонимдерге Алла, Тәңірі, Құдай, Мұхаммед пайғамбар сынды сөздерді алып қарастыра аламыз. Бұл сөздер қазақ тілімен қатар түркі халықтарының барлығында дерлік кездеседі.
Түрлі тілдер мен ол тілде сөйлеушілер арасында генетикалық, та, мәдени де байланыстар болатыны мәлім. Алайда әр тілдегі мифологиялық теонимдердің мағынасы мен этимологиясы немесе грамматикалық жағынан түрліше сипат көрініс беретінін атап өткен жөн.
Кілт сөздер: теонимдер, теонимика, мифологиялық теонимдер, мифоантропоним, этимология.


Abstract. The vocabulary of each national language is a unique system that determines the centuries-old experience of communication and worldview of members of the historically formed ethno-linguistic collective. But the forms and nature of cultural influence on language will be different. For this reason, a number of languages have the same meaning and may have a common meaning in several languages, but each has a different meaning. The study of the linguistic and cultural nature of ancient mythological theonyms, the identification of national-cultural and cultural-linguistic components, and the etymological character is one of the most relevant topics in Kazakh linguistics that still needs to be studied.
Theonyms are the names of Gods, creator forces, and creators associated with religion. Theonyms play a very important role in the mythological and religious picture of the world. According to the researchers, they have been in use throughout the history of mankind since the appearance of the language. The oldest names of the gods are associated with the mythology of the sun and sky, especially the worship of the sun and sky. In particular, we can consider such ancient mythological theonyms as Allah, Tengri, God, and the Prophet Muhammad. These words are found in almost all Turkic peoples, along with the Kazakh language.
As we know, there are both genetic and cultural links between different languages and those who speak them. However, it should be noted that mythological theonyms in each language have different meanings and etymology or grammatically different characteristics.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет