Лекция. Тақырыбы: Қоғам және мәдениет Лекция жоспары: Қоғам философиялық ұғым ретінде «Қоғамдық сана» ұғымы. Қоғамдық сананың түрлері



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата06.01.2022
өлшемі155,14 Kb.
#16082
түріЛекция
  1   2   3   4   5


12-Лекция. Тақырыбы: Қоғам және мәдениет 

Лекция жоспары:  

1.  Қоғам философиялық ұғым ретінде 

2.  «Қоғамдық сана» ұғымы. Қоғамдық сананың түрлері 

3.  Мәдениет-қоғам болмысының формасы 

4.  Материалдық және рухани мәдениет 

Дәріс мақсаты: Қоғам және мәдениет ұғымдарының мәнін ашып көрсету 

Лекция мәтіні: 

 

1.  Қоғам  деп  адамдардың  арасында  қалыптасатын  сан-алуан  байланыстар  мен  қарым  - 

қатынастардың  жиынтығын  айтамыз.  Бұл  арада  мына  нәрсеге  көңіл  аудару  қажет  –  ол 

байланыстар мен  қарым-қатынастар  сол қоғамның өзіндік өмір сүруіне жеткілікті  болуы 

керек.  Алайда,  “өз-өзіне  жеткілікті”  деген  ұғымның  өзін  нақтылай  түсу  қажет.  Өйткен 

себебі,  бүгінгі  таңда  бірде-бір  мемлекет,  қанша  алып  болса  да,  барлық  қазіргі  өмірге 

керекті  заттарды  шығара  алмайды.  Сондықтан,  басқа  елдермен  экономикалық,  саяси-

құқтық,  мәдени-рухани  байланыстарға  түседі.  Олай  болса,  “өз-өзіне  жеткілікті”  деген 

ұғымды қалай түсінуге болады? Белгілі қоғам өзінің мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан 

руханияты, дүниесезімі, өмір салтын сақтай отырып, негізгі өмірге қажетті нәрселерді өзі 

өндіруі қажет. Мысалы, бүгінгі өтпелі қоғамда жер көлемі бойынша 10-шы орында болсақ 

та,  ет,  көгөністерді  басқа  елдерден  алатын  болсақ,  онда  біз  өз-өзімізге  жеткіліксіз 

боламыз.  Әрине,  Қазақстан  -  Бразилия  емес,  сондықтан,  тропикалық  аймақтарда  өсетін 

апельсин,  мандарин,  банан  сияқты  жемістерді,  кофе,  шай  сияқты  тағамдарды    шет 

елдерден алмаса болмайды. Сондай-ақ жеңіл мәшине, неше-түрлі компьютерлер, радио – 

теле аппаратураларды да алуға болады. Сонымен қатар, жер бетіндегі үлкен егін өсіретін 

ел болғандықтан, ауыл-шаруашылығына керек механизмдерді өзіміз шығармай көсегеміз 

көгермейді. Күнбе-күн өмірге керек заттардың көбін де өзіміз дүниежүзілік талаптарға сай 

етіп  шығара  білуіміз  қажет.  Сонда  ғана  біз  өз-өзімізге  жеткілікті  қоғам  боламыз.  Бұл 

мәселелер  қазіргі  саясаттану  ғылымында  “ұлттық  қауіпсіздік”  категориясы  арқылы 

талданады.  Оқырманның  байқағанындай,  бүгінгі  таңда  біз  көп  өмірге  керек  тауарларды  

шығара алмай, сырттан әкелуге мәжбүр болып отырмыз.  

Екінші үлкен сұрақ - қоғам өміріндегі сан-алуан  байланыстар мен қарым-қатынастардың 

ішіндегі негізгі - оның іргетасын құрайтындар қандай болмақ? 

Сонау  көне  заманнан  бері  созылып  келе  жатқан  үрдіс  -  қоғамдағы  рухани,  саналы 

байланыстарды  негізгі  деп  есептеу.  Өйткені,  бір  қарағандағы  қоғамның  жануар 

тобырынан  айырмашылығы  –  ондағы  рухтың  пайда  болып  сол  қоғамға  тигізетін  зор 

әсерінде  болса  керек.  Қоғам  өмірінде  өмір  сүріп  жатқан  нақтылы  тірі  адам  басқалармен 

саналы қарым-қатынасқа түседі. Ол өз алдына неше-түрлі мақсат-мұраттар қойып, оларды 

іске  асыруға  тырысады.    Яғни,  идея  әрқашанда  алда,  соңынан  ол  іске  айналады.  Олай 

болса,  қоғам  өмірін  анықтайтын  -  билік  басындағы  ұлы  тұлғалардың  саналы  іс-әрекеті. 

Мұндай  көзқарасты  сонау  Көне  заманнан  бастап  Жаңа  дәуірде  өмір  сүрген 

ағартушылардың еңбектерінен байқауға болады. “Халық - шөп, ел билеуші – жел. Жел қай 

жаққа үрлесе, шөп сол жаққа майысады”,- дейді көне Қытай философиясы.Орта ғасырдың 

ұлы  ойшылы  Аль-Фарабиге  келер  болсақ,  ол  қоғамның  ақуалын  Халифтің  адалдығы, 

әділеттілігі,  көрегендігімен  байланыстырады.  Сол  замандағы  Еуропа  ойшылдары 

А.Августин,  Ф.Аквинский  қоғамның  дамуын  алдын-ала  болжанған  Құдайдың  әмірімен 

ұштастырады. 

 Жаңа  дәуірде  өмір  сүрген  француз  ағартушысы  Ш.Л.  де  Монтескье  қоғамның  өрлеуін 

“ағарған  монархтың”      іс-әрекетімен  байланыстыра  отырып,  қоғам  өміріндегі  заңдарды 

жетілдіруді  бірде-бір  шешуші  фактор  ретінде  қарайды  (мұны  “құқтық  көзқарас”  деп 

әдебиетте  атап  кеткен  болатын).  Бүгінгі  таңда  да  мұндай  көзқарастар  кеңінен  таралған. 

Әрине, қоғам өміріндегі заңдар сапасының биік болғаны оның дамуын тездететіні сөзсіз. 

Сонымен қатар, заңның өзі – адамдардың (кәсіби заңгерлердің) рухани туындысы емес пе?  

ХХ  ғ.  ұлы  ойшылы  К.Ясперс  те  тарихтағы  рухани  төңкерістерді  қоғамның  дамуының 

негізіне  жатқызады.  Оның  ойынша,  “адами  ақуал  -  әрқашанда  рухани  ақуал”.  Мұндай 

көзқарастарды қорыта келе, қоғамды талдаудағы идеалистік жол десек те болғаны.  




Сонымен қатар, ХІУ ғ. өмір сүрген араб ойшылы Ибн-Халдун қоғамды талдауға жаңа үлгі 

еңгізеді.  Оның  ойынша,  әр-түрлі  қоғамдардың  бір-бірінен  айырмашылықтары  негізінен 

алғанда    материалдық  игіліктерді  қалай  өндіру,  бөлу,  тұтынуымен  байланысты,-  деген 

қорытындыға келеді.  





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет