Лекция Тақырыбы: Химия курсын оқыту технологиялары Лекция жоспары: Технологияландыру химиялық білім беру дамуының жетекші үрдісі іспеттес


Инновацияны енгізудің алғышарттары мен кезеңдері



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата06.01.2022
өлшемі0,58 Mb.
#14492
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
       Инновацияны енгізудің алғышарттары мен кезеңдері  


          Оқу-тәрбие  үдерісінде  инновациялық  педагогикалық  жаңалықтарды  енгізудің  ІV 

кезеңін бөліп көрсетуге болады:       

           I  кезең:  Жаңа  идеяны  іздеу.  Ақпараттандыру  және  инновацияларды  ұйымдастыру, 

жаңалықтарды іздестіру.        

          ІІ  кезең:  Жаңалықтарды  ұйымдастыру.  Оқу-тәрбие  үдерісінде  жаңалық  енгізулерді 

алғашқы байқаудан өткізу.  

          ІІІ  кезең:  Жаңалықтарды  енгізу.  Оқу-тәрбие  үдерісінде  инновациялық  әдіс-

тәсілдерді пайдалану.  

          IV  кезең:  Жаңалықтарды  бекіту.  Оқу-тәрбие  үдерісінде  енгізілген  жаңалықтардың 

нәтижесін бағалау. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатына қазіргі кезде 

Қазақстанда  білімнің  жаңа  жүйесі  құрылуда.  Бұл  үдеріс  педагогика  теориясы  мен  оқу-

тәрбие үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы 

білім  беру  қызметіне  жаңаша  қарауды,  қол  жеткен  табыстарды  сын  көзбен  бағалай 

отырып  саралауды,  жастардың  шығармашылық  қабілетін  дамытуды,  мұғалім  іс-әрекетін 

жаңаша  тұрғыда  ұйымдастыруды  талап  етеді.  Жаңа  педагогикалық  технологиялар 

оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  арттыруға  көмектеседі.  Қазіргі  заманғы 

педагогикалық технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет: 

           - оқу үдерісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;  - оқушылардың сабақтастығын 

болдырмау  шараларын  кешенді  түрде  қарастыру.  Оның  ғылыми-әдістемелік,  оқыту-

әдістемелік,  ұйымдастырушылық  себептеріне  үнемі  талдау  жасап,  назарда  ұстау,  жаңа 

буын  оқулықтарының  мазмұнын  зерттеп-білу  пәндік  білім  стандартымен  жете  танысу, 

білімді  деңгейлеп  беру  технологиясын  меңгеру  арқылы  оқушыларға  білімді  мемлекеттік 

стандарт  деңгейінде  игертуге  қол  жеткізу,  оқыту  үдерісін  ізгілендіру  мен 

демократияландыруды  үнемі  басшылыққа  алу  қажет.  Оқытудың  инновациялық 

технология  бойынша  әдістемелік  жүйесі  сапалы  нәтижеге  жеткізуге  мүмкіндік  беретін 

танымдық  іс-әрекеттер  түрлерінің  мазмұнымен  тікелей  байланысты.  Сондықтан 

инновациялық  әдіс-тәсілдерді  оқыту  үдерісіне  енгізу  барысында  танымдық  іс-әрекеттер 

түрлерінің  мазмұнын,  белгілі  деңгейде  белсенділігін  көздейді.  Осы  екі  үдерісінің  өзара 

сапалы  нәтижесінде  оқушының  өз  ісіне  сенімділігін,  жауапкершілік  сезімін, 

шығармашылық  қабілеттерін  қалыптастыру  мақсатын  жүзеге  асыруға  жағдай  туғызатын 

оқытудың  инновациялық  негізгі  түрлері  анықталады.  Инновациялық  үдерістің  негізі  – 

жаңалықтарды  қалыптастырып  жүзеге  асырудың  тұтастық  қызметі.  Инновация  білім 

деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық 

технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:  

           -  оқушылардың  білім,  білік  сапасын  арттырудағы  жаңа  инновациялық  технология 

түрлері  сан  алуан,  оларды  таңдау  және  одан  шығатын  нәтиже  оқытушының  кәсіби 

біліктілігіне тікелей байланысты;  

            -  жаңа  инновациялық  технологияларды  енгізу  жүйелі  әрі  мақсатты  түрде 

жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады; 

            - жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының 

материалдық-техникалық  базасының  бүгінгі  талапқа  сай  еместігі,  әрі  жетіспеуі,  кадрлық 

әлеуеттің  төмендігі  көп  кедергі  жасайды.  Қазіргі  жас  ұрпақтың  саналы  да  сапалы  білім 

алуының бірден-бір шарты – оқу орындарындағы білім беру үдерісіне жаңа инновациялық 

технологияларды  енгізу  екендігі    сөзсіз  түсінікті.  Сондықтан  ғылыми-техникалық 

прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, 

нәтижені  пайдалана  білу  –  әрбір  ұстаздың  негізгі  міндеті  болып  табылады.  Біздің 




ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру – 

міндет.  Қорыта  келгенде,  жаңа  инновациялық  педагогикалық  технологияның  негізгі, 

басты міндеттері мынадай:  

        -  әрбір  білім  алушының  білім  алу,  даму,  басқа  да  іс-әрекеттерін  мақсатты  түрде 

ұйымдастыра  білу;  -  білім  мен  білігіне  сай  келетін  бағдар  таңдап  алатындай  дәрежеде 

тәрбиелеу;  

        - өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;  

           - аналитикалық ойлау қабілетін дамыту. 

        Педагогикалық технологияны қалыптастыруға үлес қосқан ғалымдар. 

        Педагогикалық  технология –  дара  тұлғаны  қалыптастыруға  педагогикалық 

ықпалдарды  ұйымдастыру  қажеттілігінен  туындаған  өзара  байланысты  процесстер. 

Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  білім  берудің  өзіндік  жоспары,  ұлттық  үлгісі  қалыптасуда. 

Осыған  орай,  оқушының  тұлғалық  дамуына  бағытталған  жаңа  оқыту  технологиялары 

пайда  болуда.  Бүгінде  елімізде  білім  беру  ошақтарында  50-ден  астам  педагогикалық 

технологияларды теориялық және ғылыми қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы 

етіп,  оларды  оқыту  үрдісін  жетілдіру  бағытында  қолдану  мәселелерімен  Отандық 

ғалымдар:  Д.М.Жүсіпбалиева,  Б.Ә.Әбдікәрімұлы,  М.С.Мәлібекова,  Г.Қ.Нұрғалиева, 

Қ.Қабдықайырұлы,  Ж.А.Қараев,  Ш.Т.Таубаева  т.б.  өз  зерттеулерінде  қарастырған, 

педагогикалық  технологияларды  пайдалану  мүмкіндіктерін  нақтылау  қажеттілігін 

айқындай  түсуде.  ТМД  елдерінің  оқыту  жүйесінде  кең  өріс  алып  жатқаны  белгілі. 

Жобалай  оқыту  технологиясының  теориялық  алғаш  негіздеген  ғалымдар:  Д.Дьюри  мен 

В.Килпатрик  болатын.  1)  Ресей  ғалымдарынан  В.П.Беспалько,  В.В.Давыдов, 

В.К.Дьяченко,  Л.В.Занков,  П.Я.Гальперин,  Н.В.  Кузьмина  т.б.  ғалымдардың  теориялық 

зерттеулерінің  нәтижесінде;  2)  Е.Н.Ильина,  С.Н.Лысенкова,  В.Ф.Шаталов  т.с.с. 

әдіскерлердің  практикалық  тәжірибелерінің  негізінде  енгізілгені  анықталуда.  Білім  беру 

жүйесінің  әр  буынында  қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  ретінде  меңгерту  үрдісінде  оқыту 

технологияларын  қарастырған,  оларды  таңдап  қолдаудың  ғылыми-әдістемелік 

мәселелерін  арнайы  зерттеген  жұмыстар  қатарында  Ф.Ш.Оразбаеваның  комуникативтік 

технологиясы, 

К.Жақсылықова 

мен 

М.Жампейісованың 



модульдік 

оқыту 


технологияларын,  Қ.Қадашованың  жаңғырта  оқыту  технологиясын,  З.Бейсенбаеваның 

студенттермен  өздік  жұмыстар  жүргізу  технологиясын,  Н.Құрманованың  дамыта  оқыту 

технологиясы,  Н.Оразахынованың  сатылай  кешенді  талдау  технологиясын  т.б.  өз 

зерттеулерінде  қарастырған.  Бұл  аталмыштарды  ескере  отырып,  әлі  де  педагогикалық 

технологияларды  пайдалану  мүмкіндіктерін  нақтылау  қажеттігін  айқындай  түсуде. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет